«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» КММ
2016ж. 22 қараша
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына жалпы конкурс жариялайды:
1. Әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы (заңгер және мемлекеттік сатып алулар). Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - DО-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Басқарма қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Олардың құқықтық жағдайы бойынша басқарма қызметшілеріне консультация жүргізу. Басқарманың мүдделері қозғалған құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқа органдарда белгіленген тәртіпте басқарманың мүддесін қорғау. Басқармада құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру. Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарға консультация беру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне басқарманың жауаптарына құқықтық талдау жүргізу. Басқармаға түсетін нормативтік құқықтық актілерді жүйелі есепке алуды ұйымдастыру (әкімдіктің қаулылары, облыс әкімінің өкімдері және шешімдері және басқа). Облыстық бюджет қаражаты арқылы алдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын бекітуге, сонымен қатар оған қажетті өзгерістер мен қосымшаларды дайындау және беру. Мемлекеттік сатып алуларға қатысты бұйрықтарды дайындау және құрастыру. Облыстық бюджет қаражаты арқылысатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтерінің көлеміне және номенклатурасына талдау жасау. Жастар ҮЕҰ арасында әлеуметтік маңызды жобалар байқауын ұйымдастыру. Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін басқарманың тендерлік құжаттарын әзірле. Шарттар құру және жасау, конкурстық комиссия хаттамаларын ресімдеу, басқарманың Интернет ресурсында мемлекеттік сатып алулар саласында заңнамамен қарасытырлған ақпаратты орналастыру. Мемлекеттік сатып алулар бойынша басқарманың ақпаратын әзірлеу және есеп беру. Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттар мен есептер әзірлеу.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа өкілдіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «құқық» бейіні бойынша.
2. Персоналды басқару бойынша бас маманы. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - DО-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Мемлекеттік орган персоналын басқарудың стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру. Мемлекеттік органға кадрлардың, соның ішінде мамандықтары және біліктілігі бойынша, қажеттілігін талдау және жоспарлау. Мемлекеттік органның кадрлық құрамын қалыптастыру және конкурстық таңдауды ұйымдастыру. Мемлекеттік органның кадрлық мониторингін жүргізу және соның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс жүргізу. Мемлекеттік органға кәсіби бейімделу және тәлімгерлік етуді ұйымдастыру. Басқарма қызмет құқықтық қамтамасыз ету. Басқарманың мемлекетік қызметшілеріне олардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша кеңес беру. Басқарманың мүдделерін қозғайтын құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқа органдарда белгіленген тәртіпте басқарманың мүдделерін ұсыну. Басқармадағы құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру. Басқарма құзіретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарға кеңес беру, басқарманың жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтінішіне берген жауаптарын құқықтық талдау. Басқармаға келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді (әкімдіктің қаулылары, өкімдері және облыс әкімінің шешімдері және т.б.) жүйелі түрде есепке алу және сақтауды ұйымдастыру. Басқарманың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар жүргізуін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына және басқа органдарға жеке және заңды тұлғалардың арыздары бойынша ақпарат дайындау және есеп беру. Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, соның ішінде қайта даярлау, біліктілігін артыру, тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету. Кадр мәселелері бойынша конкурстық, аттестациялық, тәртіптік және басқа да комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметке түсу, өту және тоқтату үдерістерін сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастырады, оларды аттестациялау үдерістерін сақтауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен шарттарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстар жасау. Кадр жұмысын жүргізу: қызметкерлердің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жасау және жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, аудару және жұмыстан босату; іс сапар куәліктерін ресімдеу; жеке құрам, негізгі қызмет, іс сапар және демалыс бойынша бұйрықтар жасау; мемлекеттік қызметке түскен кезде материалдарды арнайы тексеріске жіберу. Басқарма қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің нормаларын сақтауын және «сенім телефоны» бойынша хабарламаларды бақылау кітабын жүргізу. Басқарманың қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу. Жұмыс уақытының есеп табелін жүргізу.
Мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталатын, персоналды басқару бойынша басқа да міндеттер мен функцияларды іске асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша.
3. Жастардың ҮЕҰ жұмыс бөлімінің бас маманы (әлеуметтік тапсырыстар) негізгі қызметшінің бала күтуіне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы уақытында. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - DО-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай
83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Жастар саясатының өңірлік бағдарламасын жасау және жүзеге асыруға қатысу. Жастардың үкіметтік емес ұйымдарының жастар саясатын бсқарудың барлық кезеңдеріне қатысуын қамтамасыз ету және жастар ұйымдарының кәсібилілігін арттыру. Жастар ұйымдары үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, альтернативті қаржыландыру көздерін кеңейту. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың лоттарын жасау. Әлеуметтік жобалардың шығармашылық есептеріне қойылатын талаптарды әзірлеу. Әлеуметтік жобалардың техникалық ерекшеліктерін әзірлеу. Жастардың ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асырудың сапасын мониторингілеу, ағымдағы іс ахуалын жоспармен салыстыру үшін қызметтің орындалу барысын үнемі қадағалау, іс-шараларға мониторингті қатысу, Жастардың ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыру бойынша есеп беруді бақылауды жүзеге асыру. Облыстың жастар бірлестіктерінің қызметін талдау. Жастардың ҮЕҰ арасында әлеуметтік маңызды жоспарлардың конкурстарын ұйымдастыру. Жастардың ҮЕҰ-на әділет органдарында тіркелу мәселелері бойынша ккеңестік көмек көрсету. Облыстың жастардың үкіметтік емес ұйымдарының ақпараттық деректер қорын қалыптастыру. Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру кеңесінің отырысына материалдар ұсыну. Жастардың облыстың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріне қатысы мәселелері бойынша ақпараттық деректер қорын қалыптастыру. Жастар үшін «әлеуметтік лифт» жүйесін жасау. Жастар арасында діни экстремизм, құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық сияқты қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру. Жастардың мәдени-бұқаралық іс-шараларын, «дөңгелек үстелдер», конференцияларын және акцияларын өткізуге қатысу. Республикалық жастар ұйымдарымен өзара әрекеттестік. Жастар ұйымдарымен өзара әрекеттестік, олардың қызметін мониторингілеу және үйлестіру. «Дипломмен - ауылға», «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі» бағдарламаларын насихаттау. Облыстың жастар саясатын іске асыруды жалпы мониторингілеу.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «құқық» бейіндері бойынша.
4. Жастардың ҮЕҰ жұмыс бөлімінің бас маманы (аналитик). Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - DО-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Жастар саясаты саласындағы зерттеу, талдау және ұйымдастыру-әдістемелік қызметтерді ұйымдастыру және үйлестіру. Облыстағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды мониторингілеу және талдау. Жастар саясаты бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асырылуын мониторингілеу. Жастар ортасында қалыптасқан мүмкін әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болжау. Жастар ортасындағы жағдайларды мониторингілеу. Өңірдегі жастар райын жедел диагностикалау. Жастардың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама ұйымдастыру және өткізу. Бөлімнің айға, тоқсанға, жылға жұмыс және іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Облыстағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы тоқсандық, жылдық есептер дайындау. Бөлім бойынша жиынтық-талдау құжаттарын дайындау. Жастар бірлестіктерінің қызметі туралы есеп беру баяндамаларын жасау. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы ақпараттық-талдау нұсқаулықтарға материалдар әзірлеу. Бөлім қызметінің тиімділігін бағалауды мониторингілеу. Бөлім қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін орындауды ұйымдастыру. Өңірлік деңгейде республикалық мемлекеттік жастар бағдарламаларын жүзеге асыруды мониторингілеуді жүзеге асыру. Мемлекеттік жастар саясаты саласында материалдар, ақпараттық-әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу және шығару. Басқарма сайтын облыс жастарына қатысты бөлімдермен толтыру бойынша жұмыстар жасау. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бас міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтайтын концепциялар мен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу. Жастар саясаты саласында мемлекеттік биліктің жергілікті органдарымен келісілген өзара әрекеттестікті және бірыңғай стратегияны қалыптастыруға қатысу. Жастарға арналған бар бағдарламалардың тиімділігін жүйелі түрде талдауды жүргізуге қатысу. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарын қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік жастар саясаты аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарын қалыптастыруды бақылауды қамтамасыз ету. Облыстың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өмірінде жастардың алатын орны мәселелері бойынша ақпараттық деректер қорын қалыптастыру. Жастардың әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуін анықтайтын критерийлерді, индикаторларды және стандарттарды әзірлеу. Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды халыққа жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету, БАҚ және интернет-ресурстағы ақпараттарды мониторингілеуді жүргізу. Жастар арасында діни экстремизм, құқықбұзушылық және сыбайлас жемқорлық сияқты қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру. Облыс әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру кеңесінің отырысына материалдар дайындау. Облыстағы жастар саясатын жүзеге асырудың жалпы мониторингін жасау.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «гуманитарлық ғылымдар», немесе «білім беру», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «құқық» бейіндері бойынша.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі «құқық», немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (аударма iсі (түрлері бойынша), немесе «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (техник-құрылысшы) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Қажетті құжат тізбесі:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламалары:
B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын(15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) білуге арналған тестілер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:
екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2,
C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;
Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күніннен кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде 150011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мекенжайы бойынша немесе akimat@sko.kz электрондық поштасы бойынша, немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы ұсынылуы тиіс.
Анықтама телефоны: 46-50-79.
Достарыңызбен бөлісу: |