Қабылдау бөлімінде пациентті жартылай өңдеуден өткізу, құралдарды өңдеу
Пациентті педикулезге тексеру.
Мақсаты: аурухана ішіндегі жұқпалы ауруды алдын алу.
Құрал-жабдықтар: қолғап,тарақ,лупа,дезерітінді
Іс-әрекетті жүргізу барысы:
1.Пациентті кушеткаға отырғызып,қолғап киіңіз.
2.Егерде шашы ұзын болса босатыңыз.
3.Тарақтың көмегімен,лупамен пациенттің басын қарап шығыңыз,әсіресе
желке,төбе шашын,құлақтың артына көңіл бөліңіз.
4.Пациенттің шешінуін сұраңыз,іш-киімдерін көріңіз.
5.Басқа да түкті жерлерін мұқият тексеріңіз (қолтық астын,кіндіктен төмен
жағын)
6.Жұқпалы ауру туралы төтенше хабарлама қағазын толтырыңыз, СЭС-ке
жіберіңіз(Ф . 058- у).
7.Тарақты дезинфекциялық ертіндіге 1 сағатқа батырып қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |