Сәулемен стерильдеу – гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар көмегімен жүргізіледі. Гамма сәуле көзі – арнайы гамма қондырғылардан алынатын радиоактивті изотоптар болып табылады. Электронды сәулеленуді алу үшін электронды жылдамдатқышты қолданады.
Артерия қысымын өлшеу және нәтижесін бағалау.
Қан қысымын өлшеу
Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бағалау.
Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады.
Дайындаңыз: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріңіз, науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.
Тонометрдің манжетасын науқастың шынтақтын иілген жерінен 2-3 см жүрек дең-де , оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады. Шынтақ шұңқыры аймағында шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз. Фонендоскопты осы жерге қондырыңыз. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз.
Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бірінші дыбыс пайда болған систолалық, дыбыс жойылған диастолалық.
Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз
Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарар-ыз.
Ескерту: артериялды қысымды 2 қолдан өлшейді.
Қалыптағы АҚ 120/80 мм.с.б 130/85мм.с.б
Артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм.с.б
Арте-ды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен Ақ 90/60мм.с.б
ЕСҰ бөлмелерінде жүргізілетін жиыстыру түрлері. Қортынды жиыстырудың жүргізу ерекшелігі.
Емдеу сауықтыру мекемелерінде мейірбикенің бір міндеті болып санитарлық эпидемияға қарсы режимді сақтауды қадағалау саналды. Барлық ем өткізілетін бөлмелер, құралдар, медициналық және басқа да инвентарьлар таза болуы керек. Бөлмеде ылғалды жиыстыруды (еденді жуу, жиһаздарды, терезені, есікті сүрту) тәулігіне екі рет жуу немесе дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізеді.
Жиыстыру жүргізуге қолданылатын құралдар міндетті түрде таңбаланған болуы керек және оларды бөлек сақтап, тағайындауына байланысты қолдану керек. Палаталар және басқа да бөлмелер мен кабинеттерде ошақты жиыстыру арнайы кестемен кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Егу және таңба бөлмелерінде ошақты жиыстыру жұмасына бір рет өткізіледі. Ерекше режиммен жұмыс істейтін бөлмелерде (операция жасайтын бөлме, таңба және егу бөлмелерінде) кесте бойынша кварц немесе бактериоцидты лампалар қосылуы керек .
Достарыңызбен бөлісу: |