Тыныс алу жиілігін санау және нәтижесін бағалау. Мақсаты


Зимницкий әдісі бойынша несепті жинау, лабораторияға жолдама толтыру



жүктеу 1,66 Mb.
бет81/110
Дата03.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#35370
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   110
билет сұрақтары электив

Зимницкий әдісі бойынша несепті жинау, лабораторияға жолдама толтыру.


ЗИМНИЦКИЙ БОЙЫНША БАЙҚАУҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза, құрғақ шыны банкілерді жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты,порцияның №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; - бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбеюін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

3. Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 порция - сағат 6-дан 9-ға дейін

№2 порция - сағат 9-дан 12-ге дейін

№3 порция - сағат 12-ден 15-ке дейін

№4 порция - сағат 15-тен 18-ге дейін

№5 порция - сағат 18-ден 21-ге дейін

№6 порция - сағат 21 -ден 24-ке дейін

№7 порция - сағат 0-ден 3-ке дейін

№8 порция - сағат 3-тен 6-ға дейін

4.24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

5.Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.



Ескерту:

- дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі.

Зимницкий байқауы - бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде анықтауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды. Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

- Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

Барлық 1 тәулікте ішкен сұйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.



  1. жүктеу 1,66 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау