Ауруханаға пациенттерді қабылдау,құжаттарын толтыру.
Науқастарды қабылдау және тіркеу.
Науқастарды дәрігер қарағаннан кейін және ауруханаға жатқызу туралы мәселені шешкеннен кейін барлық медициналық құжаттамалар қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі рәсімдейді.
Мейірбике науқастарды қабылдау туралы тіркеу құжатына жазады.Бұл құжатқа мейірбике науқастың аты-жөнін,туған жылын,тұратын мекен жайын,жіберген дәрігерді,диагнозын,науқасты қай бөлімшеге жататынын толтырады.Тіркеу құжаты толтырылып болған соң ауру тарихын толтырады.
Ауру тарихында аты-жөні,туған жылы,қан тобы,қай бөлімге жатқызылады, мекен жайы,жұмыс орны,жіберілген дәрігер,диагнозы,немен жеткізілгені (жедел жәрдем,жолдама т.б)
Егер науқас қабылдау бөлімшесіне көшеден ессіз жағдайда және құжатсыз жеткізілсе,мейірбике медициналық көмегін көрсеткеннен кейін оқиға орны бойынша милиция бөлімшесіне түскен науқастың барлық мәліметтерін (бойын,киімін,дене бітімін) көрсетіп хабарлауға міндетті.Жеке басы анықталғанға дейін барлық құжаттарда науқас белгісіз болып саналады.
Реанимация бөлімшесіне науқас түскенде (қабылдау бөлімшесін өтіп) барлық қажетті құжаттамаларын постық мейірбикесімен қабылдау бөлімшесінде науқастың кейінгі тіркеумен орындалады.
«Сырқаттардың құжаттарын толтыру»
Құрал- жабдықтар: сырқаттарды тіркеу және ауруханаға жатудан бас тарту журналы
(ф № 001/у),ауру тарихы (ф № 003/у), термометр, шпатель, антропометрия өткізуге, пациентке санитарлық өңдеуді өткізуге қажетті құралдар.
Жүргізу әдісі:
1.Ауруханаға жатқызуға қажетті жеке құжаттарды тексеріңіз.
2. Пациенті дәрігер тексеріп,емдеу мекемесіне жатады деген шешім
қабылдағаннан кейін «сырқаттарды тіркеу және ауруханаға жатудан бас
тарту» журналына тіркеңіз
3.Журналға толтырыңыз:
1) түскен уақыты
2) сырқаттың аты-жөні
3) толық жасы
4) мекен жайы,телефоны
5) жұмыс орны
6) жіберген дәрігерді
7) жіберген мекеменің диагнозы
8) қабылдау бөлімінің диагнозы
9) сырқатты жатқызатын бөлімше
4. «Аурухананың медициналық картасы» алдыңғы бетін толтырыңыз
5. «Ауруханадан шығарылғандағы статистикалық картасы» паспорттық
бөлімін толтырыңыз (ф № 066/у)
6.Сырқатты жұқпалы ауруға анықтау іс-шарасын өткізу: қызуын өлшеу,
шпательмен жұтқыншақты тексеру,тері қышымасына,педикулезге тексеру.
7.Антропометрия жүргізіп,температура парағына жазу.
8. «Бит» шыққан кезде дезинсекция өткізу.
9.Пациентке санитарлық тазалық жүргізу (толық немесе жартылай)
10.Пациентті емдеу бөліміне тасымалдау.
Ескерту! : Жұқпалы ауруды анықтаған кезде «Жұқпалы ауру туралы жедел хабарландыру» ф № 058/у толтырыңыз.
«Сырқаттың медициналық аурухана картасын»
Ф № 003/у титулдік бетін толтыру.
Мақсаты: пациенттің мәліметтерін жинап,ауру тарихының титульдік бетін толтыру
Көрсеткіштері: ауруханаға түскен пациенттерді тіркеу
Құрал-жабдықтар: «сырқаттың медициналық аурухана картасы»,қалам
Жүргізу әдісі:
1.Пациентке ауру тарихын толтыратыңыз туралы хабарлаңыз
2.Титульныға келесі мағлұматтар енгізіледі:
-ауру тарихының нөмірі
-түскен уақыты (жедел түскен пациенттің нақты минутына дейін)
-Аты-жөні
-туған жылы
-мекен-жайы және телефоны
-бірге тұратын туыстарының мекен –жайы және телефоны
-жұмыс орны-кәсібі,жұмыс телефоны
-қалай жеткізілді,жіберген дәрігерді
-жіберген жердің диагнозы
-қабылдау бөлімінің диагнозы
-пациент қабылдау бөлімінен қай бөлімге жіберілді
-аллергиялық реакциялары бар ма (неге)
-басқа аурулармен қарым-қатнаста болды ма
Достарыңызбен бөлісу: |