Туберкулез микобактерияларына қақырықты жинау, жолдама толтыру.
Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.
Қолдану көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Әзірле: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, жолдаманы жазып контейнерге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.
2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.
3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.
5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.
6. Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.
7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.
8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.
9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.
10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.
11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.
Ескерту:
- емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;
- ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:
- қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;
- қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;
- қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);
- қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;
- көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;
- бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |