|
Тігін машина түрлерін анықтау. Тігін машинаның құрылысы
|
Дата | 19.11.2018 | өлшемі | 0,87 Mb. | | #21466 |
| -
- Тігін машина түрлерін анықтау. Тігін
- машинаның құрылысы.
- Үй тапсырмасын пысықтау. “Дұрыспа, алде бұрыспа? Ойыны. Жұмбақ шешу.
- Техника қауіпсіздік ережесін сұрау.
- Пайдалы кеңестер.
- 4. Тігін машинасының шығу тарихы.
- 5. Ресейдегі тігін машиналары.
- 6. Казіргі заманғы тігін машинасы.
- 7. Тігін машинасының құрылысы.
- 6. Тігін машинасының жетек түрлері.
- 7. Техника қауіпсіздік ережелері.
Пайдалы кеңестер. - егер үтіктің астына синтетикалық талшықтар жабысса оны ацетонмен сүрту керек.
- киім тіккенде жіпті киім түсінен күреңдеу етіп таңдаңыз, себебі катушкада оралған жіп өз түсінен әлдеқайда күреңдеу болып көрінеді
- ине тот баспас үшын оны сабынға тығып қою керек.
- қалың матаны тігу оңайырақ болу үшін инеге сабын жағыңыз
-
- ине сақтайтын қораптың түбіне магнит салып қойсаңыз, инелеріңіз ешқашан шашылмайды.
- 1.Тігін машинасының шығу тарихы.
- Леонардо да Винчи,киім тігетін алғашқы машина жобасын ұсынған.
- 1834 ж.
- американдық Уолтер Хант
- Үшкір жағында құлақшасы бар инені және қайық қондырғысын ойлап тапты.
Тігін машинасының шығу тарихы. - 1844-1845ж.ж. Инженер Уолтер Ханттың машинасының принципін қолдана отырып, бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын жасап шығарды.
- Тігін машинасының шығу тарихы
- 1850-1851ж.ж.
- Американдық Исаак Зингер
- Тігін машинасы іс жүзінде осы заманғы күйіне жеткізілді.Зингер қол жетектен бастап, аяқпен жүргізетін машинаны ойлап тапты
- 1900 жыл.
- «Зингер» фирмасы
- Мәскеу түбіндегі Подольск қаласынан зауыт ашып,шетелдерден әкелінген бөлшектерден тігін машиналарын құрастырды.
- 2. Ресейдегі тігін машиналары
- 1917 жыл.
- Подольск механикалық зауыты (ПМЗ)
- Кеңес Одағының тігін машина жасау орталығына айналды.
Дәптермен жұмыс. - Машина- бұл материалдарды, энергияны өңдеуге арналған, механикалық қозғалыс жасайтын құрылғы. Тігін машинасы аяқ киім, киім және тағы басқа тігін бұйымдарын дайындауға қолданылады.
- XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
- 1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
- 1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
- 1870- АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
- 1900 – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
- 3. Казіргі заманғы тігін машинасы
- Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындай аласың Қазіргі кезде тігін фабрикалары жылдамдығы жоғары өндірістік тігін машиналарымен жабдықталған. Өндірістік тігін машиналары әмбебап жартылай автоматты,арнайы машиналар болып бөлінеді.Олар коптеген жұмыс түрлерін орындайды.Мысалы,әмбебап машиналар тіке тігіс қана жүргізеді,жартылай автоматты машиналар түйме,түймелік теспесін тігеді,арнайы машиналар ашық қиықтарды ілмектеп тігеді.
- 5. Тігін машинасының құрылысы
- 1- Мата жылжытқыш
- 2- Үстіңгі жіпті реттегіш
- 3- Қол(Жеңқап)
- 4- Жіп арбағышы
- 5- Жіп төккіш
- 6- Маховик (Айналма дөңгелек)
- 7- ТІГІС ҰЗЫНДЫҒЫН РЕТТЕГІШ
- 8- Кері жүргіш тетігі
- 9- Тігіс адымын реттегіш
- 10- Жеңқап тіреуі
- 11- Табан
- 12- Жіп бағыттағыш
- 13- Жылжымалы пластина
- 14- Шөрнек құрылысы
- 15- Басутабан
- 16- Жіптартқыш
- 6. Тігін машинасының жетек түрлері
- Тігін машинасы қол жетегіндегі, аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі машина болып бөлінеді. Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы.
- 7. Техника қауіпсіздік ережелері
- .Жұмыс орнымен таныс. Бұл- тігін машинасы қондырылған және қажетті құрал-саймандар, құрылғылар мен бөлшектер қойылатын үстел . Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет. Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде дұрыс отыру ережесін сақтау керек, ережеге кіретіндер:
- Түзу отыру;
- Басын иіп және денесін сәл ғана алға беріп отыру.
- Көз бен жұмыс үстелінің арақашықтығы 30-40 см болу керек;
- Қолы машина тұғырында ал, шынтақтары – үстел үстімен деңгейлестірілуі керек;
- Тігін машинасымен жұмыс істер кезде жұмыс орны жарық болуы керек. Үстел бетінде тек технология орындауға арналған өңделетін бөлшектер, құрал-саймандар мен құрылғылар ғана болуы керек. Саусағыңды инемен шаншып алудан сақтан;
- Шаштың немесе киім шетінің машинаның айналып жатқан бөліктеріне оралып кетуінен және электр тоғының соғуынан сақ бол;
- Машина үстінде бөтен заттар болмасын;
- Жұмыс соныңда машинаны сөндір және жұмыс орнын тазала.
- Тігін машинасына отырып уйрену.
- (Сарамандық жұмыс.)
- 1. Әрі қарай машинаны босжүріске қойып жаттығу орындалады.
- 2.Машинаның құрылысын,суреттегі бөлшектердің қалай аталатынын жазыңдар.
Сабақты бекіту. «Жуан, жіңішке сұрақтар» - 1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз.
- 2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? 3. Мата неден тұрады?
- 4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не?
- 5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? 6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз.
- 7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? 8. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет?
- 9. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты?
- 10. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск) 11. Еңбек құралдарын атаңыз.
- 12. Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер.
- 13. Инешаншым дегеніміз не?
- 14. Тігім дегеніміз не?
- 15. Тігіс дегеніміз не?
Үй тапсырмасы. - Тігін машинасының құрылысын оқып келу, машиналары барлар машинамен жұмыс істеп үйрену
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|