7
коммуникативті және академиялық тілдік дағдыларын дамытуды қамтамасыз
етуді қоса отырып, CLIL-дің басқа да негізгі элементтерін және оны іске асыру
қағидаттарын курстардың пәндік бағдарламаларына және сабақтардың
жоспарларына енгізуді жоспарлау;
−
сабақтарға толықтыру ретінде оқу ортасын анықтау және сабақта
пайдалану (мысалы, пікірталас форумдары, оқу топтары, мектеп алаңдары,
қоғамдық орталықтар, жергілікті орта);
−
оқушылардың материалды меңгеруін қамтамасыз ету үшін қажетті
тілді таңдау, тілдік және пәндік ақпаратты байыта беру, оқушыны тілге және
пәнге оқытудың бай нәтижесі.
Айтылғанды, сондай-ақ осы технологияны қолдану төменде ұсынылып
отырған қосымша білім беру және сыныптан тыс жұмыс бағдарламалары
бойынша оқыту үшін жалпы негіздері бар екенін ескере отырып, төменде
оқушылардың төрт пәннің бағдарламалық мазмұнын үш тілде меңгеру
нәтижелерін бағалау өлшемшарттары ұсынылады, атап айтқанда:
−
шығармашылық жазбаша жұмыстарды бағалау өлшемшарттары;
−
ауызша кеңейтілген жауаптарды бағалау өлшемшарттары;
−
тыңдау біліктерін бағалау өлшемшарттары (1-кесте);
−
сөйлеуді бағалау өлшемшарттары (2-кесте);
−
оқуды бағалау өлшемшарттары (3-кесте).
Шығармашылық жазбаша жұмыстарды (хаттарды, шығармаларды,
эссе, жобалау жұмыстарын, оның ішінде топпен) бағалау өлшемшарттары:
«5» балл:
1.
Мазмұны: коммуникативті міндет толық шешілген.
2.
Жұмысты ұйымдастыру: пікір айтуы қисынды, логикалық байланыс
құралдары пайдаланылған, пікір айту форматы сақталған және мәтін абзацтарға
бөлінген.
3. Лексика: лексика қойылған міндетке және осы оқыту жылының
талаптарына сәйкес келеді.
4. Грамматика: қойылған міндетке және осы оқыту жылының талаптарына
сәйкес әртүрлі грамматикалық конструкциялар пайдаланылған, грамматикалық
қателер жоқ не коммуникативтік міндетті шешу үшін кедергі келтірмейді.
5. Орфография және пунктуация: орфографиялық қателер жоқ, пунктуация
ережелері сақталған: сөйлемдер бас әріптен басталады, сөйлем соңында нүкте,
леп белгісі немесе сұрақ белгісі қойылады, сондай-ақ үтірлерді қоюдың негізгі
ережелері сақталған.
«4» балл:
1.
Мазмұны: коммуникативті міндет толық шешілген.
2.
Жұмысты ұйымдастыру: пікір айтуы қисынды, логикалық байланыс
құралдары пайдаланылған, пікір айту форматы сақталған және мәтін абзацтарға
бөлінген.
3. Лексика: лексика қойылған міндетке және осы оқыту жылының
талаптарына сәйкес келеді, бірақ шамалы қателері бар.
8
4. Грамматика: қойылған міндетке және осы оқыту жылының талаптарына
сәйкес әртүрлі грамматикалық конструкциялар пайдаланылған, грамматикалық
қателер коммуникативтік міндетті шешу үшін аздап кедергі келтіреді.
5. Орфография және пунктуация: орфографиялық қателер шамалы,
пунктуация ережелері сақталған: сөйлемдер бас әріптен басталады, сөйлем
соңында нүкте, леп белгісі немесе сұрақ белгісі қойылады, сондай-ақ үтірлерді
қоюдың негізгі ережелері сақталған.
«3» балл:
1.
Мазмұны: коммуникативті міндет шешілген.
2.
Жұмысты ұйымдастыру: пікір айтуы қисынсыз, логикалық байланыс
құралдары барабар емес пайдаланылған, мәтін абзацтарға дұрыс бөлінбеген,
бірақ пікір айту форматы сақталған.
3. Лексика: әр жерде лексика дұрыс пайдаланылмаған.
4. Грамматика: өрескел грамматикалық қателер бар.
5. Орфография және пунктуация: орфографиялық қателер шамалы,
пунктуация ережелері әрқашан сақталмайды: барлық сөйлемдер бас әріптен
басталмайды, барлық сөйлемдердің соңында нүкте, леп белгісі немесе сұрақ
белгісі қойылады, сондай-ақ үтірлерді қоюдың негізгі ережелері сақталмаған.
«2» балл:
1.
Мазмұны: коммуникативті міндет шешілмеген.
2.
Жұмысты ұйымдастыру: пікір айтуы қисынсыз, логикалық байланыс
құралдары пайдаланылмаған, пікір айту форматы сақталмаған, мәтін абзацтарға
бөлінбеген.
3. Лексика: лексикалық қателердің саны көп.
4. Грамматика: грамматикалық қателердің саны көп.
5. Орфография және пунктуация: орфографиялық қателері біршама,
пунктуация ережелері сақталмаған: барлық сөйлемдер бас әріптен
басталмайды, барлық сөйлемдердің соңында нүкте, леп белгісі немесе сұрақ
белгісі қойылмайды, сондай-ақ үтірлерді қоюдың негізгі ережелері
сақталмаған.
Ауызша кеңейтілген жауаптарды бағалау өлшемшарттары (монологтық
пікір айту, іңгімелеп беру, диалогтар, жобалау жұмыстары, оның ішінде
топпен)
«5» балл:
Мазмұны: пікір айту көлемі сақталған. Пікір айту тақырыпқа сәйкес
келеді; тапсырмада көрсетілген барлық аспектілер көрсетілген, тілдің стильдік
ресімделуі тапсырманың типіне сәйкес келеді, дәлелдемелер деңгейде,
сыпайылық нормалары сақталған.
Өзара коммуникативтік әрекет: әңгімелесушінің репликасына сәйкес
табиғи реакция. Қойылған коммуникативтік міндеттерді шешу үшін тілдік
бастамашылдығы байқалады.
Лексика: лексика қойылған міндетке және тілді оқытудың осы жылғы
талаптарына барабар.
9
Грамматика: қойылған міндетке және осы тілді оқыту жылының
талаптарына сәйкес әртүрлі грамматикалық конструкциялар пайдаланылған.
Сирек кездесетін грамматикалық қателер коммуникацияға кедергі келтірмейді.
Сөйлеуі: сөзі табиғи екпінде естіледі, өрескел фонетикалық қателер жоқ.
«4» балл:
Мазмұны: пікір айту көлемі толық емес. Пікір айту тақырыпқа сәйкес
келеді; тапсырмада көрсетілген кейбір аспектілер көрсетілмеген, тілдің
стильдік ресімделуі тапсырманың типіне сәйкес келеді, дәлелдемелер әрқашан
тиісті деңгейде емес, бірақ сыпайылық нормалары сақталған.
Өзара коммуникативтік әрекет: коммуникациясы шамалы қиындау.
Лексика: лексикалық қателер оқушының сөзін қабылдауға шамалы ықпал
етеді.
Грамматика: грамматикалық қателер оқушының сөзін қабылдауға шамалы
ықпал етеді.
Сөйлеуі: сөзінде кейде кідіріс дұрыс жасалмайды, жекелеген сөздерінде
фонетикалық қателер бар (ағылшын фонемаларын ұқсас орыс фонемаларымен
ауыстырып алу), жалпы дауыс ырғағы туған тілдің ықпалына түскен.
«3» балл:
Мамұны: пікір айту көлемі шамалы, ол тақырыпқа толыққанды сәйкес
келмейді; тапсырмада көрсетілген кейбір аспектілер көрсетілмеген, тілдің
стильдік ресімделуі тапсырманың типіне толыққанды сәйкес келмейді,
дәлелдемелер тиісті деңгейде емес, сыпайылық нормалары сақталмаған.
Өзара коммуникативтік әрекет: коммуникациясы біршама қиындатылған,
оқушы тілдік бастамашылдық танытпайды.
Лексика: оқушы көптеген өрескел лексикалық қателер жасайды.
Грамматика: оқушы көптеген өрескел грамматикалық қателер жасайды.
Сөйлеуі: көптеген фонетикалық қателердің болуына байланысты сөзін
қабылдау өте қиын, дауыс ырғағы туған тілдің ықпалына түскен.
Тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерін бағалау тек тілдік пәндер
бойынша емес, сонымен қатар жаратылыстану циклінің пәндері бойынша да
оқытудың нәтижелеріне бірдей қатысты болатынын есте сақтау маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |