ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДАҒЫ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Ысқақ Ұлдана - Тарих мамандығының 1 курс студенті
ғылыми жетекші: Калдыбаева С.С. – т.ғ.м. аға оқытушы
1991 жылдың желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздік алуы мемлекеттің тарихындағы бетбұрыс кезеңі болды. «Біздің туымыз - тәуелсіздік. Біздің мақсатымыз - бейбітшілік пен әл-әуқатты көтеру» деген ұрандар қазақстандықтар үшін барлық қиындықтарды жеңуге дайынбыз деген ортақ идеяға айналды.
Дүниежүзілік тарихтың өлшемі бойынша қысқа мерзімде Тәуелсіздік алған республикада терең экономикалық, саяси және алеуметтік өзгерістер тұрды. Тәуелсіз егемен мемлекеттің өмір сүрген алғашқы жылы Қазақстандық қоғам тіршілігінің барлық саласында түбегейлі тарихи бетбұрыс жасалып, тоталитаризмнің бұғауынан босап, бір әлеуметтік экономикалық жүйеден екіншісіне көшу процесі орын алды.
Алматы қаласында егемендігін жариялаған мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Келісімінің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі сапаларында ынтымақтастыққа бейімділігін растайтын, бұрынғы Кеңес Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады.
Бұл, Қазақстанның ТМД мен әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесіне айналып, өзінің тәуелсіздігін заң жүзінде де, іс жүзінде де орнықтырған уақыты болды. (Рысбеков: 2007:139)
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында көрсетілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін мойындады. Сонымен қатар, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құратынын, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады.(ҚР Тәуелсіздігі туралы Декларация, 1916)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының қабылдануы ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған ел үшін уақыттың жаңа есебін бастады. Елдің дамуының конституциялық негіздерін қалыптастыру және экономикалық реформаларды жалғастырудың басты шарты - саяси тұрақтылыққа ұмтылуы болды.
Елдің жаңа Ата заңы Конституция – мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7 тараудан және 18 баптан тұрды.
Конституцияның бірінші тарауында ҚР Тәуелсіз мемлекет делінген. Бұл тарауда ҚР - тәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет және ҚР барлық мемлекеттер мен өзара қатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық делінген.
екінші тарауында, ҚР халқы мен азаматы туралы айтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заң бойынша жазаланады.
үшінші тарау, ҚР мемлекеттік өкімет органдары деп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңес құзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.
төртінші тарау, ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оның қойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады делінген.
бесінші тарауда, ҚР дүниежүзілік қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.
алтыншы тарау – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау.
жетінші тарау – Қорытынды ережелер (Сапарғалиев, 2005:12).
Демократиялық мемлекет үшін аса маңызды биліктің заңы атқарушы және сот тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу қағидаты іске асырылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін Заң қалыптастырылды. Маусым айында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары - елтаңбасы, туы және әнұраны туралы» Заң және 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңгенің енгізілуі мемлекеттіктің қалыптасуындағы аса маңызды кезеңді білдіреді. Адамның жалпы құқықтары мен озық-ойлы адамзаттың басқа да негіз қалаушы кезеңдерінен туындайтын адам және азаматтың іргелі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын заң жүзінде бекітіп, нақты іс жүзінде қамтамасыз етілген құқықтарды иелендік.
Елбасының 1997 жылғы 10 қазанда Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында баяндалған «Қазақстан – 2030» даму Страгегиясында мемлекет дамуының басты мақсаттары мен басымдықтарын айқындай отырып, төмендегідей шаралардың тұтас кешені жарияланды. Оларға:
ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету, қоғамның ішкі саяси тұрақтылығы мен топтасуы;
мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру әрі жауапкершілігін арттыру;
өкілдік демократия қағидатгарын нығайту және одан әрі дамыту;
сот билігі органдарының қызметін жетілдіру әрі жауапкершілігін арттыру;
өкілдік демократия қағидаттарын нығайту және одан әрі дамыту;
сот билігі органдарының қызметін жетілдіру;
күшті саяси партиялары мен үкіметтік емес ұйымдары бар толыққанды азаматтық қоғамды қалыптастыру;
ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
1992 жылы желтоқсан айында Қазақстан халықтарының форумы өтіп, онда жаңа қоғамдық институт – Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлесуі Ассамблеясын құру ұсынылған еді. Бүгінгі таңда, 1995 жьлғы 1 наурызда құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ұлтаралық саясатты өркениетті жүзеге асырудьң барлық этнос өкілдерінің азаматтық топтасуы құралдарының бірі бола отырып, азаматтық қоғамның толыққанды әрі аса тиімді институтына айналды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап, мемлекетімізді дамыту мақсатында бірқатар Стратегиялық бағдарламалар мен ұйымдарды құрды. Оларға:
Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясы;
2015 жылға дейінгі Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы;
2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Концепциясы;
2015 жылға дейінгі Қазақстан аймақтық даму Стратегиясы қабылданып, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы жөнінде Кеңес және «Қазына» тұрақты даму фонды» АҚ құрылды.
Қазақстанның әлемдік экономикалардың бәсекеге қабілеттілігінің жыл сайынғы рейтингінде 50-ші орынды берік иеленуі қисынды және болжамды болып табылады. Бұл прогресс әлемдік жетекші экономистер атап өткендей, Қазақстан қызметінің бірден бірнеше салаларда жақсарғандығының заңды нәтижесі. Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілік рейтингін белгілейді. Бүкіләлемдік экономикалық форумның пікірінше, макроэкономикалық тұрақтылық біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады. (Кемел, 2010:80)
Тәуелсіз Қазақстанның табысты және ырғақты әлеуметтік-экономикалық дамуы заңды нәтижеге айналды. Әлеуметтік оптимизмнің жаңғыру үстіндегі қоғамның қуатына айналатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің еліміз дамуының жоғары көрсеткіштері мемлекет пен қоғам қызметінің іс жүзінде барлық салаларын жетілдіру осы қорытындыны растай түсуде. Бүгінде, Қазақстан әлеуметтік оптимизм елінің көрнекі үлгісі болып табылады. Елдің экономикадағы, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, әлеуметтік қамсыздандыру саласында қол жеткізген жетістіктері бар.
2012 жылдың 14 желтоқсанда жарияланған Елбасының «Қазақстан- 2050» стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы - еліміздің жаңа даму кезеңіндегі бірінші ұзақ мерзімді Стратегия - 2030-дың заңды жалғасы еді. Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік аппаратты кәсіптендіру, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты міндеттер маңызды. Және жаһандық тұрақсыздық және табиғи - ресурстық әлеуетті көтеру үшін жаңа тәсілдер іздеуді талап етеді. Осының бәрі жаңа стратегиялық құжат — «Қазақстан – 2050» әзірлеуге себеп болды. Бұл тарихи маңызы бар құжатта басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену болды. (Антаев, 2015)
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі деп көрсетілген.
Елбасы айтқандай, Тәуелсіз Қазақ елінде бәрі бар. Тек қана көпұлтты ұлттар мен ұлыстардың арасында өзара түсіністік, тату-тәтті береке-бірлік пен ынтымақ және рухани құндылықтарға деген адалдық ауадай қажет. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде көпұлтты қазақстандықтардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырған татулық темірқазығына айналып отыр. Туған елі – Қазақстанды әлемдегі өркениетті елдер қатарына қосуды жоспарлаған Елбасының басты арман-мұраты да міне, осы! Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейірімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз. риза. Бір-бірімізден үйренеріміз мол этнос өкілдері қазір өз тарихи отандары мен қазақстанның арасындағы достық көпірі арқылы елімізге инвестиция да, жаңа технологияларды да алып келуші ретінде танылып отырғаны да қуанышты жағдай. (Кемел, 83-бет)
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға мынадай нақты игіліктер келді:
Біз кеңестік жүйе күйреуінің ауыр зардаптарын жеңіп шықтық, халқымыздың тарихында бұрын-соңды болып көрмеген, халықаралық құрметке ие тәуелсіз мемлекет құрдық, оны бүгінде бүкіл әлем таниды. Тәуелсіздіктің басты жетістігі - еркіндік. Біз сол еркіндікке ие болдық. Еліміз экономикасы нарықтық арналарға көшіп, жоғарғы экономикалық өрлеуге қол жеткіздік, ырықтанған саясат жүзеге асты. Жыл сайын экономиканың он пайыздық өсімі қамтамасыз етілді.
Біртіндеп отандық кәсіпкерлер калыптасты. Нарыққа балама жоқ екені, білімді мен біліктінің ғана жолы болатыны қоғамдық санаға сыналап енді. Елдің барлық азаматтары үшін кәсіпкерлік құқығы сақталып, меншікке заңсыз қол сұғушылықтан қорғау жүзеге асырылды.
Елімізде Адам құқығы жөніндегі Бүкіләлемдік декларацияға сәйкестендірілген адам құқықтары жөніндегі уәкілдік институты құрылды. Мемлекеттің қауіпсіздік жүйесі құрылды, елдің аумақтық тұтастығы қамтамасыз етілді. Тиісті нышандары түгел сақталған қорғаныс жүйесін жасай алдық, өзіміздің Қарулы Күштерімізді қалыптастырдық. Ұлттық әскер мен қазақтан шыққан қолбасшылар мен офицерлер дайындадық. (Назарбаев, 2014.11.)
Қазір Қазақстан Республикасын әлемнің 117 мемлекеті таныды, олардың ішінде 105 - імен дипломатиялық қатынастар белгіленген. Шетелдерде Қазақстанның 26 елшілігі ашылды. Алматыда 40 шетелдік елшіліктер мен миссиялар, 16 халықаралық және үлттық үйымдардың өкілдіктері жүмыс істейді. 800 - ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасалды. 1998 жылдың басының өзінде Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық түпкілікті таныды. Егеменді мемлекет ретіңде қальштасгы деп атап көрсетуге болады. Осы жылдың 15 қаңтарында Қазақстан мен Еуропалық одақ елдерінің арасында әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.(Рысбеков, 2007:149-150)
«Тәуелсіздік» деген - жадағай жай термин емес. Тәуелсіздік шын мәнінде ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен тәуелсіздік. Біз іргелі ел болып, күштілерге басымызды имей, біреудің ескі-құсқы ел билеу жүйесін кимей, қазақстандық, суверендік жолмен жүруіміз керек. Біз бұл күні елімізге шетелдік факторлардың - АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия факторларының ықпалы бар екенін жасыра алмаймыз. Ол еліміздің экономикалык тәуелсіздігі. Ал біз бұрынғы экономикалық жүйені - қоғамдық меншік жүйесін талқандадық. Жаңа экономикалык жүйе қалыптасуда. Бүл салада әттеген-ай дейтін проблемалар баршылық. Президенттің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында да бұл проблеманы өз алдына халык назарына аударуы да осыдан. Алда орта класс – меншік иелерін қалыптастыру тұр. Өндірісті жандандырып, ауыл шаруашылығына қан жүгіртіп, экономикалык салада қазақ жерінің игілігін отандастар көруі мәселесі тұр. Сонда ғана елге мал бітеді, жан бітеді. Елдің көсегесі көгереді, көңіл-күйі рухтанады. Рухани тәуелсіздік өз алдына бір проблема. Ал рух - ата-баба мұрасы.
Тәуелсіздіктің баянды болуы қоғамдық білімдер саласындағы ғалымдарға, рухани өмірдегі өнер қайраткерлеріне, зиялы қауымға да байланысты. Л.Толстойдың «Не будь наук и искусств, не было бы человека и человеческой жизни» десе, Л.Пастер «Величие родины отождествляется величием науки» дегенін есте сақтаған абзал. Зиялы қауымсыз, ғылымсыз, білімсіз ел - тобыр. Біз халкымызды тобырға айналдырмауға тиіспіз. (Қозыбаев, 2009:209)
Қорыта келе, қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан, бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, Отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |