Тертюбаева Маржан,



жүктеу 469,34 Kb.
бет1/2
Дата10.02.2018
өлшемі469,34 Kb.
#9167
  1   2

Тертюбаева Маржан,

«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешісі

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы

Алтын күз
Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Көкеністер мен жемістердің пайдасын білуге үйрету, оларды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталап айтқызу, шаттық шеңбері, жұмбақтар шешу, сергіту сәті, дидактикалық ойындар, мақал- мәтелдер.

Билингвальді компонент: күз- осень,жемістер-фрукты, көкеністер-овощи.

Шаттық шеңбер:Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, жер ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

- Сәлеметсіңдердер ме, балалар? Здравствуйте! Hello!

- Сәлеметсіз бе?! Здравствуйте! Hello!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Тамаша! Отлично! Ok!

- Бүгін аптаның нешінші күні? Аптаның қай күні.

- Бүгін бейсенбі- четверг. Аптаның төртінші күні.

- Балалар, экранға қарап мұқият тыңдаңдар.

Алма, шие, өрік, алмұрт,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Қоймаларға түседі.

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады

Айтыңдаршы, балалар, бұл қай кезде болады?

- Күзде, күз-осень-autumn

- Кім күз туралы тақпақ біледі?



Ербол: Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.



Ерболат: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.



Нұржігіт: Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.



Жанель: Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

- Өте жақсы, балалар. Күз айларын атап беріңдерші.

- Қыркүйек-сентябрь, қазан-октябрь, қараша-ноябрь.

- Күзде табиғатта, ауа-райында қандай өзгерістер болады?

- Жаңбыр жиі жауады, шөп сарғаяды, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

- Сендер жұмбақ шеше аласыңдар ма?

- Иә.


- Олай болса экранға қарап мұқият тыңдаңдар.

Мен көкөністер мен жемістер туралы жұмбақ жасырамын.

Балалар бірнеше жұмбақтардың шешуін айтады.

- Өте жақсы. Осы жемістер мен көкөністердің пайдасы қандай?

- Дәрумендер өте көп. Әртүрлі шырындар әзірлеуге болады.

ТСО-дан мнемо кесте көрсетіледі.

Алмағашқа барайық,

Алма теріп алайық,

Ең үлкенін дәмдісін

Әжемізге сыйлайық.

Осы алмағаштың қалай тербелтінін көрсетейікші.

Сергіту сәті:

Ветер дует нам в лицо

Закачалось деревцо,

Ветерок все тише,тише

А деревцовсе выше-выше.

(Есік қағылады).

-Хош келдің, Күз ханшайымы!

Күз ханшайымы: Ерінбестен еңбек етіп келетін

Берекелі ырыс болып енетін.

Мен, Күз ханшайымы.

Жемісті мол беретін.



Дидактикалық ойын: Жемістер мен көкөністерді иісінен, пішінінен ажыратып себеттерге салыңдар.

Ұжымдық жұмыс:

І топ-қағаздан ағаш пішінін қиып оны желімдейді. Сұқ саусақтарын алдынала гуашь жағылған губкаға батырып ұсақ жапырақар бейнелейді. Ағаш туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтады.

ІІ топ-пияз тұқымын топыраққа отырғызады. Оны қалай бақылайтындарын әңгімелейді. Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтады.

ІІІ топ-туралған жемістерден салат жасайды. Дәрумендердің пайдасын айтады.

Рефлексиялық-түзетушілік: қандай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Күздің ерекшеліктерін атап беріңдер.

Табиғатты қалай аялаймыз?

Балаларды мадақтау, сыйлықтар тарату.



Күтілетін нәтиже:

Меңгерді: күз мезгілінің ерекшеліктерін

Айта алады: жеміс көкөністердің атауын,пішіндерін, пайдасын

Үйренді: табиғатқа қамқор болуды,ұжымдық жұмыс жасауды


жүктеу 469,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау