173
дамуының сипатына сəйкес ерекше активтілік танытатынын
көптеген мысалдар дəлелдейді.
Тілде бұрыннан қалыптасқан сөз жасау модельдерінің
ізімен жасалатын бұл тəсіл де терминжасамның ең өнімді
амалдарының қатарына жатады. Бұл да тіл байытудың бір
көзіне айналды. Морфологиялық тəсіл арқылы жасалған
лексиканы былай қойып, терминдердің өзіне септер болсақ,
оның санын анықтау қазір қиынға түсер еді. Термин жасауға
қатыстырылатын қосымшалар тек ұлттық тіл лексикасына
ғана жалғанумен шектелмейді, олар интертермин сөздерге
де, советизмдерге де, орыс тілінен енген кірме сөздерге де
жалғана береді (автоматтандыру, индустрияландыру,
электрлендіру, коллективтендіру, министрлік, колхозшы,
стахановшы т.б.). Зат не мамандық атаулары, бір нəрсенің
ерекше белгілерін атау мақсатында қазақ тілінің кейбір
жалғаулары термин жасаудың тұрақты элементіне айналды
десек те болады.
Терминнің дəл болуы негіз бен қосымшаның үйлесуіне
тікелей байланысты. Осы екеуі жымдаса келе терминдік
мəнге көшеді. Сондай атауларды жасауда қазақ тілінің -шы,
-ші қосымшалары арқылы мынадай терминжасам моделі
қалыптаса бастағанын көреміз. Мұның өзін бірнеше үйірге
бөліп қарауға болар еді.
Біріншіден, -шы, -ші жұрнағының негізгі түбірге қосылуы
арқылы жасалған терминдер тіл-ші, үгіт-ші, шолу-шы,
хабар-шы, тəрбие-ші, күзет-ші, жазу-шы,əн-ші, берсиев-ші,
жасақ-шы, мысал-шы, дүкен-ші, əмір-ші, кеңес-ші, есеп-ші,
сақ-шы, еңбек-ші тəрізді қазақтың төл сөздеріне жалғанып
жасалғандар бір төбе де, трактор-шы, бетон-шы, спорт-
шы, коньки-ші, футбол-шы, архив-ші сияқты кірме сөздерге
жалғану арқылы жасалған сөздер бір төбе.
-Шы, -ші қосымшасы туынды түбірлерге де, біріккен
сөздерге де, тіпті тіркесім сөздерге де жалғана береді.
Осы жолмен жасалған терминдер тіпті көп. Өнеркəсіп-ші,
құс өсіру-ші, үздік оқу-шы, заң шығару-шы, жер өлшеу-
174
ші, жылнама-шы, атқос-шы, негізін салу-шы, қолбас-шы,
қолқабыс-шы, өндіру-ші, қолөнер-ші, фототіл-ші тəрізді
терминдер қазір əдеби тіліміздің сөздік қорынан тұрақты
орын тепкен.
Сонда байқап отырсақ, бұл қосымша жалғанған сөзіне
екі түрлі мағына телиді екен. Бірі – белгілі бір мамандық не-
месе кəсіп иесі (тілші, жазушы, тəрбиеші) дегенді, сондай-
ақ оны жақтаушы (стахановшы, динамошы, мичуринші)
дегенді меңзейді.
О бастан өнімді жұрнақтың бірінен саналатын бұл
қосымша тек байырғы қазақ сөздерінің түбірлеріне ғана
жалғанып қоймай, көптеген кірме сөздерге де (скрипкашы,
арматуршы, тракторшы) жалғанып, термин тудырудың
аса бір өнімді көзіне айналды.
Төңкерістен бұрын жолаушы, қайыршы, темірші,
өтірікші, үйші, емші, сатушы сияқты бірен-саран сөздер
құрамында ғана кездесетін бұл қосымшаның сөзжасамдық
қызметі, əсіресе Қазан төңкерісінен былайғы жерде тіпті
күшейе бастайды. Мысалы, 20-жылдардағы баспасөз ма-
териалдары
69
мұны айқын аңғарта алады. Кітапханашы,
тілші, нұсқаушы, бақылаушы, еңбекші, кəсіпші деген сөздер
осыған дəлел.
30-жылдары -шы -ші қосымшасы кірме сөздерге жал-
ғанып, терминологиялық лексиканың қарасын көбейте түсті,
дегенмен капиталшы (капиталист), оппортуншы (оппор-
тунист), пайдашы (отходник) сияқты мысалдар терминжа-
сам принциптерінің əлі де принципті негізде жолға қойыла
алмағанын байқатады.
Ал 40–50-жылдары осы жұрнақ арқылы жасалған мон-
тажшы, сəулетші, сайлаушы, заводшы, басқыншы,
егінші, нұсқаушы, зерттеуші, басшы, балташы (плотник),
қырғыншы (погромник), тұтынушы тəрізді сөздер терминдік
69
Исаев С. Язык периодической печати 1920-х годов. Автореф. дисс. канд.
филол. наук. Алма-Ата, 1966.
175
жүйе қатарын молайтты. 70–80-жылдары бұл қосымшаның
өнімділігі тіпті күшейе түсті (жүргізуші– ведущий; хабар-
шы – вестник; вкладшы, өктемші – властелин; газетші, іс
жүргізуші– делопроизводитель; жанршы, шапқыншы – за-
воеватель, басқыншы – захватчик; сайлаушы – избиратель;
хабаршы – информатор; орманшы – лесник т.т.).
-Шы -ші жұрнағы көбіне-көп орыстың -ист, -ец, -ун,
-тель, -щик, -ник, -ик, -чик, -атор – қосымшаларының
жалғауымен жасалған сөздерді аударуға келгенде тіпті
өнімділік байқатады. Сонда бұл жалғаудың əлгіндей
қосымшаларымен келетін сөздерден термин жасауға маман-
дана бастағанын байқаймыз. Аудармашылар мұның осындай
жүйелі қызметін аңғарып отырса құба-құп.
Кейбір ғалымдар
70
-шы -ші қосымшасының мағынасы
көмескілене бастаған сөздергеде қосылып, жаңа сөз жа-
сайтынын көрсетеді. Мысалы, ұрғашы – «самка» дегендегі
«ұрғаның» түпкі мағынасын проф. Қ.Жұбанов «ұрық»
сөзінен шығарған. Сонда жоғарыдағы модельдерден бай-
қайтынымыздай, бұл жұрнақ арқылы етістерден жасала-
тын терминнің бəрі бірдей мамандық пен кəсіпті көрсетіп
қоймайды екен, сонымен бірге түбір сөздің бастапқы
мағынасын да меңзейді. Мысалы, оқушы (ученик) сөзі
мектеп оқушысы ғана емес, ол нақты кітап не газет оқып
отырған адам деген ұғымды да меңзейді. Ал бізге керегі
мұның алдыңғы терминдік мағынасы тоқушы (ткач), алушы
(покупатель), жазушы да дəл осындай. Бұл қосымшаның
сөзжасамдық аясы тек ұлттық тіліміздің байырғы сөздерімен
ғана шектеліп қоймайды. Ол кірме сөздердің де көбіне
жалғанып, терминдік модель жасайды. Терминнен термин
тудырады. Мəселен, комбайн, трактор, колхоз, шахмат,
скрипка, пианино сияқты зат, ұйым атын білдіретін көптеген
кірме сөздерге жалғана отырып, сол мамандық иелері деген
мағыналық мəні басқаша терминдер жасайды.
70
Жубанов К. Исследование по казахскому языку. Алма-Ата, 1966. С.64.
Достарыңызбен бөлісу: |