334
беттік «Оқу құралы» атты оқулықты 1926 жылы баспадан
шығарды. Тілі қарапайым, мазмұны шұрайлы, бұл оқулық
сол кезде қазаққа жөн сілтеп, жастардың сауатын, дүние та-
нымын кеңейтуге əсер еткен құнды еңбек болды.
Телжан Шонанұлы «Тіл дамыту», «Қазақ тілі» (Грамма-
тика мен емле), «Жаңа арна», «Ересектер үшін оқу құралы»
еңбектеріне қоса өзге ұлт өкілдеріне арнап көптеген оқу
құралдарын, зерттеу еңбектерін жазды. Айталық «Самоучи-
тель киргизского языка для русских» (Оренбург, 1925, 1-ба-
сылым), (Қызылорда, 1929 ж.), «Қазақ тілінің оқу құралы»,
«Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы» (Қызылорда,
1926 ж.), «Учебник казахского языка для взрослых», «Орыс-
тар үшін қазақша əліппе» атты еңбектерін атауға болады.
Т. Шонанұлы өзінің бір мақаласында балалардың 26 сөзден
124 қатеге дейін жіберетіндігіне, олардың сөз арасын ажыра-
тып жаза алмайтындығына тек, емле, грамматикадағы кет-
кен кемшіліктерге ғана емес, ана тілін оқыту əдісінің дұрыс
еместігінен деген қорытындыға келеді.
А. Байтұрсынұлының шəкірті педагог ғалымның еңбек-
тері мен оқулықтары күні бүгінге дейін кəдеге жарап келе
жатқан үлкен ғылыми мұра.
Қазақ терминологиясының тарихында елеулі орны бар
Халел Досмұхамедұлы (1889-1939) сан салалы ғылыми мұра
қалдырды. Ол табиғаттану, анатомия, зоология, фольклор-
тану, этнография, ғылыми терминология жасау жөніндегі
оқулықтар мен еңбектердің авторы. Х. Досмұхамедұлы
кірме сөздерді, əсіресе орыс тілі арқылы енген сөздерге
төл тілімізден балама табуды, кірме сөздерді қолдануда
ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақтап қолдануын дұрыс
құбылыс деп есептеген. Х. Досмұхамедұлы жарық көрген
«Табиғаттану», «Адамның тəн тірлігі» атты оқулықтарын
жазуы кезінде қолданған термин сөздері қазақ тілінің ғылым
тіліне айналуына толық мүмкіндігі барына кепілдік береді.
Ол ғылым дамуы үшін терминология мəселесін белгілі
бір жүйеге түсіруге де назар аударды. Х. Досмұхамедұлы
335
сонау 1920-30 жылдардың өзінде термин сөздің қабылдану,
олардың бекітілу жолдарын анықтап берген болатын. Оған
дəлел Х. Досмұхамедұлы 1925 жылы Орынбор қаласында
өткізілген қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде тер-
минология ісін ұйымдастыру жөнінде: «Бүкіл қазақ халқы
үшін жалғыз білім кеңесі болу керек. Ол білім кеңесі жа-
нында əр пəннің мамандарынан сайланған комиссия болуы
керек. Пəн сөздері əуелі пəн комиссиясының сынына түсіп,
оның қабылдап алған сөздері баспасөз жүзінде жарияланып,
көптің талқысына түсуге тиіс. Ол пəн сөздері сонан соң ғана
барып білім кеңесінің қарауына түсіп, бекітіліп шығуы тиіс»
деп ұйымдастыру жағынан бірден-бір үлгі көрсеткен.
1924 жылы Ташкентте Х. Досмұхамедұлының «Қазақ-
қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген кітапшасы басы-
лып шықты. Ғалым бұл еңбегінде қазақ тіліне терминдерді
орынсыз алмау, алған күнде де сақтықпен, тілдің өз заңына
сəйкестендіріп қабылдауды ұсынады. Басқа тілден ен-
ген сөздерге қосымшаны да үндестік заңына бағындырып
қолдану керектігін айтады. Ғалым тілдің ежелден келе
жатқан заңдылығын жойып алмау қамын ойлаған.
20-жылдар, академик І. Кеңесбаевтың сөзімен айтқанда,
«қазақ тіл білімі дамуының болашағын дайындаған, со-
нымен бірге ана тіліндегі ағарту ісін шын мəнінде дүниеге
əкелген жылдар. Олай болатыны – халықтың сауатсыздығын
жою, ұлттық терминологияны жасау, оқулықтар шығару,
мемлекеттік істі ана тілінде жүргізу сияқты шараларды
жүзеге асырудағы алғашқы адым осы жылдарда басталды».
«Асқар тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші,
асыл азаматын уақыт таразысы өз талғамына салып, бүгінде
өз бағасын беріп, халқымен қайта қауыштырды.
Құдайберген Жұбанов латын əліпбиі негізіндегі қазақ
жазуы мен орфографиясын жүйелеген ғалым.
Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілген
ғалым қазақ тілі грамматикасының морфология саласына,
тіл грамматикасына, синтаксиске байланысты көптеген аса
336
құнды еңбектер берді. Тіл тынысын зергерлікпен бақылап,
оның сан, сапасын саралаған Қ. Жұбанов өзінің бүкіл білік-
білімін туған халқын сауаттандыру жолына жұмсады.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқының
рухани-мəдени өміріндегі аса зор саяси-əлеуметтік, халық-
тық мəні бар мəселесінің бірі – жазу, емле, термин туралы
мəселенің басы-қасында Қ. Жұбанов жүрді.
Қазақ тілінің зерттелуі жайында профессор Қ.Жұбанұлы
«қазақ тілі осы уақытқа шейін жүйелі түрде тексеріліп,
ғылым тезіне түспеген тіл қазақ тілін алғаш зерттегендер
Н.И. Ильминский, профессор П.М. Мелиоранский, М. Те-
рентьев, И. Лаптев, В.В. Катаринский, академик В.В. Радлов,
профессор Е.Д. Поливанов тағы басқалар болатынды», – деп
жазды. Қазақ ғалымдарынан қазақ тілін зерттеген ғалымдар
Ш. Уəлиханов пен А. Байтұрсынұлын айтады.
Терминологияның, жаңа атаулардың дəл осы кезеңде
кең көлемде дамуы қоғамдағы өзгеріс, дамуымен байла-
нысты, яғни оның қоғамдық қажеттіліктен туғандығы сөзсіз.
Ең алғаш терминология мəселесі 1924 жылы 12-18 шілде
аралығында Орынборда өткен республикалық ғылыми
қызметкерлердің І съезінде сөз болған.
1926 жылы Баку қаласында болған түркологтардың
Бүкілодақтық І съезі тікелей осы мəселелерді қарастырды.
Мұнда арнайы жасалған бес баяндаманың бесеуінде
де қазақ алфавиті, орфографиясы мен терминология-
сы сөз болды. Осындай съездер мен газет бетіне шыққан
мақалаларымыз жəне ағартушылықпен айналысқан ар-
дақты азаматтарымыздың еңбегінің нəтижесінде 1933 жылы
Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтермин-
ком) құрылған. Оның тұңғыш төрағасы – Қ. Жұбанов,
мүшелері Б.К. Асфендияров, Г.К. Бірімжанов т.б. болған.
Алғашқы ұйымдасқан күннен бастап бұл комиссия қазақ
тілінің терминологиялық жүйесін жасау, қалыптастыру
жұмыстарымен айналысты.
Достарыңызбен бөлісу: |