322
Ол екі нəрсенің басын ашып айтады. Оның бірі – көп
ұлтты кеңес елінің бəріне ортақ халықаралық сипат алған
терминдерді сол қалпында қабылдау болса, екіншісі – қазақ
тілінің өз ішкі мүмкіндігі арқылы жасалған терминдерді
дұрыс қолдану. Ол термин жасалу процесінде осы екі
принциптің қатаң сақталуын талап етеді. Əртүрлі ағым,
түсінік өрши-өрбіген 30-шы жылдардың басында мұндай
кесімді пікір айту батылдықпен бара-бар болатын. Əсіресе,
грамматиканы «тіл танытқыш», теорияны «қисын», базисті
«түптірек», варваризмді «қотырсөз», стилистиканы «тіл
қисыны», циркульді «жезбе» деп алып, лексиканы «сөз
кенін тексеру ғылымына» айналдырушылар қарасы көбейіп
тұрған тұста туған мұндай батылдыққа тəнті болмай тұра
алмаймыз. Əңгіме дəлелсіз, дəмсіз айқайға құрылған құр
батылдықта емес, ғылыми негізді тірек еткен дəйекті ойдың
озықтығында еді.
Қ. Жұбанов осы ойын «Қазақ əдебиеті тілі терминдері
туралы» деген мақаласында тереңдете түседі. Ол мəдени
құрылыс қайраткерлерінің Бүкілқазақстандық бірінші
съезіне дайындық есебінде мемлекеттік терминология
комиссиясының мəжілісін өткізіп, 10 мыңдай терминді
талқыға салды. Талқыға түсіп, «Бюллетеньде» жарияланған
бұл терминдер қандай принцип негізінде жасалғанын баян-
дайды. Ол ұсынған принциптің бірінші пункті бойынша ре-
волюция, совет, теория, практика, медицина, т.б. терминдер
аударылмай алынуға тиіс болатын; екіншіден, производство,
труд, деньги, корень, стебель, мышцы, деление, умножение
тəрізді аударуға келетін терминдердің қазақ тілінде балама-
сы болмаса, не аудармасы түсініксіздеу болып келсе, онда
сословие, состав, клетка, слет тəрізді сөздер сол күйінде
алынды.
Сондай-ақ, əрқилы ғылым саласында бір мағынады
қолданылатын түбір, форма, материя, морфология, ре-
акция, экскурсия тəрізді терминдерді бірегейлетіп алу,
халықаралық терминдерді (пролетарит, pyreltarijt емес)
орысша қалыптасқан түрінде қабылдау жəне -изация, -ифи-
323
кация, -ациялармен келетін машинизация, электрификация
тəрізді сөздерді машина + ландыру, электр + лендіру деп,
-ист, -изм жəне ре, син, де, суб, анти, контр сияқты сөзалды
қосымшаларымен келетін терминдерді сол қалпында енгізу,
авто, аэро, авио формаларымен келетін сөздерді авто-
жол, аэрошана, авиоқатынас деп қазақша сөздерді қосып
жазу сияқты сан алуан ұсыныстарын он бір пунктке шақтап
береді. Іле-шала бұл ұсынылған принциптер мəдениет
қызметкерлерінің съезінде он пункт болып мақұлданды.
Міне, осыдан былай қарай қазақ жазуында сəл де бол-
са жүйелілік пен сауаттылық негізі қалана бастады. Себебі
бұл принциптер Қ. Жұбановтың ойдан шығарған туындысы
емес, қазақ терминдерін жасауға себеп болған негіздерден
құралған заңды жалғастық болатын. Сөйтіп терминжасам
принципінде ұстанатын негіз қаланды, халықаралық термин-
дер мен өздік терминдерді іске жаратудың, дұрыс жазудың
бірыңғай жүйесі жасалды. Термин сөздерге жалғануға тиісті
қосымшаларды, əсіресе орыс тілінен енген қосымшаларды
қолданудың тəртібі қалыптасты. Мұны сауаттылық қаре-
кетімізді өзгеше сапаға көтерген саналы əрекеттің бірі
ретінде бағалауға тиіспіз.
Қ. Жұбанов терминология мəселесін қарастыруда жоға-
рыда сөз болған бірер мақаламен ғана шектеліп қалмаған.
Қазақ тілінің қандай бір проблемасын сөз етпесін, ол əрда-
йым терминология мəселесін назарында ұстайды. Əсіресе
алфавит пен орфография мəселесін тексергенде, пікіріне
термин сөздер табиғатын тірек етіп, бұларды байланыстыра
біріне-бірін ұштастыра қарайды. Мəселен, оның жоғарыда
көрсетілген орфография мəселесіне арналған екі мақала-
сының екеуі де терминологияға тікелей қатысты. Мұнда ол
латын жазуына негізделген қазақ емлесінің кемшілігіне бай-
ланысты аяқ алып жүруге болмайтын қателерге талдау жа-
сайды. Əсіресе, орыс жəне интернационалдық терминдерді
жазу барысында бой көрсеткен былықтардың сан түрін
көрсетеді. Panetijke, revolutsija, gymija тəрізді терминдердің
жазылуындағы өрескелдіктерді талдай келе, бұлардың өріс
324
алу себептерін іздестірді. Оның себебін табады да. Сөйтіп
одан құтылудың, оны болдырмаудың жолын қарастырады.
Мұндай кемшіліктің негізгі себебін ол қазақ орфография-
сында кейбір қажетті əріптердің болмауынан деп табады.
Атап айтқанда, əлгіндей сөздерді толық пішінде таңбалау
үшін «ф» мен «х» əрпінің жетіспей тұрғанын анықтайды.
Осындай əріптерді енгізу арқылы ғана сорақылықтардан
арылуға болады дегенді қызып айтады. Сонымен бірге оның
«у» дыбысының қосарлы таңбасы жайындағы пікірі де
жұртшылықты толғандырғаны мəлім. Бірақ өкінішке қарай,
ғалымның бұл əріптер жөніндегі ұсынысы дер кезінде қолдау
таба алған жоқ. Тек, бірнеше жылдардан кейін ғана тіл мен
жазудың даму сатысының өзі бұл пікірдің дұрыстығын
дəлелдеп шықты. Сөйтіп бұл əріптер қазір қазақ алфавитінің
толық мүшесі ретінде қатар түзіп, термин қалыптастыру
ісінде қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Аталған еңбектердегі өрбітілген ойлар мен қағидаға
бергісіз пиғылдар Қ. Жұбановтың тілдің табиғи тыныс-
тіршілігін, өріс-өзегін мейлінше терең сезінген дарын-
ды лингвист, білгір терминолог ғалым екенін дəлелдейді.
Мұның құндылығының тағы бір себебі терминология
мəселесінің ғылыми тұрғыда тұңғыш сөз болуында. Осыдан
былай қарай қазақ терминологиясы, үздік-создық болса да,
ғылыми зерттеу объектісіне айналды деп толық айта ала-
мыз. Соның бастауында тұрған Қ. Жұбановтың терминоло-
гия саласындағы бұл еңбектерін қарастыру арқылы біз қазақ
тілінің терминологиялық жүйесінің жасалу, даму, қалыптасу
іздерін, жолдарын, тарихын дұрыс түсініп, дұрыс бағалай
білеміз деп түюге болады.
Қ. Жұбанов терминология мəселесінің ғылыми проб-
лемаларын қарастырумен бірге, термин жасау ісімен
де шұғылданған. Дара етістік, қаратпа, қыстырма,
біріккен сөз, біріккен түбір, жетек сөз, түп мүше, жа-
мау мүше, тұйықша, сүйеншек есімше, қосалқы сөз,
қиюлы сөз, жалғауыш т.т. осыған дəлел. 1937 жылғы
«Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайында» деген
Достарыңызбен бөлісу: |