109
тілдік құбылыс екенін де ұмытуға болмайды. Əдетте, қазақ
тіліне ауысқан сөздерді үш топқа бөледі. Олар моңғол
тілдерінен ауысқан сөздер, араб-иран тілдерінен ауысқан
сөздер жəне орыс тілінен не орыс тілі арқылы келген сөздер.
Қазақ тіліндегі бұл үш топқа жататын кірме сөздердің
əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктері, сипаты бар. Моңғол
тілдерінен енген деп жүрген тілдік элементтер, негізінен,
тікелей қарым-қатынастың нəтижесінде сөйлеу тілі арқылы
ауысқан немесе түркі, моңғол тілдеріне ортақ, немесе
моңғол тілінен моңғол тіліне ауысқан сөздер. Олар XX ға-
сырға дейін тілімізге біржола сіңісіп, төл сөзіміз болып
кетті, болмаса жазба тілімізге енбей, сөйлеу тілден ұшты-
күйлі шығып қалды. Ал XІX, XX ғасырларда моңғол тілі
қазақ тіліне əсер ете қоймады. Сондықтан бұл кезеңде қазақ
тіліне моңғол тілінен енген сөз жоқ деуге болады. Оның
əртүрлі өзіндік себептері бар.
Моңғол, қалмақ халықтары мен қазақ халқының əртүрлі
қарым-қатынасы бұрынғыдай болмады. Қазақстанның Ре-
сейге қосылуымен байланысты екі арадағы жаугершілік,
шапқыншылық тоқтады. Моңғол, қалмақ тілдері қазақ
тіліне қарағанда, саяси-əлеуметтік, ғылым мен мəдениет,
экономикалық ұғымдарды білдіру жағынан ілгері да-
мып, ықпал етерліктей дəрежеде емес еді. Сондықтан
бұрынғы дəуірлерде еніп, қазақ тілінің байырғы сөзі болып
кеткендерін есептемегенде, XІX жəне XX ғасырлардағы
қазақтың мерзімді баспасөз тілінде моңғол тілінен енген
сөздер жоқ деуге болады. Жалпы, моңғол тілінен енген
сөздерді біздің тілшілеріміз жиірек сөз етіп, осы пікірді
тұрақтандыра бастаған түрі бар. Ал біздіңше, бұл түбегейлі
зерттеліп, əбден көз жеткізілген пиғыл емес. Əңгіме болып
отырған сөздер моңғолдың да, қазақтың да əлі халық болып
қалыптаспаған кезеңіне тəн. Олай болса, бұларды бір тілден
екінші тілге ауысқан элементтер деп дəлелдеудің өзі əбес.
Сондықтан бұларды екі тілге де ортақ сөздер деп қараған
жөн. Зерттеу жұмыстарын осы бағытта жүргізген дұрыс.
110
Ал араб, иран тілдерінің ықпалы бұдан мүлде өзгеше.
Бұл халықтармен қазақ халқының арасында тікелей қарым-
қатынас болған жоқ. Əрине, қазақ халқының құрамындағы
кейбір рулардың ерте замандарда бұл халықтармен бай-
ланысы болғанмен, кейінгі кезеңде, тіпті ортағасырлық
дəуірде, қазақтың халық болып қалыптасқан кезеңінен
бері қарай, тікелей қарым-қатынастың болмағаны айқын.
Араб, иран тілдерінің қазақ тіліне тигізген əсері тікелей сөз
алу емес, ол екі түрлі жағдайда көрініс беріп жатты: бірі –
қазақ халқы жеке жұрт болып бөлінбей тұрған кездегі
тигізген əсер-ықпалдың қалдығы немесе орта ғасырдағы
түркі əдеби тілінің əсерлері, екіншісі – кейінгі кезеңдерде
көбіне дін, діни оқумен байланысты көрші отырған түркі
халықтарының (мысалы, өзбек, татар т.б.) тілдері арқылы
енген сөздер. Араб, иран тілінің көптеген сөзі қазақ тіліне
сіңісіп, байырғы сөздер қатарына қосылды. Енді бір
сыдырғысы тек ескіше оқығандардың сөйлеуінде, жаз-
ба тілде ғана қолданылып отырды. Бұл екі жағдайда да
кірме сөздер бірде өздерінің о бастағы мағынасында ғана
жұмсалса, енді бірде жаңа мағына я мағыналық леп үстеліп
отырды. Мысалы, кітап о баста тек діни кітаптар болса, кейін
мазмұнына байланысты болмай, жалпы кітап атаулының
жинақтық атауына айналды. Ол бірден қалыптасып кеткен
жоқ, бірте-бірте жиі қолданыс нəтижесінде сіңді.
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жаз-
ба материалдарға назар аударсақ, діни емес немесе орыс
тілінде жазылған кітаптар, кейде оқулықтар, біраз уақыт
кнеге деп аталып келгенін байқаймыз. Сол сияқты дəулет
сөзімен қазақ тілінде мемлекет, мемлекеттік деген түркі
мағынасының бірі қалыптаспай қалып қояды. Міне, XX ға-
сырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз тіліндегі араб,
иран тілдерінен енген сөздер дегенде, дəл осы кезде бұл
халықтардың тілінен тікелей ауысқан лексемалар айтыл-
майды. Сол сияқты тілімізге енген жалпы араб, парсы сөздері
де əңгіме етілмейді. Өйткені олардың көбі-ақ бұл кезеңде
111
сіңісіп, белгілі функционалды қызмет атқарып, жаттығын
жойып кеткен.
Демек, XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімдік баспасөз
тіліндегі араб, иран тілдерінен енген сөздер дегенде, бұдан
бұрын кейбір жазба деректерде қолданылмаған, əдеби тілге
сіңбей қалып қойған, бірақ осы кезеңдегі газет-журнал-
дар ол сияқты тілдік элементтерді керегіне жаратып, əдеби
тілге енгізуге тырысқанын айтамыз. Сондай кірме сөздер
мен тұлғалардың көбі осы кезеңдегі мерзімді баспасөз тілі
шеңберінде қалып қойса, кейбірі əдеби тілге еніп, кейінгі
жылдардағы баспасөз тілінде де қолданыс тапты.
Араб-парсыдан енген кірме сөздер «Қазақ» (2.02.1913 –
ІХ.1918) газетінде де əр қырынан қолданысқа түскен. Ай-
наласы бес жылдың ішінде бұл газеттің 265 саны жарық
көрген екен. Қазақ халқының рухани өмірінде өзгеше ірі
құбылыс есебінде тарихта қалған бұл газеттің тілі, қолда-
ныстағы қызметі тіпті зор болды. Əсіресе, қазақ тілінің өз
мүмкіншілігін іске қосуда мұның рөлі айрықша болды. Со-
нымен бірге мұнда кірме сөздердің де қолданысқа енгізіліп
отыратынын байқауға болады. Бұлардың өзін екі топқа бөліп
қарастыру керек: а) қазақ тіліне араб-парсы тілінен келген
кірме сөздер; ə) орыс тілінен жəне орыс тілі арқылы енген
шет тілі сөздері. «Қазақ» газетінен орын алған араб-парсы
сөздерінің өзін екі топқа жіктеп қарау керек сияқты: 1. Қазақ
тілінің фонетикалық жүйесін бойына сіңіріп, өзімізде еніп
кіріккен араб-парсы сөздері. Олар: ереже, əскер, қызмет,
əкім, уəкіл, патша, құдай т.т. 2. Фонетикалық өзгеріске
онша берілмей, дербестігін сақтап қалуға тырысқан мақтаб
(мектеб), китаб (кітап), сыныф (сынып, класс) тəрізді қол-
даныстар.
Келе-келе бұларда қазақ тілінің заңдылықтарына бағы-
нып, өздік қазынамызға айналды. Біз бұдан термин сөздер-
дің қолданыстағы қалыптасу өрісін анықтаймыз.
«Айқап» бетінде араб, иран тілдерінен ауысқан ондай
кірме сөздер тақырыбы жағынан əр алуан болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |