97
құқық органдарының ісімен байланысты. Мағыналық жағы-
нан үкім сөзі айыптап та, арашалап та қабылданған шешім
болса, кескі – айыптап қабылданған шешім. Бұл – қазақтың
төл сөзінен жасалған шешім, қазақтың төл сөзінен жасалған
етене лексема. Кес деген етістік түбірге зат есім тудыратын
-ік жұрнағы жалғанып, оның үстіне қатыстық сын тудыра-
тын -і жұрнағы үстеліп барып жасалған. Кейде ол соңғы -і
жұрнағынсыз да қолданыла береді. Мұндай сұмдыққа қазақ
айтқан жол жоқ. Кесігінде айтпапты, – деді... Жаңағыдан
əрі жазылған жоқ. «Пəлен етем» деп кесікті байлауын да
айтпады (М. Əуезов. Абай жолы, 1-т., 25-26-бб.).
Көркемсөз шебері, тіл білімпазы, нəзік талғамды М.Əуе-
зов кескі (кесік) сөзін кəдеге жаратып, құбылтып қолданған.
Бұл сөзді тек атау күйінде терминдік мəнде ғана емес, одан
сын есім де туғызып, жаңа тіркес құрамында да жұмсаған.
Майыр сөзі о баста араб тілінен енгенімен де кейін əдеби
тілден орын алған, ұста, шебер, өнерлі мағыналарында
қолданылып жүреді. Бір өкініштісі, осылардың бірде-бірі
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» енбей қалған. Жеңсік
сөзі де сирек қолданылатын сөздің бірі. Құмарлық, сүйген
іс мағынасында қазіргі жазба əдебиетте де кездесіп қалып
отырады. Бір қызығы, бұл сөз жазба əдебиет, баспасөз тілін-
де қолданылуының арқасында жаңа тіркестер құрамында
қолданылып, тіркесімділігі арта түсті. Сол сияқты көне тіл
элементтерін қайта жаңғырту тенденциясы да байқалады.
Қазіргі жазба əдеби тілде кездеспейтін немесе басқа фор-
мада жұмсалатын сөздердің «Айқап» тілінде қолданылуы
да жиі ұшырасып отырады. Оның белгілі бір негізі де жоқ
емес. Жалпы «Айқап» журналы тіл туралы жарияланған
кейбір мақалаларында болсын, практикалық ісінде болсын
түркі тілдерінің бір-біріне сөздік құрамы, грамматикалық
құрылысы жағынан да алшақтап кетпей, қайта жақындата
түсу бағытында болады. Бұл бағыт журналдың орфограм-
масынан да анық байқалады. Көптеген қосымшаның қажет
деген жерде қатаң, кейде ұяң нұсқалары жазылмай, тек со-
98
нор (ұяң) дыбыстан басталатын түрлерінің қолданылуы осы-
ны көрсетеді: қарттар емес – қартлар я қартдар, халыққа
емес – халығғе; бастырушы емес – басдырушы, облыста
емес – облусда, білікті емес – біліклі т.б. Басқаша сөзбен
айтқанда, «Айқап» журналы сөздің жазылуында ортаға-
сырлық түркі əдеби тілі дəстүрлерін сақтауға тырысқан.
Бұл жеке лексемалардың қолдануынан да байқалады. Бір-
неше мысалдар: Мен бұл сөздерді дуспандықменен жа-
зыб отырғаным жоқ, замандастарымның анасыздығына
көңілім ренжігеннен жазыб отырмын («Айқап», 1914, №22,
205-б.). Һəркешінде татар қарындастарымыздың көздері
ашылуб, файда-зарардың арасын айырарлық адамдардың
жетісуб дін, дүния оқуының керегін түсінген кісілері көбейі
бастады (Сонда. 1913, №9, 194-б.). Сондай закон біздің Рус-
сияда да тузулуб жатыр (Сонда. 1912, №2, 198-б.). Біздің
қазақ Руссияға табиғ болғаннан бері, бұрыннан да Оралдың
тауынан күншығысқа қарай Қытай границиясына шейін
жайылған, мал асырауымен күн көріб, көшіб жүрген халық
еді (Сонда. 1912, №2, 42-б.).
Аң сөзі осы түбір жалғасында көне жазба нұсқаларының
көбінда-ақ ой-өріс, білім, ақыл мағыналарында жұмсалған.
Мысалы: Махмұд Қашқари сөздігінде ол сөз түсіну, білу,
ортаазиялық тəфсір, Сейф Сараи шығармасында, «Қосырау
мен Шырын» тілінде, Абу-Хаянның грамматикасында, «Құ-
тадғу білік» дастанында Əбілғазы мен Қыдырғали Жала-
йыри еңбектерінде т.с. бірде ақыл-ой, бірде білім, ес, бірде
еске түсіру, ойлану, ақыл қорыту, пайымдау мағынасында
қолданылған. Атау тұлғасында жəне -сыз (аңсыз) қосым-
шасы жалғанған аң сөзі қазақ баспасөзінде 1920 жылдарға
дейін қолданылып келді. «Һəм миллиондаған халықты
əсіресе шет ұлттарды қалайша караңғылықпен аңсыз
надандық да өз файдаларын білмес дей меңіреу, керектерін
сұрай алмастай мылқау етіб ұстау қамында болыб со-
нымен ғана шұғылданады» («Мұғалім», 1919, №2, 25-б.).
Кейінгі кезеңдерде сөздің мұндай түбір тұлғалары (ақыл, ой-
өріс, білім мағыналарында) қолданылудан біртіндеп шығып
99
қалды. Қазіргі əдеби тілімізде бұл сөздің аңдау, аңғару
сияқты тұлғалары байқау, пайымдау, абайлау, сезу, түсіну
мағынасында қолданылады. Қазіргі қырғыз тілінде ғана аң
сөзі ақыл-ой, сана мағынасында түбір күйінде сақталған.
Қарындас сөзінің «Айқап» қолданған мағынасы да өз-
геше. Көне жазба ескерткіштерде бұл сөз қазіргі қазақ
тіліндегідей өзінен жас жағынан кіші əйел туыс қана емес,
жалпы туыс – оған аға да, іні де, ана да, қарындас та, сіңлі
де кіреді. «Айқап» бұл сөзді кеңірек мағынада қолданған.
Бұлай қолдану жалғыз «Айқап» тілінде ғана емес, бұл
кезеңдерде шыққан басқа да жазба əдебиет тілінде ұшы-
расады.
Табиг, тапуғ сөзінің мағынасы А.А. Семеновтың көрсе-
туінше, тек қызмет ету (служить, услуга) ғана емес, оның
терминдік те мəні болған. Юсуб Баласағунның «Құтадғу
білігінен» бастап, кейінгі дəуірлерге жататын жазбалардың
көбінен бұл сөз кездесіп отырады. Соның қай-қайсысында
да бұл сөз қызмет ету, қызмет көрсету дегеннен гөрі
жалбарыншы болу, табыну, бас иіп, тағзым ету сияқты
мағыналарында қолданылады. Табиғ (тапуғ) сөзінің тұрақ-
танған белгілі терминдік мəні жайында А.А. Семенов мына-
дай мəлімет келтіреді.
«Парсы тарихшылары Мирхонд мен оның немересі
Хондемирдің еңбектерінде Тимурид Султан Хусейн мыр-
за Дешті қыпшақтың ханы Абулхайыр ханға барғанда
табиғ (тапух) жасағаны көрсетіледі. Улуғхан алдында бас
киімін алып, қолымен құлағын ұстап, еңкейіп келіп тағзым
етеді. Бұл сөз осы дəуірде белгілі бір тұрмыстық ұғымды
білдіретін дараланған термин болған. Сондықтан оның
беретін мағынасы қызмет ету, қызмет көрсету емес, толық
бағынышты, қарауында болу, бағынышты қызмет, қол
астында болу сияқты»
40
.
40
Семенов А.А. Уйгурское «табук» (тапук) и его историко-бытовая параллель
в языке узбеков XV в. // Белек С.Е. Малову. Сб. статей. Фрунзе, 1946. С. 55-56.
Достарыңызбен бөлісу: |