103
кітабу ағайрионға жақын өкей диқаншылық хақында шыға-
рылған майда-майда кітабшаларды барлығын біріктіріп,
үлкен һəм тəртібді қылыб жазыб, кем жерлер болса, басқа
жақдан толықтыруб басылса, қазақ үшун көб қолай болар
еді («Айқап», 1912, №10, 236-б.). Сол сияқты еркіншілік,
көшпелілік, мəденилік, бəдуилік, солдатлық, мұғалімдік де-
гендерде анық көрінетіндей, бұл қосымшалар алуан түрлі
мағыналық реңкте жұмсалған. -Ша жұрнағы кішірейткіш
мағына беріп тұр, оны аңғарта түсу мақсатымен «Айқап»
ол жұрнақ жалғанған сөздің алдына майда-майда деген
анықтауышты қолданған. -Шылық, -шілік қосымшасы əдет-
тегі кəсіпті мамандықты білдірумен қатар (диқаншылық,
көпшілік) дерексіз абстракті, жинақтық ұғымды да көрсе-
туге бейім дегені байқалады. Сол сияқты -лық, -лік қосым-
шасы қатыстық мағынамен қатар жинақтық, дерексіз ұғым-
ды қоса көрсетуге бейімделген.
«Айқап» тілінде кездесетін өнімді жұрнақтардың бірі –
есім сөздерден етістік тудыратын -ла, -ле, -да, -де, -та,
-те қосымшасы. Ол жұрт оқиды, өнерленеді, тірі болады
(«Айқап», 1912, 113-б.). Бұл сауалға кесуб болады (Сонда.
1911, №10, 7-б.). Сатуға жұмсарлық жерлер Торғай, Ақмола
облусларында һəм Тобыл губернасында бес жүз мың де-
сетинелеб есебтеледі (Сонда. 1913, №4-5, 73-б.). Жалпы,
осы жұрнақтар арқылы жаңа сөз жасау процесі – өте көне
құбылыс. Көне жазба мұраларымызда қазіргі əдеби тілде
қолданылмайтын туынды сөздер көптеп ұшырасады: атлат –
атқа отырғыз (Тоньюкук), елге – (елде) – ел құру, одақ
құру (Күлтегін), сүле – əскермен жорыққа аттанып соғысу,
қаганла – хан болу (Күлтегін, Тоньюкук) т.б.
Өнер сөзінен туған етістік кейінгі кездегі баспасөз тіліне
қабылданбай қалды. Сол тəрізді десятина сөзінің тілге
енбей қалуымен байланысты десятинелеп етістігі де тұ-
рақты орын ала алмады. Жоспарлап етістігі «Айқап» тілінде
болжау, топшылау мағынасында қолданылса, кейінгі кез-
104
де ол сөз істелетін істі алдын ала жүйелі түрде жобалау
мағынасында қалыптасты.
«Айқап» тілінде сөз жасау процесіңде осындай байырғы
қосымшалармен бірге араб, иран тілдерінен ауысқан фор-
маларды қолдануда жиі кездесіп отырады. Мысалы, Өлең
айтушы əнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деб көрсетпей,
есті деб қадірлі етуб көрсетуге тырысыңдар («Айқап», №13,
294-б.). Қуанушы едік: бізден де Писарев, Белинский, До-
бролюбовтар шығуб, жолдан тайған жазымпаздардың қа-
ламын түзеб тұрады ғой деб (Сонда. 1914, №2, 24-б.). Осы
аталған бес түрлі кеңес хақында жазылған қарарнаме уезд-
ный начальникнің қолына табсырылды (Сонда. 1912, №2,
41-б.). Жақын жерде натариус тұрса, оған баруб наториаль-
ный өсиетнама жаздырған артық (Сонда. 1913, №6, 212-б.).
Осы күнге сахара низам – нəмесі өзгерілуге лайық ба?
(Сонда. 1913, №10, 222-223-бб.). Қазақ мектеблерінде
шəкірт балаларға марқұмның ғұмыр нəмəсі оқылыб, халыққа
қадірі қымбаты қандай екендігі түсіндірілді (Сонда. 1915,
№2, 17-б.). Кираатхананың жоқдығын жазыбды (Сонда.
1914, №24, 140-б.).
Осы мысалдардың өзінен-ақ «Айқап» тілінде -паз, -нəме,
-хана тұлғаларының сөз тудырғыштық қызметі біршама кең
болғандығын байқаймыз. Əнпаз, жағымпаз сөздері қазіргі
əнші, ақын, жазушы, көркемсөз шебері дегендердің орны-
на қолданылған. Əрине, кейінгі жылдары бұл сөздер осы
мағынасында жазба əдеби тілде қалыптасып, тұрақты орын
ала алмады. Жазымпаз деген сөз қазіргі жазба тілде жазу-
шы емес, көп жазушы, жылдам деген ұғымды білдіреді.
Бірақ -паз қосымшасы қазіргі баспасөз тілінде жаңа сөз
жасауға мүлдем қатыспайды деуге болмайды. Газет-
журнал беттерінде осы арқылы туған жаңа терминдерде
қолданылып отырады. Футболдан «А» класының екінші
тобындағы жеңімпаздардың ақтық ойындары əр тур сайын
шиеленісе түсуде (СҚ. 1967, 29 қазан). Бұл жерде жеңімпаз
105
сөзі тек победитель мағынасында емес, сонымен бірге
оның терминдік мəнін де сақтап тұр. Қарарнəме, өсиет-
нəме, ғұмырнəме сөздеріндегі -нəме тұлғасы түп төркінін-
дегідей жазылған, жазба түрдегі деген мағынаны «Айқап»
тіліндегі қолданыстада сақтап тұр. Яғни бұл сөздер жазыл-
ған қарар, жазылған өсиет, жазылған заңдар (уложение),
жазылған өмірбаян деген мағынада қолданылған. Осы
мəнде бұл қосымшаларды қолдану тəжірибесі қазақтың
алғашқы мерзімді баспасөз тілінде де болған. Жетісу
облысының почта бастығы мəлім қылады. Мəлімнəме (ТУГ.
1876, 27 наурыз). Жария бұйрықнəме, яғни циркуляр дала
уəлаятын билеп тұрушы (ТУГ. 1888, 1 қаңтар). Түркістан
генерал-губернаторының бұйрықнəмесі (ТУГ. 1870, 30 қара-
ша). Бірақ бұлай қолдану əрқашан жүйелі түрде сақтала
бермейді. Циркуляр, яғни жария бұйрыққа (ТУГ. 1888, 19
ақпан).
«Айқап» тіліндегі – ханə арқылы сөз тудыру процесі
одан əріректегі жазба тілде, баспасөз беттерінде кездесіп
отырады. Мысалы, «Дала уəлаятының газетінде» баспаха-
на деген сөз редакция мағынасында қолданылған. Баспа-
ханадағы хат («Дала уəлаятының газеті», 1889, 21 шілде),
Ақмола облысы газетінің баспаханасына (Сонда. 1890, 5
қаңтар). «Дала уəлаятының газетінде» кейде редакция сөзіде
кездеседі. Құрметлу «Дала уəлаятының редакция газетінің»
мекемесіне мағлұм етіб, көп пайдасына жазамын (Сонда.
1900, 20 ақпан).
«Айқапта» қолданылған қираатхана – оқу үйі, оқу залы
мағынасын білдіреді. Өйткені қираат – араб тілінде оқу,
XX ғасырдың бас кезіңдегі жазба əдебиеттер тілінде бұл
сөз осы мағынасында қолданылады: мектептерге арналған
оқу кітаптары мен хрестоматиялар қираат кітабы деп атал-
ды. Ол оқухане, «Айқаптың» өзі түсіндіруі бойынша түркі
əдебиеттерін оқудың үйірмесі (кружок по изучению тюрк-
ско-татарской литературы). Жазба əдеби тілге «Айқап» қол-
данған науқасхана (больница) енбей, осы үлгімен жасалған
аурухана сөзі қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |