Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет123/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125

тап  барып  Мемтеринкомға  ұсынып  отырса,  белгілі  бір 
жүйе қалыптасқан болар еді.
Бұрын мұндай тəжірибе болған. Əрине, бұл оңай жұмыс 
емес, уақыт көп кетеді.
Егер  қаржыландыру  жағы  қарастырылар  болса,  жұмыс-
тың жүретіні даусыз.
Ұйымдастыру  жағын  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл 
білімі  институты  Ғылыми  терминологиялық  орталық  өз 
міндетіне алар еді.
Ғылым  тілі  мен  мемлекеттік  тіліміздің  еркін  тыныстап, 
қалыптаса қанаттана түсуі үшін бұл мəселенің септігі тиер 
деген  ойдамыз.  Өйткені  бұлардың  тіні – терминология 
мəселесіне барып тіреледі.


384
ТЕРМИН ТҮЗУДЕГІ ЖҮЙЕЛІЛІК ПРИНЦИПІ
Кез  келген  тілдің  жай-күйі  оның  қолданылу  дəрежесіне 
өте-мөте тəуелді екені белгілі. Бүгінде нақты өмірден едəуір 
оқшауланып  келген  тілімізге  мемлекеттік  тіл  міндетінің 
жүктелу  жайы,  оның  икемдік,  əсемдік  сипаттарын,  жалпы 
мəдениетін жан-жақты жетілдіруді талап етеді. Өйткені тілдің 
шын  мəніндегі  мемлекеттілігі,  қоғам,  мемлекет  тарапынан 
оны олай етуге деген риясыз мүдделілік болуына ғана емес, 
тілдің,  əдеби,  ресми,  ғылыми  жазу,  сөйлеу  қажеттіліктерін 
толыққанды  қанағаттандырарлық,  ішкі,  əлеуеттік  (потен-
циальный)  мүмкіндіктерінің  айқындығымен  анықталады. 
Ондай мүмкіндіктерге тілдің жалпы жəне əрбір сала бойын-
ша  сөздік  қоры  мен  түсініктері  сараланып,  грамматикалық 
жүйелері  жетіліп,  қолданыстық,  оралымдық  қалыптары 
(нормалары)  орнығуын  жатқызар  едік.  Ойлау,  сақтау  жəне 
қатынас  қажеттіліктерін  ерекше  күш  жұмсамай-ақ,  еркін 
түрде қанағаттандыра аларлық тіл ғана жалпыхалықтық тіл 
болуға табиғи құқық алмақ.
Бұл ретте, тіліміздің мемлекеттілігін жүзеге асырып, ресми 
жазу тілін орнықтыруда, қолданыстық аясының кеңдігі жəне 
барлық тілдік стильдермен тікелей байланыстылығы себепті, 
іс-қағаз  тілі  мен  аталымдар  жүйесі  басты,  кіндіктік  рөл 
атқарары белгілі. Бұған дейін қазақ тілінің іс-қағаздарында 
қолданылуы,  іс  жүзінде,  жоққа  тəн  болып  келгендіктен, 
оның  қолданыстық,  жазу-сызулық  қалыптарының  өмір 
өзгерістеріне ілесе, үйлесе даму мүмкіндігі, əрине, болмады.
Осы  себепті,  іс-қағаз  аталымдары  қатарын  қазақ  тілінде 
түзерде,  əдеттегі,  орыстық  үлгіден  көшіріліп  алына-
тын,  таптаурын  тəсілден  «айнып»,  тілдік  жəне  тірліктік 
жағдайымызды  ескергеніміз  абзал.  Оның  үстіне  іс-қағаз 
аталымдары  жүйесінің  басқа  ғылым  салаларындағыдан 
бірқатар өзіндік ерекшіліктері де жоқ емес.


385
Атап айтсақ, іс-қағаз аталымдары мен түсініктерінің не-
гізгі құраушы көздері – ғылым, өндіріс, тұрмыс, əлеуметтік 
сала аталымдарының өзі елеулі өгеріске ұшырап отыр жəне 
іс-қағаз  аталымдарының,  негізінен,  əртүрлі  сала  аталымда-
рынан  құралу  жайы  да,  оның  негізгі  терминдері  құрамын 
дұрыс анықтап, көлемін шектей білуді жүктейді. Өйткені кез 
келген арнайы сөздікте сол салаға қатысты деген терминдер 
мейлінше  толық  іріктеліп  қана  қоймай, «аз  керектіні  көп 
керексіздер  арасынан  іздеп»,  əуре  болып,  уақыт  жоғалтпас 
үшін онда басы артық бірде-бір термин болмауы шарт.
Екіншіден,  о  баста  орыстық  үлгіден  көшіріліп  алынған 
іс-қағаз аталымдарының өзін жіктеп, жүйелемегелі де біраз 
уақыт болды. Ал өмір өзгерістеріне аса сезімтал келетін, іс-
қағаз тілі үшін бұл өте маңызды болып табылады. Сондай-ақ, 
қоғамдық  қатынастардың  күрт  өзгеруі,  іс-қағаз  түсініктері 
мен  аталымдарының  бір  тобы – советизмдердің  тілдік 
қолданыстан  шығып,  олардың  орнын  нарықтық  қатынас 
түсініктері басуын туғызды жəне бірқатар аталымдар табиғи 
тұрғыда ескіріп, қолданылмайтын болып жүр. Бұл жайттар 
да терминдік қатар құрамын қайта қарауды қажет етеді.
Үшіншіден,  тілдік  ахуалымыздағы  жаңа  жағдайға  бай-
ланысты  термин  жасауға  деген  көзқарас,  əдепкі  даму 
қажеттілігінен туындайтын, қатардағы ғана емес, түбегейлі 
өзгеріске  ұшырап  отыр.  Бұрын  термин  жасау  ісі  қалай 
болса  солай  жəне  орыстық  нұсқасынан  тікелей  көшіріле 
жүзеге  асырылып,  оның  ғылыми  негізді,  тіл  ерекшіліктері 
ескерілген  жəне  тірліктік  дəйектелген  тəсілдері  жасалмай 
келсе, енді ол – тілдік жəне тірліктік мүдделер үйлесімділігі 
жан-жақты  ойластырылған,  өзіндік  шешімді  талап  ететін, 
дербес мəселеге айналды.
Əдетте,  түстеп  тізе  берсе,  əр  саланың  өзіне  ғана 
қатысты  терминдер  мен  түсініктерінің  өзі  шексіз  көп  бо-
лады.  Мəселен,  немісше-орысша [1] жəне  ағылшынша-


386
орысша [2] металлургиялық сөздіктерде 40 000 жəне 66 000 
сөздер  мен  сөз  тіркестері  тіркелген  екен.  Əрине,  кез  кел-
ген  тілдің  де,  саланың  да  сөздік  қоры  түгелдей  белсенді 
тілдік  айналыста  болмайтыны  сияқты,  бұл  сөздіктерде 
келтірілген  терминдердің  бəрі  де  металлургияға  тікелей 
қатысты  болғанымен,  олардың  қолданылу  жиілігі  жəне 
сала  ғылым-білімін  дамыту,  таратудағы  рөлі  бірдей  емес 
екені  анық.  Аталмыш  сөздіктер  металлургия  саласына 
қатысты деген түсініктер мен атаулардың жалпы жиынының 
«қоймасы»  болып  табылады,  бірақ  қолдануға  тиімсіздігі 
жəне  сұраныссыздығы  себепті,  əрбір,  арнайы  мақсатты 
сөздіктерде  олардың  бəрін  бірдей  келтіре  беру  міндетті 
де,  мүмкін  де  емес.  Айталық,  осы  металлургияның  негізгі 
терминдері сөздігінде [3] 7 000-ға жуық қана терминдердің 
түсіндірмесі берілген.
Ендеше,  əр  сала  негізгі  терминдері  қатарына  сол 
саланың өзіне ғана тəн, төл түсініктері мен аталымдарының 
маңыздыларын,  саланың  түрлі,  ғылым-білімдік,  ресми 
хаттарын  жазуда  өте-мөте  жиі  қолданылатын  салааралық 
жəне  жалпықолданыстық  (жалпығылымдық)  аталымдар 
жатқызылады.  Термин  түзу,  сөздік  жасау  тірліктерінде,  ең 
əуелі,  саланың  негізгі  терминдері  құрамын  дəл  анықтау 
қажет  жəне  оларды  салаға  қатысы  жоқ  деп  айтуға  болмай-
тын,  мыңдаған  терминдер  дүрмегінен  ажырата  білу — аса 
ыждахаттылықты талап етеді.
Ресми  іс-қағаз  тілін  арнайы  зерттеген  Н.Ерғазиева 
оның  құраушы  көздері  ретінде  кеңсе  жəне  ресми  хаттар, 
əкімшілік-құқықтық,  халықаралық  қатынас,  тауар  өндірісі, 
есеп-қисап,  əскер  түсініктерін,  тұлғалар  мен  лауазым-
дар  жəне  мекеме,  ұйым  аттарын [4] көрсетеді.  Біздің  ойы-
мызша,  бұл  қатарды  əлеуметтік  өмір,  тарихи-саяси  жəне 
басқару  тіршілігі  түсініктерімен  толықтыруға  болады. 
Мұндағы, сала терминдерін іріктеу қиындығы, оны құраушы 


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау