Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет111/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   125

343
дің  өзінде  маңызын  жоғалтқан  жоқ.  Ол  əлі  де  болса  қазақ 
арасында  өсімдік  өмірі  жөнінде  ғылыми  білімді  таратудың 
өте құнды құралы болып табылады» делінген. 
Бір ғажабы, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарда қаймағы 
бұзылмаған ана тіліміздің байлығы термин жасауда ұтымды 
пайдаланылған. 
Кезінде  ұлт  тілінде  термин  жасаған  ұлт  зиялыларының 
тілді  жақсы  білумен  қатар,  осы  тілдің  заңдылықтары  мен 
сөзжасам  тəсілдерінен  хабары  мол  болғанын  байқауға  бо-
лады. Оған А. Байтұрсынұлының, Е. Омарұлының, Н. Төре-
құлұлының, М. Жұмабайұлының, Ж. Аймауытұлының, Ха-
лел Досмұхамедұлының, Ж. Күдериннің, С. Қожанұлының, 
Т.  Шонанұлының  т.б.  өткен  ғасыр  басындағы  қазақтың 
тілінің  қалыптасуына  атсалысқан  алаш  азаматтарының  жа-
саған терминдері мен жазған еңбектері дəлел бола алады. 
Қазіргі  кездегі  терминологиялық  лексиканың  жасалуы 
мен  қолданылуы,  қалыптасуы  мен  дамуы,  сонау 1920-30 
жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақша терминжасам 
үлгілерінің,  принциптерінің,  қағидаларының  жалғасы  деп 
айтуға болады. 
1920–1930  жылдары  шет  сөздерге  ана  тілінен  балама 
табуға  ұмтылу  əрекеті  басым  болғанын  сол  кезеңдерді  са-
лыстыру, зерттеу арқылы көз жеткізіп отырмыз. Бұл кезеңде 
дəуір  зиялыларының  ұлт  тіліне  баса  назар  аударуы  қазақ 
тілінің мəртебесін жоғарылатты. Мұндай сөз тасқыны қазақ 
тілінің  тарихында  бірнеше  дүркін  болған  болса,  бұл  күнде 
халқымыз  тіл,  термин  мəселелерінен  қиналмайтын  еді. 
Олай дейтініміз ұлт тіліне деген жаңаша көзқарастың сипат 
алуына,  тілдің  төл  қоры  арқылы  жаңа  атау,  терминдер  жа-
сау,  қайта  құрау  процесінде  олардың  қазақыланған  атаула-
рын  жасауда,  тілдің  төл  мүмкіншіліктерін  іздестіруде 1920 
жылдарда  тілімізде  пайда  болған  терминдеріміздің  өзіндік 
ерекшеліктерін зерттеудің маңызы ерекше. Бұл кезеңді тер-
мин  дамуының  өз  алдына  бір  дəуірі,  үлкен  тарихи  кезеңі 
деп  қарау  орынды.  Өйткені,  ол  бүгінгі  таңдағы  білім  тер-
миндерін жүйелеуде негізгі нысана болмақ. 


344
«Пəн тілі ең əуелі қазақ халқының сөзінен ізделінсін» де-
ген ұстанымға сүйенген кезеңнің тəжірибесі бүгінгі терми-
нологияны ана тілінде дамыту үрдісіндегі негізгі тірек болуы 
тиіс. Соңғы тұста жарық көріп, кейін қалыс қалған атаулар 
өте көп. Ал оларды қайта жаңғырту, сол дəуір зиялыларының 
термин  жасау  шығармашылығындағы  əдіс-тəсілдерін  зерт-
теу  бүгінгі  тіл  мамандарының  міндеті.  Олай  болса, «Ескі 
сөз – жаңа сөздің түп қазығы» дегендей, 1920–30 жылдарда 
білім саласындағы терминдерге назар аударып, əдеби тілдің 
кəдесіне  жарайтын  баламаларды  актив  сөз  қатарына  қосу 
керек. 
Қорыта  айтқанда,  жат  сөздердің  орнына  жұртшылық 
жылы  қабылдайтын,  болашағы  зор  жаңа  қазақша  балама 
қалыптастыру, оның заңдылықтарын ашу, оған үн қосу – бір 
адамның емес, бəріміздің міндетіміз. Ол үшін қазақ тілінің 
сөз байлығы, көне замандардан келе жатқан байырғы сөздік 
қорын жан-жақты пайдалануымыз қажет. 
Өткеннен  сабақ  алмаған  өнер  де,  білім  де  алға  басып 
өркендемек емес. Олай болса А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұ-
хамедұлы,  М.  Жұмабаев,  Ж.  Аймауытов,  Қ.  Жұбанов  т.б. 
тəрізді  біртуар  асыл  азаматтардың  педагогикалық  еңбекте-
рін  қайта  қарап,  қайта  енгізу  бүгінгі  ұстаздар  міндеті.  Ал 
1920–30  жылдардағы  термин  жасау  тəжірибесін  зерттеу – 
қазіргі  терминологияның  сан  салалы  сауалдарына  үлесін 
қосар бірден-бір дұрыс нысана. 
Сөз  соңында  Ə.  Кекілбаевтың  мына  сөзіне  назар  аудар-
ғанды  жөн  көрдік: «Арғы-бергідегі  арманда  кеткен  баба 
буынның, бүгін ортамызда жүрген аға буынның халқымыз-
дың  осы  күнге  дейін  аман  жетіп,  өніп,  өрбуіне,  өсіп-
өркендеуіне қосқан қай үлесін де əділ бағалап, олар салған 
игі дəстүрлерді жемісті жалғастырып, жеткен жетістіктерді 
одан  əрі  дамытып,  жете  алмай  кеткен  жеңістеріне  батыл 
құлаш  сермеп,  шеккен  тауқыметтерінен  тиісті  қорытынды 
шығарып,  алға  жылжуымызға  септігі  тиер  шарапатты  та-
ғылым ала білсек қана, аузымызға алалық, ісімізге шалалық 
кірмесі даусыз». 
Бұл мақаланың да көздеп отырған негізгі мақсаты осы. 


345
ТЕРМИНДЕНУ ПРИНЦИПІ ХАҚЫНДА
Қазақ  əдеби  тілі  əр  алуан  лексикалық  арналардан 
құралатынын  лингвист-ғалымдарымыздың  көбі  мойындай-
ды
1
.  Бірақ  оны  қазбалап  зерттеп,  қадағалап  қарастырып, 
əрқайсысына тəн өзгеше сипатын тануда істелетін жұмыс əлі 
де баршылық. Сол тарамдана толысып, сөз байлығын молай-
тып жатқан салалардың мүмкіншілігі мен ауқымын анықтап 
алмай  тұрып,  əдеби  тіл  жайында  əңгіме  қозғау  қиын.  Неге 
десеңіз,  қоғам  өміріндегі  əлеуметтік  өзгерістер  əсерінен, 
белгілі  дəрежеде,  тілде  де  əрқилы  құбылыстар  болып  жа-
татынын  біздің  қоғамдық  өмір  дəлелдеп  отыр.  Əсіресе, 
ғылымның,  техника,  өнердің  т.т.  тарихта  бұрын-соңды 
болмаған  сапада  жандануына  байланысты  ана  тіліміздің 
қолданыс өрісі кеңейіп, əлеуметтік мəні арта түскені мəлім. 
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  əдеби  тіліміздің  ауқымын 
аумақтандырып,  оның  ғылыми  өрісін  нақтыландырып 
отырған терминологиялық лексиканың жөні мүлде бөлек.
Тіліміз  дамыды,  жетілді,  қызметі  артты  дегенде  ойға 
алдымен  оралар  арналардың  бірі – осы  термин  сөздер 
жүйесі. Қазақ тілі терминологиясының мəселелері түбегейлі 
зерттеліп,  салалары  сараланып  бітті  деп  əзір  айта  алмай-
мыз.  Тіпті,  керек  десеңіз,  термин  деген  сөздің  өзінің  мəн-
мағынасын  түсіндіруде  əлі  күнге  ала-құлалық  кездеседі. 
Мұның бер жағында əрбір ғылым саласының өзіне тəн тер-
миндер  жүйесін  тұрақтандырып,  сұрыптауға  байланысты 
қарастырар қаншама əңгіме бар. 
Бүгінгідей  арқалы  жиында  «Термин  дегеніміз  не?  Оны 
қалай түсінеміз?» деген мəселені тағы бір тəптіштеп алудың 
артығы жоқ. Ғылыми түсініктеме беретін көптеген сөздіктер 
мен  сұраулық,  сондай-ақ  осы  саланы  қазбалап  қарастырып 
жүрген  мамандар  пікіріне  жүгінсек,  бұл  сөздің  түп  төркіні 
1
  Балақаев  М.  Қазақ  əдеби  тілі  жəне  оның  нормалары.  Алматы: «Ғылым» 
баспасы, 1984. 183 б.


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау