340
бинштейин, Сиворцов, Смирновтардың педагогика туралы
еңбектері). Бізде бұрын жасалған пəн тілі болмағандықтан,
түрлі терминдерге тап басқандай қазақша сөз табу көп күшке
тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жəрдемімен
таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан
тілі болып кеткен шет сөздерді қазақшаға аударам деп азап-
тануды тиімді деп таппадым». М. Жұмабаев еңбегінде
педагогикаға жəрдемші сөздер екіге бөліп қарастырылған.
Бірінші, дене туралы пəндерге анатомия, физиология, ги-
гиена пəндерін жатқызып, атау сөздерін (терминдерін) сол
күйінше аудармай алған да, анықтамасын дəл берген.
Анатомия. Адам құрылысын баяндайды (денеде қандай
мүшелер бар, жаратылысы қандай).
Физиология. Адам денесінде болатын көріністерді баян-
дайды (қан жүру, демалу сықылды).
Гигиена. Саулықты сақтау пəні.
Гимнастика. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы
туралы пəн.
Екінші, жан туралы пəндерге психология, логика мен эти-
каны жатқызған.
Психология. Адам жанын, жан тұрмысын, жан көрініс-
терін, жан күштерін, ақыл, қайратын, көңілдің жанын баян-
дайтын пəн.
Логика. Дұрыс ойлау жолдарын көрсететін пəн.
Этика. Құлық туралы пəн деп анықтамасы нақты да
дəлелді берілген. Негізгі еңбек он бес бөлімнен тұрады:
Сөз алды
1. Жинағы.
2. Жетекші сөз.
3. Жалпы педагогика.
4. Дене тəрбиесі.
5. Əсерленуді бөлу.
6. Абай.
7. Суреттеу.
8. Ес.
341
9. Қиял.
10. Ойлау.
11. Тіл.
12. Қайрат.
13. Баланың жалпы жаратылысы.
Ғалым белгілі бір ғылыми ұғымдардың қазақша балама-
сын алғанда оның сол ұғымды дəл беруін, сондай-ақ келе-
шекте сол терминдердің қазақ тілінде алатын тұрақты орны
қандай болмақ деген сияқты мəселелерге көңіл аударғанын
көреміз. Құлықтылық – нравственность, сұлулық – прекрас-
ное, жылулық – температура, елес – иллюзия т.б.
Əсерлену ұғымы. Нерв системасы алып келген əсерді
жанның ұғуы, аңдуы, əсерлену деп аталады. Мысалы:
Жан алдымен білімді осы əсерлену арқылы алады. Абай
дегеніміз сыртқы дүниедегі бір затқа, яки ішіміздегі бір жан
көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның төнуі,
нүктеленуі деген сөз. Мысалы: Абай болмаса, біз сыртқы
заттардан əсер алып, олармен таныса алмаймыз. Еріксіз
абай. Біз тілемеген уақытта, яки тілегімізге қарсы бір нəрсе
біздің абайымызды еріксіз тартса, міне осындай уақытта
абай еріксіз абай деп аталады. Ал енді, біз өзіміз тілеп,
бір нəрсеге абайымызды өзіміз аударсақ, міне, осындай
уақытта болатын абай ерікті абай деп аталады. Келтірілген
мысалдарға қарап отырып Мағжан Жұмабаевтың «... Пəн
тілі ең əуелі қазақ халқының сөзінен ізделінсін» деген
ұстанымға сүйенгенін байқаймыз. Мағжан кітабының Орын-
борда шыққан нұсқасында М. Жолдыбаевтың қазаққа «Пе-
дагогика кітабы қажетті білімді салқынқанды, қасаң тілмен
жеткізетін əлдебір оқулықтардай емес-ті» десе, «Ғылыми
тіл – абстрактілі, Мағжанша айтқанда, жалаңаш тіл. Əрбір
пайымдауының астарынан автордың мінезін біле алмай-
мыз. Ал мына кітаптан ақын жүрегінің дүрсілі құлаққа анық
жетеді» деп білдіреді өз пікірін Шериаздан Елеукенов.
Мағжан Жұмабаевтың дене тəрбиесі, ақыл тəрбиесі,
сұлулық тəрбиесі, құлық тəрбиесі, жан көріністері, сезім
342
мүшелері, бақылау, елес, ұлт тəрбиесі, əсерлену, жылулық,
қан жүру, еріксіз қиял, ерікті қиял, ұғым, ойлау, қайрат,
əдет, құмарлық, мінез, көру, суреттеу, қиял т.б. терминдері
осы күні қолданылуда.
Ал осындай дарынды тұлғалардың бірі Жүсіпбек Ай-
мауытов сол кезде психология саласынан еңбек жазған
еді. Талай терминдерімізді қазақша сөйлете алатынымыз-
ды сөзжасамның хас шеберлері əлдеқашан-ақ дəлелдеген.
Психология саласында əсіресе Жүсіпбек Аймауытовтың
тəжірибесін жинақтап, кеңінен қолдану лəзім. Тілінің əсем
əуеніндей төгілетінін айтпағанның өзінде, бір ғана «Психо-
логия мен өнер таңдау» деген еңбегінде 150-ге жуық тер-
мин қолданылып, соның он шақтысының ғана латынша атау-
ларын жақша ішінде келтіргені еріксіз таңдай қақтырады.
Мысалы: құмартпалы (страстный), аяныш жанды (сенти-
ментальный), күйгелек (нервный), бірыңғай (монотонный),
қадалмалы (дотошный).
Тіліміз үшін қажет, бірақ дəл баламасы жоқ психология
терминдері түсіндіруінде сөз шеберінің қалдырған мұрасын
кеңінен қолданудамыз, тіптен осылай іркіліссіз аударуды
үйренуіміз керек. Жан тамыршысы (психология), ыстық
қанды (сангвиник), салқын қанды (флегматик), қызбалы
(холерик), кейін тартпа (реакционный), ескі пікірлі (кон-
сервативный), үмітшіл (оптимист), көпшілдік (альтуризм),
мұратшылдық (идеализм) т.б.
Өзіміз қозғап отырған кезеңде жарық көрген еңбектері-
нің бірі – «Өсімдіктану». Тұңғыш биолог-ғалым Жұмақан
Күдерин бұл оқулықты 1927 жылы Москвадан басып
шығарды. Ж. Күдериннің «Өсімдіктану» еңбегінде 300-ге
жуық қазақ тілінде жасалған өсімдік атаулары кездеседі.
Оқулықтың алғы сөзінде жазған биолог-ғалым Қабділрашит
Қайым кітаптың ғалымдар мен мұғалімдердің іс жүзінде кең
пайдаланып, жетекші құрал етуіне таптырмайтын қомақты
еңбек екенін айта келіп, биология ғылымының докторы
Ғ.З. Бияшев пен А. Алманиязовтың пікірлерін келтіреді. Онда
«Биолог-ғалым Ж. Күдериннің «Өсімдіктану» кітабы қазір-
Достарыңызбен бөлісу: |