Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016



жүктеу 0,91 Mb.
Pdf просмотр
бет21/32
Дата25.05.2018
өлшемі0,91 Mb.
#17605
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

50

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Расторжение – айныту

Расторжение – айныту. Расторжение договора – уағданы айныту. Осы сөздің 

аудармасы сөз жетіспегендіктен бұзу деп беріліп жүр. Бұзу сөзінің орысша ау-

дармасы  айдан  анық  нарушение.  Сонда  нарушение  условий  болса  шарттарды 

бұзу. Ал расторжение договора болса – уағданы айныту. Сөзінен айнып қалды 

де ген қазақ халқының сөзі дәл мағынасын береді. 



Инструкция инструкция. Тағы бір жиіркенішті аударма болмасын

Инструкция сөзін нұсқаулық деп қате аударылып кеткен. Саралап отырсақ, 

Ленин бабамыз бізге жарқын коммунизмге жол нұсқап тұр емес пе еді. Ал, енді 

қазіргі  кездегі  Шымкент  –  300  км,  Астана  –  1500  км.  Осы  нұсқаулық  –  ука-

зательдеріміз қайда қалады? Мұндай инструкция сияқты капиталистік дүниеден 

келген сөздер жоғарыда айтылғандай аударылмауы керек. Себебі? Себебі қазақ 

халқы оны өзі ойлап табуы керек еді. 

Учреждение – мекеме емес, ведомство

Учреждение сөзінің түбірі учреждать – құру. Осыдан учредители фирмы – фир-

ма құрылтайшылары. Тиісінше логика бойынша учреждение сөзі де осы түбірден 

бастау алуы керек. Соған сәйкес учреждение – құрылым болуы тиіс. Алайда бізде 

учредитель – құрылтайшы деп бір жақта, ал учреждение – мекеме деп басқа бір 

жақта жүр. Мекеме ведомство немесе басқа сөзге табылған аударма.



Вознаграждение – сыйақы емес, пенсия зейнетақы емес

Вознаграждение сөзіне сыйақы деп жаңа аударма шығарып қойыпты. Құдды 

бір қазақтар бұрын вознаграждениені білмегендей, оған сәйкес сөз бермегендей 

әсер қалдырады. Хандар да, байлар да өздеріне бағынышты адамдарының бір 

істі тындырып келгенде беретін сыйы болатын. Оны зейнеттендіру деп атаған. 

Вознаграждение сөзінің нағыз қазақшасы осы. Ал зейнет сөзін апарып пенсияға 

теліп  қойған.  Бұндай  өзімбілемдікке  бармастан  бұрын  бұл  сөзді  қай  кезде 

қолданылатынын қарау керек қой. Зейнет деген сөз бар, алайда ол тындырылған 

іс ке  бірден  берілетін  сый  түрі.  Біздің  аудармашыларымыз  айтқандай  пенсия 

емес. Хандарымыз бен байларымыз өз адамдарының кәртейгенін күтіп ақшасын 

бір-ақ бермеген шығар. Ол заманда ондай түсінік те болмаған. Пенсия –пенсия, 

ал вознагрждение – зейнеттендіру. Бейнет түбі зейнет мақалы да – зейнетті 60 

жаста емес, аз уақытта алатыныңды білдіреді.

Ойталқы



51

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

Немістер қоршап алды сақтан!

Окружающая среда – төңірек орта

Бүгінгі күні өкінішке орай окружающая среда сөзі - қоршаған орта деп аудары-

лып жүр. Оның қай жері қоршаған.Автомат алып қоршап жүр ме? Төңірек орта, не-

месе айнала орта окружающая среданың дұрыс аудармасы. Төңірегіндегі адамдар - 

люди его окружения, посмотри вокруг - айналаңа қара. Жауды қоршайды. Қосымша 

айтарымыз: қазақ халқы  төңірегіндегі адамдар, төңірегіңе қара деп айтады. 



Аудармасы «приплод» сөзі қазақ халқына тілін де, құжатын да 

меншіктейтін болыпты

Төл..., өз...

Тілдері қышып жүрген кейбір журналистеріміз өз программаларында тілімізді 

немесе құжатты меншіктегенде төл сөзін қолданады. Қандай есерсоқтық десе-

ңізші. Төл сөзін қолданған дұрыс па? Төл сөзінің орыс тіліне төтелей аудармасы 

«приплод». Мысалы, гну антилопасының төлі – приплод антилопы гну, приплод 

зубра – зубрдың төлі т.б. Өзімізде соларға қарап бірнәрсе болса төлқұжат, төл 

тіліміз деп жарыса айта кетеміз. Құлаққа жағымсыз естіледі. Жатысы жоқ. Оның 

орынына қай сөзді пайдалану керек? «Өз» деген одан да әдемі сөз бар. Өз тіліміз, 

өз құжатымыз т.б. Мәдени тұрғысынан жоғары. «Өз елім» деген ән де бар. «Төл 

жерім» емес. «Өз» дұрыс.



Погода – күн райы

Осы кездегі шатастырма аудармалардың бірі погода сөзін ауа райы деп аудару. 

Күн дегеніміз аспандағы күннен басқа толық 24 сағаттық тәулік. Райы дегеніміз 

оның қас-қабағы, ұмтылысы. Ал ауа деген алдымыздағы көрінбейтін субстан-

ция. Қазақ халқы погода сөзін күн райы деп айтқан. Оның үстіне қазақ халқы: 

күн бұзылып тұр, күн жауып тұр деп сөйлейді. Ал ауа бұзылып тұр, ауа жауайын 

деп тұр дегенді өмірі естімеппіз. Ауа райы – климат сөзінің аудармасы. Ауа райы 

деген де сөз бар ол қазіргі күні климат сөзінің аудармасы.  



Ритуальные услуги: «салт» па, «кәде» ме?

Райымбек көшесінің бойында «Салт» - «Ритуальные услуги» қызметін көр-

се тетін  фирмалар  толып  тұр.  Сол  1993-94  жылдары  осылай  сөз  таба  алмай 

өз-өз дерін  сендіріп:  «бұлар  салттарын  жасайды  деп»  мұрындарының  астына 

міңгірлеп осы аударма дұрыс сияқтыланып кетіп қалып еді. Алайда, «салт» де-

ген аудармалары дұрыс па? Салт – традиция. Адам өлгенде жасалатын нәрселер 



Ойталқы


52

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

жиын тығының барлығын «кәде» дейді. «Кәдесін жасап болды», «салтын жасап 

болды»  емес.  Той-томалақ,  ас,  өлімге,  тууға  қатысты  іс-қимылдар  бірізділігін 

«кәде»  деп  айтады.  «Мың  бір  түнді»  аударған  майталман  аудармашы  Қалтай 

Мұхамеджан осылай көрсеткен.

«Жарнама» сөзі қазақ тілінің жолын кесу

Жалпы Ж. Аймауытов т.б. жазушы-зиялылар 30-жылдардағы романдарында 

бұл сөзді «афиша» түсінігін беру үшін пайдаланған. Алайда біздікілер шатасып 

оны реклама сөзінің аудармасы үшін беріп кетті. Ал енді «нама» біздің білуімізде 

«Бабырнама»,  «Шахнама»,  «Қабуснама»  т.б.  жырларды  жасауда  ежелден  келе 

жатқан  сөзжасам  бірлігі  десе  де  болады.  Өз  тауарын  сатқанда,  бір  ісшаралар 

өткізгенде біздің халқымызда «жар салу» сөзі пайдаланылған. Оған неге өз тілі-

мізді өзіміз кесіп еркін тыныстатпай, соңына нама деген бірлікті қосып айтып 

жүрміз? Дұрысы жар салу болуы керек. 

Страхование  – сүйемелдеу

Страхование  сөзінің  аудармасына  қамсыздандыру,  сақтандыру,  демеу  мен 

сүйе мелдеу деген төрт нұсқа бар. КСРО кезінде страхованиені қамсыздандыру 

деп аударды. Қамсыздандыру сөзінің дәл аудармасы сделать беззаботным. Бұл 

басқа түсінікті беретін өз бетімен бір сөз. Екінші тәуелсіздік алғаннан кейінгі 

сақтандыру  сөзі.  Сақтандыру  аудармасы  хранить.  Мүлде  келмейтін  айдалаға 

кеткен  сөз.  Үшіншісі  демеу  –  бұл  сөз  көбіне  поддержкаға  ұқсайды.  Көңіліне 

демеу  болды  т.б.  Сондықтан  дұрысы  сүйемелдеу.  Страхование  сөзінің  нақты 

мағынасын  береді.  Мысалы  сырқат  адам  құлап  қалса,  қол-аяғын  мертіктіріп 

алуы мүмкін. Сол үшін де оны туыстары т.б. жанында сүйемелдеп жүреді. Ал 

бұл жерде де адамды  ол қолын сындырып алса, ақша төлейтін болып, өліп қалса 

оның орынын  ақшамен толтыратын болып жасалған механизм. 



Тұлға болу үшін әлі қайда. Лицо – кейіп

Өзімізге  белгілі  қазіргі  кезде  лицо  сөзі  тұлға  болып  аударылып  жүр.  Юри-

дическое  лицо,  физическое  лицо  –  заңды  тұлға,  жеке  тұлға.  Тұлға  болу  үшін 

қайда әлі. Тұлға деп қазақ халқында белгілі бір жетістіктерге жеткен, белестерді 

бағындырған адамдарды айтады. Қазіргі кезде олар кім? Мысалы, Е. Ибраимов, 

С. Сапиев, Б. Шүкенұлы т.б. Бұл жерде бұл сөзді осы жерге пай далансақ та дұрыс 

деген ұстаным да жарамайды. Себебі кейіп деген барлы ғымызды бейтарап етіп 

көрсететін сөз лицо сөзінің аудармасына дәл келеді.заңды кейіп, жеке кейіп. 



Ойталқы


жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау