Тәрбиешінің Әдістемелік қоржыны



жүктеу 2,42 Mb.
Pdf просмотр
бет18/34
Дата09.01.2020
өлшемі2,42 Mb.
#26084
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

51 

 

Сергіту сәтін орындау

-  Балалар  сол  қу  түлкіге  алданған  сорлы  қасқыр  бүгін  бізге  көмек  сұрай  келіпті,  міне  

манадан  бері  бізді  тыңдап,  тасада  отыр,  жағдайы  тым  ауыр,  ойыққа  қатқан  құйрығын  

әзер жұлып алғанмен, қатты жарақаттаныпты, сол жарақатын мен қазір емдеп, таңайын, 

ал сендар мұқият қараңдар. 

-  Алдымен    жарақаттанған  жерді    таза  сумен  және  су  оттегісімен  жуу  керек,  жараны 

йодпен немесе жасыл ерітіндісімен тазалау  қажет. Жараға микробтар  түсіп, іріндемеу 

үшін  жараны таза дәкемен ораймыз (көрсетеді). 

      Соңынан 1-2 балаға қайталатып жасатуға болады. 

-  Ал,  енді,  балалар,  сендердің  алдарыңда  түрлі  тапсырмалар  берілген,  онда  қысқы 

киімдерді  тауып  қоршау,  дәрігер  құралдарын,  тазалық  құралдарын  басқа  заттардың 

арасынан  тауып  қоршау  және  жолда  жүру  ережелерін  қаншалықты  білетіндеріңді  

тексеруге  тапсырма  т.  б.  берілген.  Қане,  іске  сәт,  балалар.  Тапсырманы  дұрыс 

орындайды деп сенемін. 

Үстел үсті тапсырмалар. 

 Тапсырма орындалып  болғаннан  кейін тексеріледі. Мадақтау жүргізіледі. 

-  Енді,  балалар,   сабағымыздың соңында өзіміз бұрыннан үйреніп  жүрген  денсаулық 

ережелерін тағы да бір қайталайық. 

-Тамақты, суды ластама! 

- Мезгілінде егіл! 

- Ағзаңды шынықтыр! 

- Әжетханаға барғаннан соң және тамақтанғаннан кейін  қолды жу! 

- Жөтелген  кезде ауызыңды бет орамалмен бүрке! 

- Тырнағыңды тістеме! 

- Жеміс- жидекті көп пайдалан! 

Жарайсыңдар,  балалар!  Бүгін  сендер  өте  көп  нәрсе  үйрендіңдер,  үйренгендеріңді  

көрсете  білдіңдер.  Сондықтан  да  мен  барлықтарына  мына  дәуірмендерді  беремін! 

Дендеріңіз сау болсын! 



II Математика орталығы  

Білім беру саласы: Таным 

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. 

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат» 

Алдын-ала  жүргізілген  жұмыстар:  Балаларды  техникалық  құралдармен  -  ұялы 

телефонмен,  компьютермен  таныстыру.  Оларға  «компьютерлік  бағдарлама»,  «вирус», 

«антивирус»,  «дискге  бағдарламаны  лақтыру»,  «хабарларды  дискіде  сақтау», 

«электронды пошта» деген ұғымдар жайында түсіндіру. 



Мақсаты: 10 сан көлемінде санап, есептер шығара білуге жаттықтыру, сызба бойынша 

өздіктерінен  көріністі  құрастыра  білу,  көзбен  шамалау  арқылы  ұзындықты  салыстыра 

білу,  сан  құрамын  меңгеруді  жалғастыру,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту. 

Дидактикалық  ойын  арқылы  заттың  кеңістікте  орналасу  тәртібін  білу.  Ұлттық 

валютамыз теңгеге деген құрмет. 

Көрнекіліктер:  Әдемі  түстермен  (геометриялық  пішіндермен)  үй  мен  жүк 

машинасының  суреті.  Кеменің  сызбасы,  әр  түрлі  көлемдегі  ағаш  құрастырмасы  (кеме 

құрастыруға). Ойыншық компьютер, қалта телефоны, жарық шамы. 

Үлестірмелі:  Түрлі-түсті  қағаздан  қиылған  поезд  вагондары,  әр  түрлі  геометриялық 

пішіндер, көк, және қызыл түсті қағаздар жапсырылған дисклер (әр балаға 2-еу, қызыл, 

көк)  1,  2  және  5  теңгелердің  макеті,  жолаушы  билеті  (қағаздан  қиылған)  8-ге  дейінгі 

цифрлар. 



Барысы: 

 Ұялы телефон шырылдайды. 

Тәрбиеші телефонмен сөйлеседі. 



52 

 

-  Алло!  Сәлеметсіз  бе!  Ия,  бұл  шағын  орталық.  Жарайды.  Тырысайық  (балаларға 



қарайды). 

-  Балалар  математика  Патшайымы  хабарласты.  Геометриялық  Пішіндер  қаласында 

қиын  жағдай  болыпты  –  сол  қаладағы  компьютерлік  желіге  вирус  түсіпті  дейді. 

Компьютерлердің  бәрі  тұрып  қалған,  керекті  ақпараттарды  көрсетпейтін  көрінеді. 

Патшайым  соны  емдеуімізді  сұрайды.  Қалай  көмектесеміз  бе?  Оған  поезбен  баруды 

ұсынамын.  Тезірек  олай  болса  асығайық.  Поезд  жұргелі  тұр.  Міне  жеттік,  ал  тез 

вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты. 

- Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойыныны ойналық. 



Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап» 

Мақсаты: Балалардың сан, заттың түсі, көрші сандар, оң жақ, сол жақ, ұзын-қысқа т.б. 

ұғымдармен танысуларын одан әрі жалғастыру. 



Көрнекіліктер:  Әр  баланың  алдында  әр  түрлі  ұзындықтағы  (ең  қысқадан-ең  ұзынға 

дейін) түрлі түсті вагондардың суреті, 1-ден 8-ге дейінгі цифрлар. 

-Камила, сен нешінші вагонда келесің? Түсі қандай? 

-Арсен, сенің вагоныңның көршілерінің саны нешінші? 

-Балалар, Айдана нешінші вагонда келе жатыр? 

-Гүлім, Адияның вагонының түсі қандай? 

-Наргиза сенің оң жағындағы вагон кімдікі? 

-Азамат, ең қысқа вагонда кім отыр? Ол нешінші? 

-Мерлан, ең ұзын вагонның түсі қандай? (балалардың жауабы) 

Кондуктор кіреді. 

-Балалар кондуктор келді, жол ақыларыңды әзірлеңдер. Билет құны – 5 теңге. 

Сюжетті-дидактикалық ойын: «Кондуктор» 

Мақсаты: Санау, әр түрлі сандардың қосындысынан бір сан құрау, ұлттық валютамыз 

теңгемен танысуды одан әрі жалғастыру. 



Көрнекілік:  Әр  баланың  алдында  ұсақ,  1,  2,  5  теңгелік  (қағаздан  қиылған)  салынған 

әмиян.  


Балалар  1,  2  теңгелерден  5  теңге  құрап  кондукторға  береді,  кондуктор  әр  баланың 

вагонының түсіне сай келетін билет береді. 

- Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді шеберлер қаласы деп аталады. 

(Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үй, жүк машинасы ілінген). Олар әр түрлі 

пішіндерден  бір  нәрселер  құрастырғанды  ұнатады.  Мұнда  көңілді  болғанымен  біздің 

уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, ал кету үшін кеме керек, себебі енді теңізбен жүземіз. 

Сондықтан ол кемені құрастыру үшін бізге шебердің көмегі қажет. Шебер бізге кеменің 

сызбасын қалдырған осы сызбаға қарап, біз кемемізді құрастырамыз. 

Балалар сызба бойынша кеме құрастырады. 

-Ал енді кемеге міну үшін оған көтерілетін баспалдақ керек. 



Логикалық ойын: «Баспалдақ»  

Мақсаты:  Ұзын-қысқа,  1-ден  8-ге  дейін  тура  санау  ұғымдарын  бекіту.  Логикалық 

ойлау қабілеттерін дамыту. 



Көрнекіліктер:  Әр  балаға  әр  түрлі  ұзындығы  (қысқадан  ұзынға  дейін),  түрлі-түсті 

құрастыру ағаштары. 

Құрастырады. 

-  Міне,  біз  кемеге  міндік.  Енді  кемеміз  батпаққа  батып  қалмау  үшін  қарап  отырмай 

тезірек таяқшалардың көмегімен есептер шығаралық. 

Есептер шығару. 

- Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша. Барлығы қанша? (10) 

- Сырғанақта 5 бала сырғанақ теуіп жүр еді, екеуі кетіп қалды. Нешеуі қалды? (3) 

-  Қобдишада  6  карандаш  жатты,  оған  Азамат  тағы  3  карандаш  қосты,  барлығы  нешеу 

болды? (9) 

- Ол карандаштардың 4-ін Гүлім алды, нешеуі қалды? (5) 




жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау