Тәрбие жұмысына қойылатын педагогикалық талаптар
Мұғалім үнемі балаға талап қою әдісін қолдана бергеннен гөрі оған еркіндік бере отырып, тәрбиеленгені жөн. Әрине, баланың кім немесе қалай болып өсіп келе жатқаннан қоғамның мән бермеуіне болмайды. Алайда мұғалім өзінің іс-әрекеті арқылы баланың жақсы болуына өзін ұмтылдыруы қажет.Тәрбие- балада адамгершілік, әлеуметтік негіздерді қалыптастыратын өнер . Адамның өзіндік санасы оның тәртібін реттеп отырады. Сонда ғана тәрбиеде жетістікке жетеміз.
Қазіргі кезеңде тәрбие іс-әрекетіндегі негізгі бағыттар мыналар :
А)Жас ұрпақтың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми дүние танымды қалыптастыру үшін жеке тұлғаның қоршаған табиғат, әлеумаеттік орта , өзі және өзінің іс-әрекеті туралы көз қарастар мен сенімдердің жүйесін қалыптастыру керек. Адамның дүниеге көз қарасы – оның барлық өмірінің идеялық бағытын , іс-әрекетін , тәртібін айқындайтын ең маңызды буын. Дүние танымды қалыптастыруды негізі мектепте әрбір пәнді оқыту және тәрбиелік шараларды өткізу арқылы қаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |