С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
|
«БЕКІТЕМІН»
«С.Ж.Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ» РМК ректоры
профессор А.А.Ақанов
_____________________
«___»___________2011 ж.
РМК С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Алматы, 2011
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі қоғам адамнан тек терең білімді болуын, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана талап етіп қана қоймай өзара тығыз байланыста өмір сүріп, тіршілік ете білуді талап етеді.Тұлғалық дамудың негізгі көрсеткіштері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік,белсенділік, намысшылдық, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылатындықтан, осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады. Жоғары оқу орнындарындағы заманауи тәрбие жұмысын бағалаудың ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік пен тиімділікті қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың кешенділігі болып табылады.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің тәрбие жұмысының стратегиясы болашақ дәрігерлердің тұлғасының қалыптасуына жоғары оқу орнының белсенді атсалуына негізделген.
Тәрбие аудиториядан тыс педагогикалық ықпалдың оқшау элементі емес, педагогикалық іс –әрекеттің жалпы оқу мен даму үрдісіне кіріктірілген қажет құрамдас бөлігі болып табылады. Тәрбиенің негізгі факторы – жоғары оқу орнындағы тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және студенттердің оқу-әдістемелік, ғылыми іс-әрекеттерін, демалысын өздері басқаруға түрткі болу.
Нарықтық экономика заманында бәсекелестікке қабілетті, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жан-жақты дамыған маман тұлғас ын қалыптастру мақсатымен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде (әрі қарай Университет) тәрбиені жүйелі жүргізу үшін,басқарудың ажырамас бөлшегі ретінде,тәрбие жұмысын сатылай жүргізу тұжырымдамасы жасалды.
Тұжырымдама тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастырудың стратегиясын, негізгі кезеңдерін, басым бағыттары мен мақсатын, іске асыру кезеңдері мен механизмдерін баяндайды.
Университеттің міндеті – медициналық білім берудегі кәсіби- гуманитарлық бөліктің сапасын көтеру арқылы ж алпы және кәсіби мәдениеті жоғары дәрігер тұлғасын қалыптастыру. Бұл тұрғыдан алғанда Университеттің мақсаты– қазақстандық элитаның қатарында тұра алатын, денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікке төтеп беретін, жоғары деңгейде дамыған тұлғаларды тәрбиелеу.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
I кезең: І курсқа арналған тәрбие жұмысы.
Тәрбие жұмысының басым бағыты: азаматтық-патриоттық, этикалық және эстетикалық тәрбие.
Мақсаты: студенттерді түрлі үйірмелерге, университеттің қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы шығармашылығын дамыту, рухани құндылықтарға және оларды бағалауға деген көзқарастар жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Бұл бағыт келесі іс-шаралар арқылы жүзеге асады:
Университеттің Жарғысын, студенттер үйінде тұру ережелерімен таныстыру;
мемлекеттік тіл саясаты және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған азаматтық-патриоттық іс-шаралар өткізу;
студенттерді Университеттің тарихи мұражайына,қалалық мұражайларға апару;
М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлттық драма театрына, Ғ.Мүсрепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына, М.Ю. Лермонтов атындағы орыс мемлекеттік академиялық драма теартына, Абай атындағы опера және балет театрына, Жамбыл атындағы қазақ ұлттық филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына апару;
республикалық, қалалық, университеттік өнер байқауларына қатысу арқылы шығармашылыққа баулу.
II кезең: ІІ курсқа арналған тәрбие жұмысы.
Тәрбие жұмысының басым бағыты: еңбек және дене тәрбиесі.
Мақсаты: қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту арқылы студенттерді жетістікке жетуге, мақсат қоя білуге үйрету.
Студенттерді университеттің көркеюі үшін қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту арқылы іске асады:
кітапханада, кітап қоймасында, аудиторияларда жұмыс істеу;
университет пен студенттік жатақханаларды жөндеуге қатысу, ауласын көгалдандыру және безендіру;
қалалық әрі университеттік сенбіліктерге қатысу;
спорт секцияларына қатысу;
оқытушылар мен студенттер спартакиадаларына қатысу;
экскурсиялар мен туристік жорықтарға бару;
темекі тарту мен маскүнемдікке қарсы акцияларға, салауатты өмір салтын насихаттауға қатысу.
III кезең: III-IV курс студенттеріне арналған тәрбие жұмыстары.
Тәрбие жұмысының басым бағыты: мейірімділік және қайырымдылық негізін қалыптастыру.
Мақсаты: мамандыққа деген құрмет, кәсіби құзыреттілік негізін қалыптастыру, дәрігерге тән мейірімділікті дамыту.
Үшінші, төртінші курс студенттерінің істерімен жүзеге асырылады:
волонтерлық шаралар;
мейірбикелік күтім;
Хоспис, балалар және мүгедектер үйлерінде күтім жасау.
IVкезең: V –VI курс студенттеріне арналған тәрбие жұмыстары.
Тәрбие жұмысының басым бағыты: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Мақсаты: азаматтық белсенділік арқылы әлеуметтік жетілуге түрткі болу,ғылыми-зертеу идеяларын шығармашылықпен іске асыра білуге баулу, студенттердің өз білімін үздіксіз арттыру, кәсіби қалыптасуы және өзін-өзі табысты көрсетуіне жағдай жасау арқылы мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Бұқаралық профилактикалық тексерулерге қатысу, Алматы қаласының мектептері мен жоғары оқу орындарында қауіпті науқастардың алдын-алуға арналған дәрістер оқу, төменгі курс студентеріне шефтік көмек көрсету арқылы жүзеге асады.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Азаматтық-патриоттық: қоғамдық-саяси сауаттылықты,университеттің дәстүрлерін сыйлауды, көп ұлтты Қазақстанның халықтарынының мәдениетіне, өнеріне, дініне сыйластықпен қарауды, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру. Студенттердің азаматтық – патриоттық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық – патриоттық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; университетте азаматтық – патриоттық тәрбие берудің деңгейін оның мазмұны мен әдіс– тәсілдерінінің, оқыту мен тәрбие үрдісінің тығыз байланысы негізінде көтеру.
Рухани-адамгершілік: өзіндік сананы дамытуға жағдай жасау, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс- әрекеттерде іске асыру.
Құқықтық тәрбие: студенттердің құқықтық санасын, олардың құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; университетте құқықтық тәрбинің деңгейін көтеру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру: студенттерді спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асыру.
Әлеуметтік: әлеуметтік белсенді тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру: әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық. Әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болу.
Кәсіби: кәсіби білімдер мен коммуникативтік дағдылар жүйесін құру, көшбасшылық пен жетістікке жетуге бағдарлау.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: шығармашылық ойлауы жетілген, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, жауапкершілік пен азаматтық снасы жоғары, білікті дәрігер қалыптастыруға қажетті тиімді әлеуметтік, мәдени және білім беру жағдайларын жасау.
Міндеттері:
студенттерді қоғамдық өмірге белсенді қатысуға мүдделеу;
студенттерде жемқорлық пен сыбайластыққа деген жағымсыз көзқарас қалыптастыру;
белсенді азаматтық позиция қалыптастыру;
оңтайлылық, бәсекеге түсу, жағымды рухани құндылықтар, шығыармашылық белсенділік сияқты қасиеттерін дамыту;
студенттік өзін-өзі басқаруға қатыстыру арқылы ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
ұлтаралық және әлеуметтік өзара байланыс тәжірибесін қалыпьастыру;
корпоартивтік бірлестік рухын және Университеттің студенттер қауымына жататындығына мақтаныш сезімін қалыптастыру;
Университет студенттерінінің рухани-адамгершілік, ақыл-ой, денсаулығы мен табыстылығы үшін жауапкершілік пен құзыреттілігін өз мойындарына ала білу үшін жағдай жасау;
салауатты өмір салты туралы ғылыми түсініктер, рухани және денесін дамыту дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру;
студенттердің кәсіби қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, өмір бойы білім алу және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Университетте тәрбие іс-әрекетін ұйымдастыру келесі ұстанымдарға сүйенеді: тұлғаға бағытталған, антропологиялық, әрекетшіл, кешенді, аксиологиялық, құзіреттілікке бағытталған.
Тұлғаға бағытталған – студенттердің өзін-өзі тану, дербестігін сақтау және өзін-өзі табысты көрсетуін қолдау, олардың қайталанбас жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Антропологиялық ұстаным - студенттерді бірегей және тұтас жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттау.
Әрекетшіл ұстаным адамның жеке тұлға болып қалыптасуының іс-әрекетпен тікелей байланыстылығынан туындайтындықтан,іс-әрекет жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама түрде әсер ету арқылы оның құрылымын өзгертеді; жеке тұлғаның даму қажеттілігін қанағаттандыратын түрде дербес даму сұранысын өтейтін іс-әрекет түрлері мен формаларын жүзеге асыру.
Кешенді ұстаным – тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды, соңғы нәтижеге себепші болатын - жеке тұлғаның жан-жақты тиімді даму дәрежесіне ие болу.
Аксиологиялық ұстаным –адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен болып жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде білім алушы өз білімінің, өмірінің мәніне ие болуына бағытталу.
Құзіреттілікке бағытталған ұстаным - маман даярлау үрдісінің мақсаты, мазмұны, ұйымдастырушылық және технологиялық жүйесін құрудың арқасында жалпы және арнайы құзыреттіліктерді бөлуп алу арқылы кәсіби іс-әркетте жоғары дәрежедегі жетістіктерге жететін кәсіпқойлар даярлау.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да тәрбие жұмысын сатылай ұйым дастыру келесі қағидаларға сүйенеді:табиғилылық, мәдени сәйкестілік, мақстаттылық,гуманистік бағыт, этникалық, әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі, әлеуметтік барабар, демократияландыру.
Табиғилылық қағидасы табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және тәрбиеде жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескеру қажеттігіне негізделеді.
Мәдени сәйкестілік қағидасы жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндіктен, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.
Мақстаттылық қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие іс-әрекетінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.
Гуманистік бағыт қағидасы тұлғаға құрметпен қарап, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын бағытты бірінші орынға қояды.
Этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке жетуді қарастырады.
Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы түрлі ұжымдардағы білім беру жүйесінде тәрбие жүргізуді болжайды және білім алушылардың қарым-қатынас сферасын кеңейтуге, әлеуметтік-мәдени конструкциялық үдерістерді дербес анықтауға, барабар коммуникация жасауға жағдай туғызып, жалпы әлеуметтік бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін қалыптастырады.
Әлеуметтік барабар қағидасы ұйымдастырылатын тәрбие үдерісінің әлеуметтік ортаға тәрбие мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеттері нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бағытталуын және студенттердің әртүрлі әлеуметтік міндеттерді жүзеге дайындығын қалыптастыруға негіз болады.
Демократияландыру қағидасы студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікке, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделгендіктен, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірігіп басқару және өзара келісуді жүйені қажет етеді. Бұл қағида студенттерді еркіндік, адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУДІ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ
Университеттегі тәрбие жұмысы келесі деңгейлерде іске асады: университет, факультет, кафедра, студенттік топ және тағы басқа университеттік бөлімдер.
Университет деңгейінде:
Университеттегі тәрбие жұмысын ғылыми, тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор басқарады;
Нақты бағыттардың қызметін реттеу үшін келесі бөлімдер құрылады:
тәрбие ісі жөніндегі бөлім;
кураторлар кеңесі;
студенттердің өзін-өзі басқару институты.
Аталған структуралар өз іс-әрекетін университетте бекітілген ережелер арқылы іске асырады.
Факультет деңгейінде:
Факультеттегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және реттеп отыру үшін тағайындалады:
профессорлық –оқытушылық құрамнан тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары ;
тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары факультеттің деканы мен тәрбие ісі ісі жөніндегі бөлімге есеп береді, кураторлар кеңесіне мүше болып енеді.
Кафедра деңгейінде:
Кафедрадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырып және реттеп отыру үшін
профессорлық –оқытушылық құрамнан тәрбие ісіне жауапты адам, студенттік топтардың кураторлары және тәлімгерлер тағайындалады.
Студенттік оқу тобы деңгейінде:
Деканның ұсынуымен ғылыми, тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректордың бұйрығымен академиялық топпен аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін кураторлар бекітіледі. Олардың жұмысы университте бекітілген кураторлар туралы ережеге сай жүреді.
Академиялық оқу тобының жиналысында топ староастасы мен топ белсенділері тағайындалады.
Студенттік өзін-өзі басқару институты тағайындалған тәртіп бойынша ережелері бекітілген келесі ұйымдар арқылы көрініс береді:
университеттің студенттік үкіметі;
жастар ісі жөніндегі комитет;
студенттік қоғамдық ұйымдар;
старостат;
студенттік шығармашылық ұйымдары (ғылыми, әдеби-көркем, спорттық, қызығушылықтары бойынша).
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
Университеттің тәрбие жүйесінде іс-шаралар өткізу деңгейіне орай үш форма қолданылады:
Бірінші деңгей – бұқаралық іс-шаралар. Дәстүрлі болып кеткен келесі іс-шаралар ұсынылады:
« 1 КУРС» акциясы , оның ауқымында «Білім күні » өтеді;
ҚазҰМУ ректорының студенттер мен профессорлық – оқытушылық құраммен жыл сайынғы кездесуі;
«Менің қызығушылық әлемім» атты 1 курс студенттеріне арналған сауалнама жүргізу;
« Қайдасың, дарын?» 1 курс студенттерінің кастингі;
Омбудсменді сайлау;
Университеттің студенттік Үкіметінің төрағасын сайлау;
Университеттік Бал;
Университет күндері ауқымында өтетін «Студенттік Күн» , студент қатарына қабылдау;
Дебат турниры;
интеллектуалдық ойындар;
КТК ойындары;
Университеттік спартакиада;
«Желтоқсан лебі»;
«Университеттің үздік тобы», « ҚазҰМУ үздік студенті», «Мисс ҚазҰМУ», «Ана тілі аруы», «Жігіт сұлтаны» конкурстары;
Жаңа Жыл, 8-Наурыз, Наурыз мейрамдарын тойлау;
«Екі жұлдыз» ән конкурсы ;
Университеттік фестиваль «Студенттік көктем»;
Студенттік ғылым апталығы;
Жеңіс күнін тойлау;
медицина қызметкерлерінің күні;
Түлектер күні;
студенттердің жеке тұлғалық даму мектебі.
Екінші деңгей – топтық формалар. Олар: академиялық топ ішіндегі іс-шаралар, студенттердің ғылыми-зерттеу топтарының, қызығушылықтары бойынша үйірмелердің, шығармашылық студияларының, студенттердің қоғамдық ұйымдарының жұмыстары.
Үшінші деңгей - келесі формаларда өтетеін жеке тұлғаға бағытталған тәрбие жұмысы:
Оқу пәнінің аумағында студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруы бойынша оқытушылардың кеңесі;
студенттің кәсіби маман ретінде қалыптасыуа және дамуына бағытталған дербес бағдарламар;
нақты шығармашылық жоболарды іске асыратын уақытша ынталы топтарындағы іс-әрекет (ғылыми, әдеби-көркем және т.б.);
оқытушылардың басқаруымен жүретін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы;
әдіскерлердің жетекшілігімен өтетін оқу тәжірибелеріндегі студенттердің жұмысы.
ҚазҰМУ –дың ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ҚазҰМУ –дың тәрбие жұмысының жүйесінің барлық буындарының тұрақтылығы және нақтылығы.
Студенттердің факультеттік және университеттік іс-шараларға жаппай қатысуы;
«Университеттің ең үздік тобы», « ҚазҰМУ үздік студенті», «Мисс ҚазҰМУ», «Ана тілі аруы», «Жігіттің сұлтаны», «Екі жұлдыз», Университеттік Бал сияқты көптеген іс-шараларға қатысу сапасы, жеткен жетістіктері.
Студенттердің белседлігі мен ынтасының тұрақтылығы, олардың аудиториядан тыс жұмыс формаларының жаңа формаларын өздігінше іздеуге деген құлшынысы, ғылыми және мәдени-бұқаралық шараларды өткізу сапасын көтеруге деген ұмтылысы.
Студенттер арасында құқық бұзушылықтың болмауы.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Ғылыми, тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Ғылыми Кеңесте жылына бір рет есеп береді.
Тәрбие жұмысына жауап беретін бөлімдер Кураторлар кеңесінде жылына екі рет есеп беріп отырады.
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары Ғылыми Кеңесте қаралып, талданып, бекітіледі.
Оқу жылының басы мен аяғында «Бірінші курстықтардың проблемаларының мониторингі», «Тәрбие жұмысының жағдайы» атты әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп, олардың нәтижелерінің негізінде тәрбие жұмысының жоспарларына түзетулер енгізіледі.
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Құқықтық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының білім беру саласының нормативтік-құқықтық құжаттарына және ҚазҰМУ-дың 2008-2011 жылдардағы даму Стратегиясына толық сәйкес келеді.
Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету тәрбие жұмысымен университеттік, факультеттік, топтық деңгейде шұғылданатын қызметкерлердің мамандықтарын жетілдіру және қайта даярлауды қамтамасыз етуді; кураторлар мен тәлімгерлердің, оқытушылардың қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; студенттермен тәрбие жұмысын ғылыми дәрежеде жүргізуге бағытталған зерттеулерді қолдауды мөлшерлейді.
Мақсатты-бағдарламалық қамтамасыз ету Тұжырымдаманың, тәрбие іс-әрекетінің міндеттері мен бағыттарының жүзеге асуы студенттердің тіршілік етуіне, тәрбие түрлеріне, болашақ дәрігерлердің қалыптастырудың нақтылы қажеттіліктеріне сай мақсатты бағдарламаларды енгізу арқылы іске асады. Бұл арнайы бағдарламалар қажеттілікке және орындалуына жағдай жасауына байланысты жасалады.
Қаржылау және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің негізгі көздері:
Республикалық бюджет;
Университет пен оның бөлімдері;
ҚазҰМУ түлектерінің ассоциациясы;
Спонсорлардың қаржысы.
Тәрбие жұмысының неігзгі шығындары:
Тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүзеге асыратын әкімшілік аппаратын ұстау, оның ұйымдастырушылық, әдістемелік қызметін қамтамасыз ету.
Жылдық тәрбие жұмысының жоспары мен университет бағдарламалына енген іс-шараларды қаржыландыру.
Әлеуметтік сфераға енген бөлімдердің материалдық-техникалық базасын дамыту.
Тәрбие үдерісіне белсенді қатысатын оқытушылар мен студенттерді материалдық марапаттау.
Студенттік қоғамдық ұйымдарды және олардың ынтасын қаржы жағынан қолдау.
Ғылыми, тәрбие және
әлеуметтік істер жөніндегі проректор А.С. Каракушикова
Орындаған: Қожамжарова К.Ө.
2926822, 119
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |