5. Телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарын пайдалану тәртібі
Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының жұмысы Астана қ. уақытымен жүргізіледі.
Телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының жұмысы апталық кестеге сәйкес жүзеге асырылады, ол теле-, радиокомпаниямен телерадио хабарларын тарату операторына апталық кестені іске асырғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылуы қажет.
Апталық кесте теле-, радиоарналардың тәулікбойы хабар таратылу немесе белгіленген уақытта бағдарламалардың басталуы мен аяқталуы кезінде берілмейді.
Теле-, радиоарналардың трансляциялануы бойынша телерадио таратқыштардың жұмыс уақыты телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысына есеп жүргізу журналында және/немесе автоматтандырылған мониторинг жүйесімен (Осы ережелерге 1 қосымша) белгіленеді.
Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысына есеп жүргізу журналы біткеннен кейін РТС-те 5 жыл сақталады.
Телеарна бағдарламасының басталу уақыты идентификацияланған бейнесін тарату сәтінен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы бейненің алып тасталуы болып табылады.
Радиоарна бағдарламасының басталу уақыты радиоарнаның шартты белгілерін беру (идентификацияланған дыбыстық сүйемелдеу) сәтінен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы сүйемелдеудің аяқталу уақыты болып табылады.
Телерадио хабарларын тарату операторының техникалық құралдарына теле-, радиоарналарды тарату тіркелген жерсеріктік және/немесе жер үсті байланыс арналары арқылы іске асырылады.
Телерадио хабарларын тарату операторының пайдалану қызметкерлері теле-, радиоарналарды таратуының басталуына 15 минут бұрын телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының негізгі және резервтік жинағының дайындығын аяқтап, тестілік бейнесигналдың түрлі түсті жолақ (ТЖГ) генераторының немесе телевизиялық сынақ кестесінің (ТСК) және/немесе дыбыстық сүйемелдеу сигналының (1000 Гц жиіліктегі үн) тексерісіне кіріседі. Тестілік бейне сигналдар ТРХТ жүйелеріне бағдарламалар орынан немесе бағдарламаларды беру құралданынан беріледі.
Сынақ сигналдарының тексеру нәтижесінің параметрлері телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының журналына тіркеледі. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының теле-, радиоарналарды трансляциялауының басталу дайындығы бағдарлама басталғанға дейін 5 минут бұрын аяқталуы тиіс.
Бағдарламаның басталуында кідіріс және(немесе) теле-, радиоарналарда техникалық себептерден 25 минуттан жоғары үзіліс болған жағдайда теле-, радиоарналардың бағдарламасын таратуды әрі қарай жалғастыру туралы мәселе бағдарламаны шығаратын теле-,радиокомпанияның жауапты жұмыскерімен шешіледі, ал ол жұмыскер болмаған жағдайда бағдарламаларды тарату құралдары және/немесе АСК ауысымның бас қызметкерімен шешіледі.
Теле-, радиокомпания және телерадио хабарларын тарату операторының өкілдерімен хабар таратудан бас тартса, теле-,радиоарнаның басталу, аяқталу және кідіріс ұзақтығының және/немесе тоқтап қалуының басталу, аяқталу уақыты көрсетілген екі жақты АКТ жасалады.
6. Аса маңызды хабарларды дайындау және жүргізу тәртібі
Аса маңызды хабарлар - Ел басының сөз сөйлеуін және Республикалық мәндегі мәдени – ойын-сауық іс-шараларын трансляциялау болып табылады.
«Аса маңызды» хабарлар санаты теле-, радиокомпанияларға беріледі, телерадио хабарларын тарату операторы құжат түрінде (хат, e-mail, факс, телефонограмма арқылы және т.б.) хабарлайды.
Теле-, радикомпанияның телерадио хабарларын тарату операторына аса маңызды хабарларды шұғыл түрде E-mail адресі, факс нөмірі және телефондары арқылы хабарлау туралы теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторының арасында жасалған шартта көрсетіледі.
Аса маңызды хабарларды жүргізу кезеңінде, осы хабардың ұйымдастырылуына қатысатын телерадио хабарларын тарату операторының құрылымдық бөлімшелерінде сапалы хабар таратуды дайындау мен іске асыруға жауапты тұлғалар тағайындалады.
Телерадио хабарларын тарату жүйесін аса маңызды хабарларды жүргізуге дайындау, арнайы жасалған ұйымдастыру – техникалық іс-шаралар жоспары бойынша жүргізіледі.
Телерадио хабарларын тарату жүйесінің пайдаланушы қызметкері телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының негізгі және резервтік жиынтығын дайындауды аса маңызды хабарларды жүргізуді трансляциялау басталғанға дейін 15 минут бұрын аяқтайды. Аса маңызды хабарларды трансляциялау барлық қазақстандық теле-, радиокомпанияларда қамтамасыз етіледі меншік формасына байланысты емес. Теле-, радиокомпания операторға жоспардан тыс аса маңызды хабарларды өткізу туралы оның басталуына дейін 3 сағаттан кем емес уақыт ішінде құжат түрінде хабарлайды.
Телерадио хабарларын тарату желісінің пайдаланушы қызметкерлері жоспардан тыс аса маңызды хабар таратуды өткізу уақыты туралы құжат түріндегі ақпаратты алғаннан кейін, аса маңызды хабарды жоғары сапада және сенімді трансляциялауды қамтамасыз етуді дайындауға дереу кіріседі.
Телерадио хабарларын тарату операторы жоспардан тыс аса маңызды хабарлар жүргізілген жағдайда техникалық ұйымдастыру шаралары жоспарын алдын ала әзірлейді.
Аса маңызды хабарларды жүргізу уақытында телерадио хабарларын тарату құрылымдық бөлімшесі бастығының және(немесе) техникалық басшының және(немесе) арнайы тағайындалған жауапты тұлғаның қатысуы міндетті.
Пайдаланушы қызметкер аса маңызды хабарлар таратылудың барлық бұзылым жағдайлары туралы дереу құрылымдық бөлімшенің жауапты кезекшілеріне, олар өз кезегінде телерадио хабарларын тарату операторының жауапты кезекшісіне баяндайды.
Телерадио хабарларын тарату желілерді басқару және мониторингтеу орталығының жауапты кезекшісі өз кезегінде хабар таратудағы тоқтап қалулар туралы телерадио хабарларын таратушы оператордың техникалық басшысына және байланыс саласындағы уәкілетті органның жауапты кезекшісіне баяндайды.
7. Жабдықтың қалыпты жұмыс жасауы барысында ауысымдағы кезекші қызметкерлердің міндеттері
Телерадио хабарларын тарату операторының қызмет көрсету қызметкерінің негізгі міндеті жабдық жұмысының үздіксіз және жоғары сапада қамтамасыз етілуі болып табылады.
Телерадио хабарларын тарату құралдарының ауысым кезекші қызметкері жабдықтың сапа көрсеткіштерінің нормада болуын және жұмыс істеу режимін қадағалау, нормалардан ауытқыған жағдайда қалыпты режимді қайта қалпына келтіру үшін барлық шараларды қолдануға тиіс.
Кезекшілікке түскен кезде РТС ауысым бас маманы міндетті:
телерадио хабарларын таратушы операторының жауапты кезекшісімен немесе аймақтық теле-, радиоарналарды тарату орнындағы және (немесе) бағдарламаны беру құралдарындағы ауысым бас маманымен теле-, радиоарналардың тәуліктік кестесін салыстыруға;
алдыңғы ауысыммен жасалған телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналындағы жазбалармен, өкімдерді тіркеу журналымен (Қосымша 3) және хабар тарату кестесімен танысуға;
қызметкерлерді жұмыс орындары бойынша бөлуге;
сыртқы тексеру және олардың жұмыс режимдерін тексеру арқылы жұмыс істейтін және резервтегі жабдықтардың жөнделуін тексеруге міндетті.
РТС ауысымындағы кезекші қызметкерлер кезекшілікті қабылдаған кезде орын-жайдың кілтін қабылдап, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды, қорғаныс құралдарын, өрт сөндіру құралдарын және пайдаланушы-техникалық құжаттамаларын тексереді. Кезекшілікті қабылдау нәтижелері ауысым бас маманына баяндалады, сағаттарына салыстыру жүргізіледі.
Телефон арқылы өкімдер (хабарламалар) алынған жағдайда кезекші қызметкерлер оларды өкімдерді тіркеу журналына өкімді берген және қабылдаған тұлғалардың тегін және өкімді қабылдаған уақытты дәл көрсетіп жазуы тиіс.
Өлшеу, күйге келтіру, режимдерді тексеру үшін жабдықтардың кестеден тыс барлық қосуларын кезекші қызметкер тек ауысым бас маманы рұқсатымен және қосу (өшіру) уақыты мен жұмыс сипаты туралы телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналында жазумен жүзеге асырады.
Хабар таратудың аяқталуы кезінде жабдықты өшіргеннен және барлық кернеулер алынғаннан кейін кезекші қызметкер қажетті жағдайда ауысым бас маманының нұсқаулары бойынша барлық жабдықтарды қарап шығып, тораптар мен жеке бөлшектерді тексереді. Қарау және тексеру нәтижелері телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналында тіркеледі.
Трансляциялау аяқталғаннан кейін, телерадио хабарларын тарату желісінің жауапты кезекшісі, АСК ауысым бас маманы және (немесе) бағдарламаларды беру құралдарының ауысым бас маманы теле-, радиоарнаның нақты басталу және аяқталу уақытын, телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысының қалыпты режимдегі бұзылымдарының басталу, аяқталу және ұзақтылық уақытын және оларды тудырған себептерді, өз аты-жөндерін өзара салыстырулары тиіс.
Кезекшілікті өткізіп жатқан ауысым бас маманы кезекшілікті қабылдайтын ауысым бас маманына, кезекшілікті өткізу барысында жұмыс кестесіндегі барлық өзгертулермен, сонымен қатар кезекшілік уақытында түскен барлық өкімдермен, нұсқаулармен, телефонограммалармен, жабдық жұмысында орын алған бұзылымдарды және тарату сапасының нашарлануымен таныстыруы тиіс.
Кезекші қызметшілерге кезекшілік аяқталғаннан кейін ауысымды өзінің кезекші алмастырушысына өткізбейінше немесе өндірістік бөлімше басшының және/немесе РТС ауысым бас қызметшісінің рұқсатынсыз жұмыс орындарынан кетуге рұқсат жоқ.
Техникалық ғимараттарында, антенналы-діңгектік құрылғыларында, техникалық ғимараттардың желдеткіш және электр қорек жабдықтарында құрылыс-жөндеу жұмыстары тек кәсіпорынның техникалық басшысының өкімімен ғана жүргізіледі.
Ауысым бас маманының рұқсатынсыз РТС техникалық ғимараттарында бөгде тұлғалардың болуы және негізгі технологиялық үдерістерді жүргізуге байланысты емес жұмыстарды орындауға тыйым салынады.
8. Телерадио хабарларын тарату жүйесінің техникалық құралдарының қалыпты жұмыс жасауы бұзылған кезде кезекші қызметкердің әрекет ету тәртібі
Телерадио хабарларын тарату жүйесіне кірудегі теле-, радиоарналар сигналдары өтуінің кез келген зақымданулары кезінде телерадио хабарларын таратушы оператордың техникалық кезекші қызметкерлері бұзылымды телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналына белгілеу және РТС ауысым бас маманына хабарлауы тиіс.
РТС бойынша ауысым бас маманы зақымдану туралы құрылымдық бөлімшенің техникалық басшысына және телерадио хабарларын тарату операторының Желілерді басқару және мониторингтеу орталығына хабарлайды.
Телерадио хабарларын тарату операторының Желілерді басқару және мониторингтеу орталығының ауысым кезекшісі зақымдану туралы теле-, радиоарналар сигналын алғашқы таратудың ауысым бастығына және АСК немесе бағдарламаларды тарату құралдарының ауысым бас маманына хабарлайды.
Бұл ретте әр қызметкер өзі жауап беретін жабдықтың қалыпты жұмыс жасауын қалпына келтіру бойынша шаралар қолданады.
Телерадио хабарларын таратушы оператор мен теле-, радиокомпания арасындағы шарттың мазмұнында көрсетілгендей, телерадио хабарларын таратушы операторының техникалық құралдардың кіруі кезіндегі электрлік параметрлерінің сәйкестігіне жауапкершілікті теле-, радиокомпания өз мойнына алады.
Хабар таратудағы зақымданудың себебін анықтау үшін телерадиосигналдар мен АСК-ны алғаш берудің ауысым бас мамандары теле-, радиоарналар сигналының параметрлерін өлшеуді өткізеді. Хабар тарату тракті учаскесінің қалыпты жұмыс жасауының бұзылу себебінің қорытындысы теле-, радиокомпанияның жауапты өкілдерімен және телерадио хабарларын тарату операторымен бірлесе отырып жасалады, сонымен қатар теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларды таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналдарына жазылады.
Бір ауысым бойында туындаған барлық даулы мәселелер бір тәулік ішінде нақты шешілуі тиіс.
Телерадио хабарларды таратудың техникалық құралдарының қалыпты жұмыс жасауы бұзылған кезде кезекші қызметкерлер міндетті:
резервті жабдыққа көшуге, егер бұл көшу зақымдануды жоюдан шұғыл іске асырылатын болса, ақауды жоюға кірісуге, бұл туралы ауысым бас маманына айтуға және телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналына жазып алуға;
егер резервке көшу мүмкіндігі болмаса, ақаулылықтың сипатын анықтау қажет, жабдықтың қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін шұғыл шараларды қабылдауға және дереу ауысым бас маманына хабарлауға;
апат болған жағдайда бұл туралы дереу ауысым бас маманына хабарлауға, ол өз кезегінде дереу апат туралы құрылымдық бөлімшенің техникалық басшысына және телерадио хабарларын таратушы операторының Желілерді басқару және мониторингтеу орталығының жауапты кезекшісіне хабарлауға;
телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналына жазбаларды енгізуге міндетті.
РТС бойынша ауысым бас маманы ақаулы жабдықтың жұмыс істеуін және телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды дереу ұйымдастырады.
Телерадио хабарларын таратудың Желілерді басқару және мониторингтеу орталығының жауапты кезекшісі апат жайлы телерадио хабарларын тарату операторының техникалық басшысына дереу баяндайды.
Жабдықтың апатына немесе жазатайым оқиғаға әкеліп соғатын жабдықтың ақаулылығы кезінде РТС ауысым бас маманы жабдықты дереу ағытуға және өндірістік бөлімшенің басшыларына осы жағдай туралы хабардар етуге міндетті.
Негізгі жабдықтың және күштік трансформаторлар құрылыстарының, дизельдік қондырғылардың, антенналық тіректердің, антенналы-фидерлік құрылғылардың (АФҚ), электрлі таратулар мен РТС жұмысында үзіліс ұзақтығының тәуелділігінен тыс бағдарламаларды беру желілерінің істен шығуы кезінде ауысым бас қызметшісі құрылымдық бөлімшенің басшылықтарына және телерадио хабарларын таратушы операторының Желілерді басқару және мониторингтеу орталығына дереу хабарлайды.
РТС ауысым бас маманы жабдықтың қалыпты іс-әрекетін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарын басқарады және ол ақауды аяғына дейін жойғанша кезекші қызметкерді алып қалуға және/немесе кез келген уақытта қажетті қызметкерді шақыртып алуға құқылы.
Жағдайларға байланысты жабдықтың зақымдануларын жою бойынша жұмыстарды өндірістік бөлімшенің техникалық басшысы және(немесе) арнайы тағайындалған тұлға басқара алады.
Таратудың бұзылуына алып келетін немесе алып келмейтін жабдықтың зақымдануы туралы әр жағдайды кезекші қызметкер ақаулықты тудырған жағдайы мен себебінің көрсетілуімен жабдықтың жұмысы туралы телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналына жазады.
Техникалық тоқтап қалудың аяқталуы теле-, радиобағдарламаның трансляциялануы қайта қалпына келген сәті болып саналады;
Тарату жойылған жағдайда, РТС ауысымының бас қызметшісі АСК ауысымының жауапты кезекші бас маманына немесе бағдарламаның беру құралдарының ауысым бас маманына бағдарламаның қайта басталуына дайын екенін, соның ішінде резервті жабдықты қолданумен хабарлаған сәт техникалық тоқтап қалудың аяқталу уақыты болып саналады.
Ақаулықтарды жою немесе апат кезінде кезекшілікті қабылдауға және өткізуге тыйым салынады. Ақаулықтарды ұзақ уақыт бойы жою кезінде ауысымды өткізу РТС немесе өндірістік бөлімшенің басшылары рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.
Телерадио хабарларын тарату құралдары жұмысында апаттың әр болған жағдайында мұқият зерттелгеннен кейін бес жұмыс күн мерзімі ішінде толық акті жасалуы және соның ішінде төмендегілер көрсетілуі тиіс:
апаттың орны, сипаты, басталуы, аяқталуы және себептері;
апатқа әкеп соқтырған жабдықтың бұзылуына бекітілген ауысым;
апатты жою бойынша жұмыстарды жүргізген және басқарған жұмыскерлер;
жөндеу бойынша, апатқа әкеп соқтырған жабдықтың пайдаланушылық және техникалық күйін тексеру бойынша жұмыстардың соңғы күні;
апатқа жол берген, дұрыс басшылыққа алмаған немесе жою жұмыстарын дұрыс орындамаған тұлғалар;
осындай апаттарды алдын алу бойынша іс-шаралар.
Акт үш данада жасалады, РТС бастығымен, құрылымдық бөлімшенің техникалық басшысымен қол қойылып, құрылымдық бөлімшенің басшысымен бекітіледі. Бір данасы жоғарыдағы ұйымға, екіншісі өндірістік бөлімшеге ұсынылады, үшінші данасы РТС-те қалады.
Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарының немесе теле-, радиоарналарды беру құралдарының, сонымен қатар электр жүйесі қызметтерімен электр қуатын беруді тоқтату себебінен болған телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмыс істеу қабілеттілігінің бұзылымдары телерадио хабарларын тарату құралдарының жұмысында бөлек есептеледі.
9. Ауысымнан тыс қызметкердің жұмысты орындау тәртібі
Ауысымнан тыс қызметкер бекітілген айлық жоспар-кестесі бойынша жұмыс жасайды.
Ауысымнан тыс қызметкердің ортақ кестесіне сәйкес, сондай-ақ кестеден тыс жабдықтағы (жұмыс істейтін немесе резервті) кез келген жұмысты орындауы Осы ереженің және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік бойынша ережелер талаптарына сәйкес, РТС ауысым бас қызметшісінің келісімі бойынша, ауысым бас маманымен бекітілген талаптарға сәйкес жұмысқа кіру рұқсаты жасалғаннан кейін орындалуы тиіс.
Ауысымнан тыс қызметкер жұмыс аяқталғаннан кейін жабдықта орындалған барлық жұмыстарды және табылған ақауларды (жойылған немесе жойылмаған) жазып отырады.
Ауысымнан тыс қызметкер орындаған барлық жұмыстар жұмыс басшысымен және ауысым бас маманымен ақауларды жою бойынша жоспарлы алдын алу жұмыстарының (Осы ережелерге Қосымша 2) және жабдықтағы сызбалық өзгерістер журналына тиісті бағаны қою арқылы қабылданып алынуы керек.
Жұмыстардың орындалуы жоспарлы алдын-алу жұмыстардың журналына тиісті бағамен РТС техникалық басшысымен бақылауға алынады.
Өндірістік қажеттілікте немесе РТС апаттық жағдай туындаған кезде ауысымнан тыс қызметкер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес тәуліктің кез келген уақытында шұғыл жұмыстарды орындауға тартылуы мүмкін.
10. РТС қызметкерінің мүдделі тараптармен өзара әрекет етуі
РТС қызметіндегі мүдделі тарап болып саналатындар:
теле-, радиокомпаниялар;
телерадио хабарларын таратушы операторға қызмет көрсету мен жұмыстарды өткізу жөніндегі мердігерлер;
өндірістік орын-жайды және ғимараттарды жалға алушылар;
өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары.
РТС қызметкерінің кіруге рұқсаты және өзара әрекет етуі жасалған шартқа сәйкес қызмет көрсету сапасын бақылау үшін теле-, радиокомпаниялар өкілдерімен хат түрінде немесе телефонограмма арқылы алынған телерадио хабарларын тарату оператор басшыларының рұқсатымен жүргізіледі.
Қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар өкілдерінің тізімі теле-, радиокомпания басшыларымен телерадио хабарларын таратушы операторына теле-, радиоарналарды тарату шартына қол қойылғаннан кейін алдын ала беріледі.
Ақпаратты ұсыну шарт талаптары аясында ғана жүзеге асырылады. Теле-, радиокомпания өкілі РТС-қа бару кезінде келіп кетушілер журналында тіркеледі.
Бақылау қорытындысы бойынша теле-, радиокомпания өкілімен, РТС ауысым бастығымен қол қойылған және құрылымдық бөлімше басшысымен бекітілген 3 данадағы Акті жасалады.
Актінің бір данасы теле-, радиокомпания өкіліне, екіншісі құрылымдық бөлімшенің техникалық басшысына беріледі, ал үшіншісі РТС-те қалады.
РТС-ке кіру және РТС-тегі мердігер ұйымының қызметкерімен өзара әрекет ету жұмыстарды жасауға мердігер шартында көрсетілген талаптар мен шарттар аясында телерадио хабарларын таратушы операторы басшысының жазбаша түрдегі рұқсатымен жүргізіледі. РТС бойынша ауысым бас маманы келіп кетушілер журналына жазбаларды енгізеді.
РТС-қа кіру және РТС-тағы жалға алушы қызметкерімен өзара әрекет ету жалға алу шартының талаптары негізінде іске асады. РТС бойынша ауысым бас қызметшісі келіп кетушілер журналына жазбаларды енгізеді.
Телерадио хабарларын таратушы операторы басшыларымен РТС-ке келетін теле-, радиокомпаниялардың, жалға алушылардың және мердігерлердің қызметкерлеріне телерадио хабарларын тарату операторының техникалық басшысымен бекітілген нұсқаулықтарында нақты талаптары немесе РТС-ке жазбаша түрдегі кіруге рұқсат өкімі бекітілуі тиіс.
11. Жабдыққа жөндеу жүргізу және алдын-алу тексеруді жүргізу тәртібі
ТРК басшыларымен келісілген және телерадио хабарларын тарату операторының өндірістік бөлімшесінің техникалық басшысымен бекітілген жылдық жоспар-кесте бойынша РТС жабдығына алдын-алу тексеру және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
РТС жабдығының алдын-алу тексеру және жөндеу жұмыстарына жылдық жоспар-кестесі теле-, радиобағдарламаларды беру құралы жұмысының кестесін есепке алуымен жасалынады.
Теле-, радиокомпаниялар мен теле-, радиоарналарының апталық кестесі РТС жабдығының алдын-алу тексеру және жөндеу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесін және теле-, радиобағдарламаларды беру құралы жұмысының кестесін есепке алумен жасалынады.
Жылдық кестелер негізінде айлық кестелер жасалынады және алдын-алу тексеру және жөндеу жұмыстарының көлемдері айқындалады. Айлық кестелерде алдын-алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша басқарушылар тобынының аты-жөні және жұмыс орны, күні көрсетіледі.
Алдын-алу тексерулердің көлемі мен кезеңділігі және жабдықтың жөндеуі барлық кезеңдер ішінде тексерулердің арасында оның үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс және жоспарлық алдын-алу техникалық қызмет көрсетуге жылдық кестелік жұмыстарда көрсетілген кезеңділігіне сәйкес болуы тиіс.
Жабдықтың алдын-алу тексеру және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауысым бас маманы топ жетекшісінен алдын-алу жұмыстары мен жөндеу жүргізілуі бойынша барлық орындалған жұмыстарды қабылдап алады.
Алдын-алу тексеру, жөндеу және басқа да жұмыстарды өндіріске жіберу Осы ережелердің және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелері талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Орындаушылардың орындалған жұмыстары туралы белгісі бар жоспарлы алдын-алу жұмыстар журналы әрдайым ауысым бас маманында болуы тиіс.
Технологиялық жабдықтың барлық сызбалық және құрылмалы өзгерістері РТС-тегі тиісті техникалық құжаттамаға енгізілуі тиіс.
Технологиялық жабдыққа сызбалық және құрылмалы өзгерістер енгізілгеннен кейін жабдық жұмысының сапалы көрсеткіштерін кезектен тыс өлшеу жүргізілуі және хаттама толтырылуы тиіс.
12. Жабдықты техникалық тексеру және жөндеу түрлері
Жабдықтың техникалық тексерулері күн сайынғы және кезеңдік болып бөлінеді.
Күн сайынғы тексерулер кезекші қызметкермен кезекшілікті қабылдап алған кезде және жабдық жұмысының аяқталуы кезінде жүргізіледі.
Күн сайынғы тексерулерге төмендегілер жатады:
1) қолданыстағы және резервтегі жабдықтың сыртқы тексеруі;
2)тұрақты өлшеу құралдары мен индикаторлар көрсеткіштерін тексеру;
3)негізгі тораптар мен тетіктердің қызуын тексеру.
Тексерілетін тораптар мен тетіктердің толық тізбесі жабдықтың түрін есепке ала отырып, кезекші қызметкерлер үшін пайдаланушы нұсқаулықпен анықталады.
Кезеңдік тексерулер телерадио хабарларын таратушы құралдары операторының техникалық басшысымен бекітілген технологиялық карталар және(немесе) нұсқаулар бойынша орындалады.
Орындалатын жұмыстардың тағайындалуына, сипаты мен көлеміне сәйкес өндірістік жабдықтағы жөндеу жұмыстары ағымдық және күрделі болып бөлінеді.
Ағымдық жөндеу – жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қайта қалпына келтіру үшін орындалатын және бөлек бөлшектерді ауыстырудан және\немесе қайта қалпына келтіруден тұратын жөндеу болып табылады.
Күрделі жөндеу деп жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін және жабдық ресурсын ауыстыруымен немесе оның басқа бөлшектерін, негізгілерді қосқанда қалпына келтіруімен толық немесе толыққа жақынырақ қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеуді атаймыз. Күрделі жөндеу кезінде жабдықтың барлық тозып кеткен тетіктері мен тораптарын жаңасына ауыстыру, құрастыру, кәбілді, жабдықтың сырлануын және т.б. ауыстыру арқылы жабдықтың толық бөлшектенуі жүргізіледі.
Күрделі жөндеу ақаулы актілері негізінде жасалған бөлек жоспар бойынша жүргізіледі. Күрделі жөндеу жоспары телерадио хабарларын таратушы операторларының басшылығымен бекітіледі. Күрделі жөндеуге жабдықтың тоқтатылуы теле-, радиокомпанияларымен келісіледі.
Күрделі жөндеу жұмыстарының нақты уақыты мен өткізу мерзімдері жабдықтың белгіленген тоқтатуына дейін күнтізбелік 30 күннен кеш емес уақытта телерадиокомпанияларға хабарланады.
Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің жабдығы мен құрылысының принциптік сызбасы мен құрылымына маңызды өзгерістер енгізуімен байланысты жұмыстар телерадио хабарларын тарату жүйесінің техникалық басшысының рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің коммутациялық құрылғыларында және АСК немесе олардың бірлескен жұмыстарына әсер ететін бағдарламаларын беру құрылғыларында жүргізілетін барлық жұмыстар теле-, радиокомпанияның және телерадио хабарларын таратушы оператордың басшысымен жоспарланып, келісілуі тиіс. Бұл ретте, теле-, радиоарналар сигналын беру құралдарының жұмыс кестесі назарға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |