Тексерген: Еменова Г



Дата31.03.2023
өлшемі74 Kb.
#41937
аза глоссари


М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті
«Ұстаз» институты



СӨЖ

Орындаған:Ескали Азамат Баурджанұлы


Тексерген: Еменова Г

Тараз, 2023



  1. Абсолютизм – жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында түрған мемлекеттік басқарудың түрі.

  2. Автократия – бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқару.

  3. Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп.

  4. Аристократия – пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы.

  5. Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.

  6. Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.

  7. Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.

  8. Билік – адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың көмегімен әсер ету мүмкіншілігі, адамдарға саяси билік жүргізу.

  9. Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Оның негізін салған ағылшын ойшылы Джон Локк.

  10. Демокрация – екі елдің жерін анық бөліп тұратын шекара.

  11. Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірін есепке алынуын қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі.

  12. Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын партиялар.

  13. Диктатор – заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.

  14. Жалпы адамзаттық құндылықтар – бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесінен туған адамгершілік қазыналар.

  15. Заң шығарушы билік – заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік, парламент.

  16. Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсіну.

  17. Иерархия – төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.

  18. Конституция – мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

  19. Көппартиялылық – мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі.

  20. Қоғамдық саяси ұйымдар – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.

  21. Легитимдік – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

  22. Либерализм – жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын саяси бағыт.

  23. Можаритарлық жүйе – сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

  24. Мәміле – дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.

  25. Мәртебе – азаматтың, мемлекет органының, халықаралық ұйымның және т.с.с құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.

  26. Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.

  27. Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.

  28. Монархия – мемлекеттің жоғары өкімет билігі жеке-дарабір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі.

  29. Объект – субъектінің танымдық және басқа да іс-әрекеті бағытталған зат.

  30. Олигархия – саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.

  31. Парламент – жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган.

  32. Позиция – белгілі бір мәселеге, іске ұстаған көзқарас, пікір.

  33. Президент – республикалық басқару орын алған елдерде белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы.

  34. Прогресс – алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.

  35. Революция – қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы өзгеріс.

  36. Регресс – кері шегінушілік, бірдеңенің дамуында туған құлдыраушылық, өзгерістің нашар жаққа бет алуы.

  37. Ресми партиялар – қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өткен партиялар.

  38. Сайлау жүйесі – белгілі бір билік түрін, мемлекеттік өкілеттік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы. Сайлау жүйесі мажоритарлық, пропорционалдық, азшылықтың өкілдігі болып үшке бөлінеді.

  39. Сайлау құқығы – мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары.

  40. Сайлау науқаны – өкімет басқару органдарына және т.б сайлау сияқты арнайы қоғамдық- саяси мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған және жүргізілетін науқан.

  41. Сайлаушы – сайлауда, референдумда және т.с.с бір үміткер үшін немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.

  42. Саясат – 1)өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар; 2) мемлекеттің істеріне қатынасу,оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын анықтау.

  43. Саясат субъектілері – іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ. Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым немесе әлеуметтік топ.

  44. Саясаттану – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым.

  45. Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.

  46. Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме.

  47. Саяси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде негізінде құралған адамдардың ерікті одағы.

  48. Саяси процесс – 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгерісі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс.

  49. Саяси сана – адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады.

  50. Саяси тәртіп – саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.

  51. Саяси тұрақтылық – әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндікь беретін тұрақтылығы.

  52. Саяси ұйым- алдына қойған ортақ саяси мақсатқа жету үшін өзіндік құрылымы бар, қызметтері айқындалған және жүйеленген адамдардың бірлестігі.

  53. Сот билігі – құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп әділеттікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органның билігі. Ол парламент немесе президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, адамдардың құқықтарын қорғайды.

  54. Теократия – діни билік те, азаматтар билігі де бір адамның қолында болатын мемлекеттік басқарудың түрі.

  55. Әдет – ғұрыптық легитимдік – хан, сұлтан, патша , шах әмір билігін халық дұрыс, заңды деп түсінеді, билік әкеден балаға мирас болып қалады.

  56. Харизматикалық легитимдік – мұнда ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттеімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан еруі.

  57. Ақыл - парасаттық легитимдік – мұнда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

  58. Көсем (М.Конвей бойынша саяси көшбасшылықтың жіктелуі) – топты бағындыруға тырысатын, топты өзі таңдаған жолмен ертуге тырысатын тұлға.

  59. Саяси элиталардың қызметі – стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын негіздейді, өз жоспарын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

  60. Эволюция – қоғамдық саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияның негізін салған Ч.Дарвин болатын.

  61. Индивид (жеке тұлға) – дербес өмір сүретін жеке организм, атап айтқанда, адам, жеке тұлға, адамзат баласының жалғыз өкілі.

  62. Саясаттануда парадигма деп - саяси өмірді бейнелеуге білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады

  63. Саясаттанудың міндеті - тарихи өткенді ғылыми-теориялық тұрғыдан қорытындылау саяси оқиғалар қатарындағы қайталануларды мәнділікті типтілікті заңдылықты айқындау болып табылады

  64. Саяси элита - бұл қоғамды басқаруды билеуші қызметін атқаратын және мемлекеттік билікті қолына шоғырландырған маңызды саяси шешімдер қабылдауға қатысатын мамандандырылған әлеуметтік жеңілдігі бар топ

  65. Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар - саясаттың аса белсенді субъектілері

  66. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.

  67. Элита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы).

  68. Элита ұғымы - француз тілінен аударғанда ең жақсы және көшбасшы елдер олар қоғамды басқарады стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайды және оларды жүзеге асыруда мемлекеттік билік ресурстарын пайдаланады

  69. Депутат (лат. deputatus - «өкіл») — мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқарудың заң шығарушы немесе басқа да өкілетті органына сайланған тұлға. 

  70. Дәстүрлі саяси жүйе - олигархтар басқаратын саяси жүйе оларға консерватизм әдісі тән, әлеуметтік мәртебелердің тең бөлінбеуіне бағыт-бағдар ұстайды

  71. Диктатура (шексіз билік) - басқарылатындар тарапынан бақылау қойылмайтын бір адамның немесе бір жетекші басшылық ететін адамдар тобының басқару тәртібі.

  72. Егемендік - бұл республиканың абсолютті және мәңгі билігі.

  73. Биліктің тікелей бөлінуі дегеніміз - биліктің әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы бәрінен бұрын жалпы ұлттық және жергілікті басқару деңгейлері арасындағы бөлінуді айтады

  74. Бихевиоралдық тәртіптілік әдіс - деген жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың көпқырлы тәртібін нақтылы зерттеу.

  75. Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.

  76. Құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.

  77. Саяси көшбасшылық феноменi билiк феноменiмен байланысты. Саяси көшбасшылық - бұл билiк қатынасы мен әртүрлiлiгi. Билiк - көшбасшылықтың негізгі ингредиенті.

  78. Саяси көшбасшылық - бұл саяси жүйенiң негiзгi институттарының бiрi.

  79. Саяси көшбасшылық - бұл тұрақты, приоритеттi және легитимдi , бүкiл қоғамға, ұйымға немесе топқа билiкке ие бiр немесе бiрнеше адамдардың ықпалы.

  80. Саяси көшбасшылық - арнаулы нарықтық қатынаста жүзеге асатын өзiнше кәсiпкерлiк, онда саяси кәсiпкерлер бәсекелiк күресте өздерiнiң қоғамдық тапсырмаларды шешетiн бағдарламаларымен айырбас ұйымдастырады.

  81. Саяси көшбасшылық - бұл соңғы нәтижесiнде саяси әрекетке әкелетiн бағыт.

  82. Саяси көшбасшылық - бұл жетекшi мен халық арасында қалыптасатын қатынас. Бұл қатынас не бiрiгу, не шиеленiс моделдерiмен дамиды.

  83. Саяси көшбасшылық қызметтері - қоғамды интеграциялау, бұқараны бiрiктiру; тиiмдi саяси шешiмдердi табу және қабылдау; әлеуметтiк арбитраж және патронаж; билiк және бұқара коммуникациясы, саяси және көңiл-күйлiк байланыс каналдарын кеңейту, азаматтардың билiктен аластауын болдырмау; жаңаруды қолдау, оптимизм мен әлеуметтiк энергияны беру, саяси мақсатқа бұқараны тарту; саяси құрылысты легитимдеу.

  84. Антрепренерлік жүйе - Антрепренерлік жүйе гильдий жүйесіне қарама-қарсы: 1) ол ашық жүйе. Қоғамның әр қатпарының, түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің элита құрамына өтуіне кең мүмкіндіктер бар. 2) Мемлекеттік қызметке ұмтылғандарға қойылатын формальды талаптар саны аз. 3) Селекторатттың аумағы кең, тіпті елдегі бүкіл сайлаушылар элита құрамын анықтауға қатысуы мүмкін. 4) Элита құрамына өту үшін талас үлкен бәсекеге, шиеленіскен таласқа толы. 5) Таңдау, сұрыптау барысында үміткерлердің беделі, қабілеті, іскерлігі, көрегендігі, саяси белсенділігі-бәрі үлкен мәнге ие болып, міндетті түрде ескеріліп отырады.

  85. Гильдия жүйесі – гильдия жүйесіне тән ерекше сипаттар мыналар: 1) Жабықтық. Элитаның құрамына кез келген адам өте алмайды, жоғары қызметке элитаның төменгі буынындағы адам біртіндеп, сатылып көтеріледі. Жоғарыға ұмтылған қызметкер әр қадамын аңдып басып, аяғының ұшымен жүреді, жоғарының көзіне түсуге ұмтылады, шыдамдылық көрсетуге мәжбүр. 2) Элита құрамына кіруге ұмтылғандар мен элита ішіндегі қызмет сатысымен көтерілушілерге қойылатын сүзгі, формальды талаптар көп: партия мүшесі екендігі, жас мөлшері, еңбек стажы, білімі, осының алдындағы қызмет дәрежесі, істеген жерінің берген мінездемесі, т.б. Осындай талаптардың кез келгеніне сәйкес келмеген үміткерді кері қағып тастау оп-оңай. 3)Селектораттың, сұрыптау жасайтын адамдар тобының құрамы өте аз және ол топқа кім кіретіні құпия ұсталады. Негізінен алғанда элитаның құрамын жоғары лауазымды басшылар тобы анықтайды. Оның шешімімен ешкім таласа алмайды. Гильдия жүйесі ішкі қайшылықтарға, ашық бәсекеге, әбігерлікке, бей –берекеттікке жол бермейді. 

  86. Ерік дегеніміз - әлеуметтік субъектіні жеке түсінілген саяси мақсатты және оның дәйекті түрде іске асыру жолындағы қабілеттің дайындықпен бостандықтың болуы.

  87. Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.

  88. Монархия - бұл биліктің толық немесе жартылай бір адамның монархтың қолына шоғырлануы

  89. Пропорциялық сайлау - парламенттегі депутаттық орындарға партиялар ұсынған кандидаттардың тізіміне парламенттік сайлауларда берілген дауыстардың санына қарай бөлінеді

  90. Режим — мемлекеттік құрылыс, басқару тәсілі

  91. Сайлау технологиялары - сайлаушыға әсер ету тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы

  92. Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар - саясаттың аса белсенді субъектілері

  93. Саяси институттар - елдің немесе аймақтың саяси қатар өмір сүру нормаларын жобалайтын, реттейтін және қадағалайтын органдар.

  94. Саяси партия — мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы;

  95. Саяси теория - қандай да бір автордың болашаққа бағытталған оңтайлы жолды көрсетуі, тәжірибелік ойы, идеясы.

  96. Әлеуметтік парадигма-саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.

  97. Натуралистік парадигма-саясатты әлеуметтік сипаты жоқ себепкер мен географиялық ортамен биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

  98. Теологиялық парадигма-саясатты, билікті Құдайдың құдіреттілігімен түсіндіреді.

  99. Саясаттану обьектісі- қоғамның саяси саласы,онда болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер.

  100. Саясаттану субектісі - қоғамның үлкен әлеуметтік топтары, таптары,жеке адам.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Д.Жамбылов, «Саясаттану негіздері», 2 бас. – Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 240 бет.

  2. https://melimde.com/sayasatanu-peni-bojinsha-glossarij-orindafanuandiov.html

  3. https://ulagat.com/2020/08/08/%D1%81%D0%B0%D1%8F%D1%81%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83-%D0%BF%D3%99%D0%BD%D1%96%D0%BD%D0%B5%D0%BD-%D0%B3%D0%BB%D0%BE%D1%81%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B9/




Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау