Трансформаторларды жүктеу, тасымалдау және түсіру
Дайындау кезеңінде тапсырыс беруші-кәсіпорын құрастыру
алаңына қажетті көтергіш-көліктік, такелаждық, инвентарьлық
жабдықтарды жеткізу керек, электр энергиясының, материалдардың
құрал-саймандардың болуын, сонымен қатар іргетастардың рельс
462
жолдарына дайындығын қамтамасыз ету керек.
Трансформаторлар үлкен салмаққа ие болатындықтан, оларды
құрастыруда такелаждық жұмыстар елеулі орынға ие.
Бөлшектелген радиаторлармен тасымалданатын 2600 кВ-A жоғары
қуатты
трансформаторларды
қоспағанда,
1...Ш
өлшемді
трансформаторларды толықтай жиналған және қалыпты деңгейге дейін
май құйылған күйде тасымалдайды. Трансформаторларды тасымалдау,
әдетте, жүк көтергіштігі сәйкес келетін темір жол және автомобиль
көлігімен (автомашиналар, көлік тіркемелері және т.б.) жүзеге
асырылады; тас немесе топырақ жолдарында құрылымы бойынша
тасымалдауға қатысты нормаларға, жүктеу сұлбаларына және рельссіз
көлікте бекіту әдістеріне сәйкес келетін арнайы шаналар пайдалануға
рұқсат етіледі.
Трансформаторларды домалатып немесе металл тілімдерде
тасымалдауға тыйым салынады.
Трансформаторларды түсіру көтергіш крандармен жүргізіледі.
Трансформаторды тұғырнамада нығайтатын барлық таяныштарды,
тіреулерді және кергілерді шешіп, оны бак қабырғаларына
дәнекерленген төрт ілмектен көтереді, ал шағын трансформаторды –
қақпақтағы көтергіш жақтаудан.
Трансформаторларды көтеруге арналған матауыштар ұзындығын
олардың тармақтардан ауытқуының бұрышы 60° аспайтындай, ал тік
жазықтыққа қатысты көлбеулік бұрышы 30° аспайтындай таңдайды.
Матауыштар ауытқуы бұрышының және тік жазықтыққа көлбеулігінің
артуы тартылымның күшеюін тудырады. Осы шарттарды орындау
мүмкін болмаған кезде траверса қолданылады.
Матауыштар жүктің өткір жиектерімен жанасатын жерлерде
арқандарды шамадан тыс үйкелуден сақтандыру үшін төсемелер төсеу
керек. Арқандар трансформатордың шығыңқы бөліктеріне (вентильдер,
радиаторлар, кірістер, газ шығару құбыры және т.б.) жанаспау керек.
Алдымен трансформаторды сынақ ретінде
200
мм дейін көтереді, кейін
оны орнына түсіреді және, егер ешқандай ауытқулар анықталмаса,
түсіруге кіріседі.
Түсіруді
бастар
алдында
түсірілетін
трансформатордың
салмағының кранның рұқсат етілетін жүктемесіне сәйкес келетіндігіне
көз жеткізу керек, сонымен қатар оның тежегіш құрылғыларын сынау
керек. Кран болмаған кезде трансформаторларды жүкарбалар және
көтергіш көмегімен түсіреді.
Түсіргеннен және тасымалдағаннан кейін трансформаторды
құрастыруға
немесе
ұзақ
сақтауға
дайындау
керек.
Трансформаторлардың жеткізу және сақтау шарттарының сақталуы
оларды алдын ала кептіру қосу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Трансформаторды тапсырыс беруші тасымалдаушы ұйымның
өкілімен бірге қабылдайды. Сырттай тексеру кезінде оның тұғырнамада
бекітілуінің сенімділігін, жеткізуші жүкқұжаты және бөлшектеу
тізімдемесі бойынша толымдаушы аспаптардың болуын және
463
жарамдылығын, бакта, радиаторларда, кеңейткіште жапырылулардың
жоқтығын, тығыздамалардың саңылаусыздығын, дәнекерлік тігістердің
және фарфорлық кірістердің тұтастығын, сонымен қатар майға
арналған барлық шүмектердегі пломбалардың сақталуын тексереді.
Қабылдау нәтижелері актпен рәсімделеді.
Зауытта орнатылған кеңейткіштермен тасымалданатын және
маймен толтырылған трансформаторларды резервтік, қолданысқа
дайындалған түрінде сақталады: кеңейткіште май деңгейін тексеріп,
қажет кезде оны толықтыра құяды; периодты түрде, кеңейткіштің
лайұстарының тығынын ашып, онда жинақталған тұнбаларды
шығарады; майдың электрлік беріктігін тексереді және қажет кезде оны
тазартады.
Қақпақ деңгейінен төмен деңгейде (
100
бастап
200
мм дейін) маймен
толтырылған
күйде,
бірақ
бөлшектенген
кеңейткіштермен
тасымалданатын трансформаторларда кеңейткішті өндіруші-зауыттан
жөнелтуден кейін кем дегенде
6
айдан кейін кеңейткішті орнатып, таза
құрғақ май құю керек.
Сонымен қатар трансформатор багына құйылған және ондағы
майдағы қоспалардың жоқтығын тексереді.
Егер трансформаторлардың сақтау мерзімі
6
айдан асса, кеңейткішті
уақытша орнатады және трансформаторға майды толықтыра құяды,
осы жағдайда кеңейткіш кеңістігін қоршаған ауамен байланыстыратын
ауа кеңейткішін құрастырады. Сақтау кезеңінде сонымен қатар
кеңейткіштегі май деңгейін бақылап, қажет кезде оны толықтыра құю
керек. Трансформатор бір жылдан астам сақталған кезде кем дегенде 3
айда бір рет май сынамаларын электрлік беріктікке (тесу) қатысты
сынау керек.
Тығыздамалар саңылаусыздығын құрастыру басталар алдында
немесе майды толықтыра құю алдында тексереді. Егер трансформатор
кеңейткішпен және маймен толтырылған күйде тасымалданса, онда
оның тығыздамаларының саңылаусыздығын май көрсеткіш белгілері
бойынша бағалауға болады.
Саңылаусыздықты тексергенге дейін тығыздағыш бұрандамаларды
қатайтуға болады. Маймен, бірақ кеңейткішсіз тасымалданған
трансформаторлар саңылаусыздығын май қысымы бойынша 3 сағат
ішінде тексереді, осы мақсатта қақпақта төменгі ұшында бұранда және
тығыздағыш сомын және жоғарғы ұшында майтүтік бар, биіктігі 1,5 м
және диамері 1...1,5" болатын құбырды орнатады. Егер тексеру кезінде
май деңгейінен жоғары орналасқан жерлерде ақпалар бақыланбаса,
трансформатор саңылаусыз болып саналады. Сонымен қатар бакта 15
кПа шамадан тыс қысым жасау арқылы тексеруге рұқсат етіледі. Осы
жағдайда, егер 3 сағатта қысым трансформатор 2 кПа аспайтын шамаға
төмендесе, трансформатор саңылаусыз болып саналады.
Радиаторлар қалқа астында сақталуы тиіс. Ескерерлік жәйт, ішкі
тоттануды жоюға болмайды, сондықтан олардың шеттерінің резеңке
төсемелермен тығыздалуының сенімділігін қадағалау керек.
464
Жеке жеткізілген кеңейткіш, оны кідірместен трансформаторға
орнату мүмкін болмаған кезде, май қалдықтарынан босатып, құрғақ
маймен шаю керек және барлық оның тығындарын және жапқыштарын
мұқият тығыздау керек. Көмекші аппаратураны (газдық реле,
термометрлер, салқындатқыш құрылғыға арналған жабдықтар, қосалқы
оқшауламалық материал) жабық құрғақ жерде зауыттық қаптамада
сақтайды.
Газ шығару құбырын, шығыршықты арбашаны және арнайы
қаптамасыз тасымалданатын басқа бөлшектерді оларды жауын-
шашындардың тікелей түсуінен қорғайтын қалқа астындағы ағаш
төсемелерде сақтауға болады.
Құрастыруға қабылдау кезінде трансформаторларды мұқият
тексереді. Бекіністерді, дәнекерлік тігістер тұтастығын, бактан май
ақпаларының
жоқтығын,
бөлшектер
толымдығын
(зауыттық
қаптамалық құжаттарға, маманданымдарға және жеткізуге қатысты
техникалық
шарттарға
сәйкестік)
тексереді.
Радиаторлардың,
кірістердің, кеңейткіштердің, көмекші бөлшектердің және т.б.
жағдайын қарап-тексереді. сынулардың, зақымданулардың, зауыттық
ақаулардың жоқ екендігіне, сонымен қатар әрлеудің және сырлаудың
сақталғандығына, май шүмектерінде пломбалардың бар екендігіне көз
жеткізіңіз. Фарфорлық бөлшектер беттері глазурьмен толықтай қапталу
керек, онда жарықтар және соғылған жиектер болмау керек.
Трансформаторларды құрастыруға қабылдау сәйкес актпен
рәсімделеді. Бір уақытта тапсырыс беруші өндіруші-зауыттың
техникалық құжаттамасын алады: паспорт, сынақ хаттамалары,
бөлшектеу тізімдемесі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |