219
8-ТАРАУ. ЭЛЕКТР СЫМДАРЫН МОНТАЖДАУ
8.1.
Электр сымдарының сыныптамасы
Электр сымдары орындау тәсілі бойынша ашық және жасырын болып
бөлінеді.
Қабырғалардың,
төбелердің,
фермалардың,
машина
табандарының сыртқы беті бойынша тартылған электр сымдары
ашық
деп
аталады, ал ғимараттың құрастырымдық элементтеріне (қабырғаларға,
іргетастарға, іргелерге және т.б.) тартылған сымдар жасырын деп аталады.
Ашық электр сымдары стационарлық, жылжымалы және тасымалды
мүмкін.
Ғимараттар мен құрылыстардың
сыртқы
қабырғалары бойынша
аспалы тартылған, сонымен қатар ғимараттар арасында көшеден,
жолдардан тыс тіреуіштерде (әрбіреуі 25 м дейін төрт аралықтан аспау
керек) тартылған электр сымдары сыртқы деп аталады. Сыртқы электр
сымдары ашық және жасырын болуы мүмкін, оны қоршаған ортаның
жағдайларын, қауіпсіздік техникасының ережелерін, өрт қауіпсіздігі мен
басқа да факторларды ескере отырып, оның монтаждау әдістері
айқындайтын конструкциялық әртүрлі әдістері болады.
Электр сымдарын ашу оқшаулау тіреуіштерінде, тікелей құрылыс
негіздеріне, астауларда, арқандарда орындалады, ал жасырын электр
сымдары – металл және металл емес құбырларда, сылауда, ғимараттардың
құрылыс конструкциялардың тұйық каналында, оларды дайындау
кезінде құрылысы конструкцияларына құйып бекітілген тұйық қораптарда
орындалады. Цех ішілік жарықтандыру желілерінің 1000 В дейінгі
кернеуімен ашық та, жасырын да электр сымдары болады, бірақ көбінесе
еңбекті аз қажетсінетін, аса үнемді және индустриялық монтаждау
талаптарына жауап беретін сым ретінде ашық құбырсыз сымдар
қолданылады (монтаждау шеберхана ұйымдардағы технологиялық
желілерде алдын ала дайындау және сымдардың бөлшектерін және
тораптарын жинақтау).
Ашық электр сымдарын алдын ала стендік дайындау, ірі өлшемді
тораптар мен алдын ала дайындалған желі элементтерінен бүтін желілерді
жинақтауға мүмкіндік беретін монтаждау бұйымдар мен бөлшектердің
үлкен номенклатурасының болуы, сонымен қатар монтаждау алаңында
бірқатар механизмдер мен жабдықтарды қолдану мүмкіндігі өнеркәсіп
кәсіпорындарында құбырсыз ашық электр сымдарын монтажын
индустриализациялаудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: