Құралбілік дұрыс және тиісті мерзімде жұмыс атқару үшін оның жасалуына және тозуына дәлдік шектер жоспарланады. Олардың көлемдері:
2.13-сурет – Дәлдік шегінің орналасу сұлбасы
Баспақтың керекті күшін қосылыстың жоғарғы керілісімен есептеліп анықталады, сол жоғарғы керіліс
, (2.7)
мұндағы – гарантиялы керіліс,
– өңделетін бөлшектің орнықтандырушы тесігінің дәлдік шегі.
Бұлардың артықшылығы: өңделетін бөлшекті дәл центрлейді, сондықтан орнықтандыру қателігі минималды болады.
Осындай құралбіліктер ірі-сериялы және жаппай өндірісте қолданылады. Дайындамалар саңылауы бар қондырғымен орнатылатын цилиндрлы құралбіліктер.
Дайындаманың тесігі 5-7 квалитет дәлдігімен өңделеді және бетінің кедір – бұдырлығы Ra = 1,25-0,63 мкм. Құралбілікке өңделетін бөлшек орнық тесігімен ноль санды не гарантиялы саңылаумен орнатылады. Кесу күштердің әсерінен дайындама айналмау және қозғалмау үшін оларды қыспақтайтын күш төмендегі формуламен есептеледі
, (2.8)
мұндағы К – қор коэффициенті;
Pz – шеңберлі кесу күш;
D - өңделетін беттің диаметрі;
D1 – белдеменің диаметрі;
d – құралбіліктің орнық бетінің диаметрі;
f – дайындамамен құралбіліктің арасындағы үйкеліс коэффициенті (f = 0,1 - 0.15).
2.14-сурет – Саңылау қондырғымен орнатылатын цилиндрлы құралбілік
Дайындаманың центрлену дәлдігі оның орнықтандыратын тесігінің және құралбіліктің орнату бетінің арасындағы саңылаудың санына байланысты. Саңылаудың максималды саны мына формуламен есептеледі Smax = Smin + TH + Топр (2.15-сурет).
ТН – өңделетін тетіктің бетінің (тесігінің) дәлдік шегінің өрісі; Топр – құралбіліктің орнықтандырушы цилиндрлы бетінің дәлдік шегінің өрісі; Smin – тетікпен құралбіліктің орнықтандыру беттерінің арасындағы минималды саңылау; Smax – тетікпен құралбіліктің орнықтандыру беттерінің арасындағы максималды саңылау
2.15- сурет – Дәлдік шегінің орналасу сұлбасы
Қатаң құралбіліктер 20, 20Х маркалы болаттардан жасалады. Олардың термоөңделуі: 1,2-1,5 мм тереңдікке көмірмен байытылады, одан кейін HRC 55-60 қаттылыққа беттік шынықтырудан өтеді. Құралбіліктің жұмыс беттерінің кедір-бұдырлығы Ra = 0,63-0,32 мкм ге дейін әрлеу ден өтеді. 45, 40Х маркалы болаттардан жасалулары мүмкін. Термоөңдеу – HRC 45-50 қаттылыққа дейін шынықтыру. Құралбіліктердің центрлеу ұяшықтарында фаскалар жасалады. Құралбілікке айналдырушы моментті беру үшін квадрат, жетектеме саусақ жасалады. Егер құралбіліктің диаметрі 80 мм ден жоғары болса онда ортасы қуыс болу мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |