Horison VAC – 100 пневматикалық қағазжинақтау станциясы, жинақтайтын биговкалап-бүктемелейтін AFC – 30 модулі, қысып сыммен тігетін SPF – 30 модулі және HTS – 30 үш жағынан кесу машиналары SL брошюралық комплекстің негізгі бөлігі болып табылады.
Бұл комплекстің жұмыс сұлбасы 8 суретте көрсетілген. Оператор VAC – 100 жинақтау станциясының лотоктарына қағаздарды немесе дәптерлерді қойып орталық басқару пультімен басылымның жұмыс режимін, форматын, таралыман және басқа да өлшемдерін қояды. Дұрысталған қағаз парақтары түзету столы арқылы ACF – 30 модуліне келіп түседі. Мұнда оларға биговка жүргізіліп, бүктеледі де SPF – 30 модулінің қабылдап – жинағыш блогына келіп түседі. Егер біздің журнал 40 беттен асса онда журналдар ол жерде бірнеше циклмен жиналады.
8- сурет. Stitchliner-ің жұмыс схемасы
VAC – 100
VAC – 100 вертикалды парақ жинақтау машинасының соңғы үлгілерінің бірі. Ол ерекше құрылысты пневматикалық самонакладпен жарақталған және оның жылдамдығы үлкен. VAC – 100 жинақтау машинасында жинақтау мұнарасының саны алтыға дейін болады және ол бір уақытта 60 параққа дейін жинай алады. Екі мұнарамен (20 лоток) жұмыс істеген кезде VAC – 100 ің жылдамдығы сағатына 5500 циклға децін болады. Жалпы VAC – 100 машинасының жылдамдығы сағатына 9500 цикл болады.
Топтаманың үстіңгі парағының ұсталуымен бір-бірінен ажырауының тиімділігі түрлі бағыттағы брорланған, борланбаған, қатырма, ламинацияланған материалдарды да алуға жағдай жасайды. Қағаздың берілуін және өтуін бақылыу жүйесі арқылы қадағалаймыз: пропуск датчиктері, парақтың қысылып қалуын, қосарланған парақтарды, бос лотокты, қағаздың өтуін.
9- сурет. VAC – 100
VAC – 100 ің энергияға тәуелсіз есте сақтау қабілетінің арқасында машина жұмысын реттеп отыратын 9 жұмыс бағдарламасына дейін сақтай алады: жылдамдығы, жұмыс істеп тұрған лотоктардың саны, әр лотоктағы датчиктердің сезімталдығын.
Машина қазіргі заманғы пультпен басқарылатын түсті басқару жүйесімен жабдықталған. Машинаның орталық компьютері машинаның жұмыс істеуі кезіндегі жағдайы туралы ақпаратты көрсетеді. Машина операторға қағаздардың қысылып қалғанын, парақтардың қосарланып қалғанын, қабылдау столының тоғанын т.б қажетті мәліметтерді хабарлап тұрады. VAC – 100 дистанционды басқару жүцесімен жабдықталған және локальді ағынды басқару үшін компьютерге қосуға болады. [11]
ACF- 30
ACF – 30 модулінің қызметі: парақтарды түзетіп жинақтау, олардың дәл ортасына дискті пышақ арқылы биговка жүргізу, воронкалы құрылғыда оларды бүктемелеу және роликті механизммен п.б. дәптерледің түбін қысу (10 сурет). Бұл модуль брошюралаудың түрлі екі технологиясын қосатын көпір болып табылады. Бұл көпірдің бір жағында вертикалды жинақтау мұнарасы бар, екінші жағында тасымалдағышы бар жоғарыжылдамдықты брошюралық ағыны, сыммен тігетін головкасы және үш жағынан кесетін құрылғысы бар. 12 суретте ACF – 30 ың негізгі түйіндері көрсетілген: парақтарды түзететін стол, биговка, қысым және дистанционды басқару пульт жүйесі, воронкалы бүктемелеу механизмі орналасқан. Мұнда жасалатын журналдың көлемі беттер санымен емес, басылымның қалыңдығымен (мах 10мм) шектеледі.
10- сурет. ACF – 30 11- сурет. Жұмыс сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |