102
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау негіздерін
өз әрекетінде көрсете білуі
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру негіздерін
өз әрекетінде көрсете білуі
5. Ғылыми педагогикалық қызметкер даярлау неше деңгейде
жүргізіледі?
А) үш
Б) алты
С) төрт
Д) сегіз
Е) бес
6. Еуропа кеңесi қазiргi өркениеттiң кез келген өкiлi меңгеруі тиіс
құзырлардың негізгі неше тобы анықталды?
А) бес
Б) алты
С) төрт
Д) сегіз
Е) үш
7. 21 ғасырдағы білім алу үрдісіне жасалған ЮНЕСКО болжамы
қандай мәселелерді көрсетеді?
А) күндізгі оқу уақыттың 30 – 40 % алады, қашықтан оқыту 40%
алады, қалған уақытты e-learning көмегімен өз бетімен білім алу алады
Б) күндізгі оқу уақыттың 50 – 60 % алады, қашықтан оқыту 50%
алады, қалған уақытты e-learning көмегімен өз бетімен білім алу алады
С) күндізгі оқу уақыттың 60 – 70 % алады, қашықтан оқыту 60%
алады, қалған уақытты e-learning көмегімен өз бетімен білім алу алады
Д) күндізгі оқу уақыттың 70 – 80 % алады, қашықтан оқыту 70%
алады, қалған уақытты e-learning көмегімен өз бетімен білім алу алады
Е) күндізгі оқу уақыттың 80 – 90 % алады, қашықтан оқыту 80%
алады, қалған уақытты e-learning көмегімен өз бетімен білім алу алады
8.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша күнделікті
қолданылатын құралдарға не жатады?
А) Word, PowerPoint; Imaging
Б) Adobe Presenter, Camtasia for Screen- and Podcasts
С) CBT/WBT Authoring Tools(CBT – компьютерді қоданып оқыту,
WBT - Web технологияны қолданып оқыту ): Director т.с.с.
Д) Анимация жасау: Flash, т.с.с.
Е) Web редакторлар: Hefs т.с.с.
9. Білім саясатының өзекті мәселелері қандай?
А) кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз
етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту
Б) деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі
белгілі міндеттерді тиімді шешу
103
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру
10. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі немен ерекшеленеді?
А)
адам
қызметінің
басым
бөлігін
ақпараттандырумен,
компьютерлендірумен
Б) деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендірумен
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу негіздерін өз
әрекетінде көрсете білуімен
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау негіздерін
өз әрекетінде көрсете білуімен
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру негіздерін
өз әрекетінде көрсете білуімен
104
8. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІН
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-
оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз
ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін
сабақта
жаңа
технология
элементтерін
қолданудың
мақсаты
шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың
міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі
жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен
әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең
негізділерінің бірі - жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа
тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу.
Сондықтан, мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа
технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың
ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуіне назар аударған жөн. Оқушы
қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі -
деңгейлік саралау сондай – ақ дамыта оқыту технологиясының элементін
қолдану болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің
даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен
саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп - саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш
деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық,
күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Осы деңгейлеп оқытуда қазіргі білім кеңістігінде қолданып сабақ
өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті
сабаққа қолдану қажет. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлген дұрыс
болады:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |