99
қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм алуды
басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану
тәртібі қайта ұйымдастырылады.
-
Ғаламданудың бүкiләлемдiк үрдістерімен сәйкес бiлiмнiң
ынтымақтастығы.
Бiлiмнiң
ынтымақтастығы,
керiсiнше,
ұлттық
жүйелердiң жақындауына, оларда ортақ әмбебап тұжырымдар және
компоненттердiң табылу және дамыуына бағытталған. Ынтымақтастық
құралы ретінде білімгерлермен, оқытушылармен және зерттеушiлермен
айырбас жасау, дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң
жалпы стандарттарын құру болып табылады.
Қазiргi мектептегі бiлiм беруде, қашықтан оқытуды дамытуда жаңа
технологияларды, интернет - технологияны қолдану үрдісін белсендендіру.
Еуропа кеңесi қазiргi өркениеттiң кез келген өкiлi меңгеруі тиіс
құзырлардың бес негізгі топтарын анықтады (құзырлық талаптарды iске
асырудағы Болон үрдісінің талаптары бойынша), олар:
- саяси және әлеуметтік: (бiрлесіп шешiм қабылдауға қатысу,өзіне
жауапкершілік алу )
-
көп
мәдени
қоғамдағы
өмірге
қатысты
құзырлар
(айырмашылықтарды түсiну, өзара сыйласу, мәдениеті, тiлі, дiні басқа
адамдармен қатар өмiр сүре білу қабілеттілігі)
- ауызша және жазбаша қарым - қатынасты меңгеруге қатысты
құзырлар, соның ішінде шет тiлдерді меңгеру құзыры
- ақпараттық қоғамның пайда болуымен байланысты құзырлар,
(электрондық құзырлар).
- өмір бойы оқи білу қабілеттілігі - кәсiби дамуда, сонымен бірге
жеке, қоғамдық өмірде үздіксіз дайындалудың негізі.
Электрондық құзыреттілік, олар:
- Болон үрдісімен талап етілетін өзгерiстердiң қажеттi бiр бөлiктерi.
- Оқытудың жаңа жолының мақсаты - электрондық технологияларды
қолдануға негiзделген оқытушылар мен білімгерлерді оқытудың
инновациялық сценарийларына тарту (e-learning)
21 ғасырдағы білім алу үрдісіне жасалған ЮНЕСКО болжамы
төмендегідей мәселелерді көрсетеді:
- күндізгі оқу уақыттың 30 – 40 % алады
- қашықтан оқыту 40% алады
- қалған уақытты e-learning көмегімен өз бетімен білім алу алады
Бағдарламаларды құру құралдарына тоқталсақ, оларды төмендегідей
түрде жіктеуге болады:
- Күнделікті қолданылатын құралдар: Word, PowerPoint; Imaging
т.с.с.
- Күнделікті интернет құралдар: Websites/HTML, Forum, Chat,
Muds/Moos (formerly), Newsgroups; Blogs, WIKIs, Podcasts т.с.с.
- Web редакторлар: Hefs т.с.с.
- Аннимация жасау: Flash, т.с.с.
100
- CBT/WBT Authoring Tools(CBT – компьютерді қоданып оқыту,
WBT - Web технологияны қолданып оқыту ): Director т.с.с.
- Арнайы құралдар: Adobe Presenter, Camtasia for Screen - and
Podcasts
- Кіріктірілген оқытатын платформалар.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта
білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби
дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте
оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары
деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына
қойылатын талаптар қатарына енеді.
Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын
жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін
түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту,
ондағы алдыңғы қатарлы оқу - тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның
сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау,
білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін
арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары
деңгейде қолдана білу.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін
ақпараттандырумен,
компьютерлендірумен
ерекшеленеді.
Соған
байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық -
компьютерлік іс-әрекетінің тәжірибелік сұранысы артуда. Қоғамдық
үрдістегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесіндегі
жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік
деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық
біліктілігі мәселесі аса назар аударуды талап етеді.
Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары
1. Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі қандай бағыт?
2. Инновациялық дамудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз.
3. Инновациялық педагогикалық іс-әрекет неге бағытталады?
4. Педагогикалық жаңалықты қалай түсінесіз?
5. Педагог - инноватор қандай қызмет атқаратын тұлға?
6. Инновациялық үрдістерді олардың дамуындағы тенденциялары
мен қайшылықтарды қалай түсінесіз?
7. Инновациялық үрдістер туралы не білесіз?
8. Ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда қанша деңгей бар?
9. Қазiргi бiлiмнiң тенденцияларын талдай отырып, қазiргi әлемдегi
бiлiмнiң келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге бола ма?
10. Электрондық құзыреттілік дегенді қалай түсінесіз?
101
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. «21 ғасырдағы білім алу үрдісіне жасалған ЮНЕСКО болжамы»
тақырыбында баяндама жасаңыз.
2. Білім саясатының өзекті мәселелері туралы конспект жасаңыз.
3. «Қоғамдық үрдістегі жетістіктер» тақырыбында реферат
дайындаңыз.
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары
1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірін
атаңыз.
А) білім
Б) электрондық курстар
С) оқу-әдістемелік материалдарды жинау технологиясы
Д) ұйымдастыру технолгиясы
Е) тәрбие
2. Педагог – новатор...
А) нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге, жаңалықты
жасаушы немесе үлгісін көрсетуші
Б) электрондық курстар құру, оқулықтар, оқу жүйесін ақпараттық
қамсыздындырушы
С) дәстүрлі және қашықтан консультацияларды ұйымдастырушы
Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі
ұйымдастырушы
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастырушы
3. Педагогикалық жаңалықты қалай түсінесі?
А) жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық
үрдіс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен
тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы
Б) деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі
белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру
4. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі...
А) саналы түрде әрекет ете білу (өз инициативасының субъективті
мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде
көрсете білуі
Б) деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу негіздерін өз
әрекетінде көрсете білуі
Достарыңызбен бөлісу: |