97
7. ҚАЗIРГI ӘЛЕМДЕГI БIЛIМНIҢ НЕГIЗГI
ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі -
білім. Білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы.
Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми
жаңалықтар өмірге келді. Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де
білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп, қай
салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді. Білім беру
мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты
назарында ұстайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының
арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз
орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің
қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол
жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында
даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді
мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде.
Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық
биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін
біздің мамандарға үлкен ізденіс керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына
арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді,
біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл
дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде
Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика
теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар,
елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша
қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,
жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін
жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді», деп атап көрсеткен
болатын.
Осыған байланысты педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды
ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін
ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады.
Педагог - новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге,
жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие
беру мен дамытудың стереотипіне қарама - қайшы, ол белгілі межеден
шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім
қалыптастыруға бағытталады.
Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана
емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігінің немесе жеке
элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді
шешу жолы.
98
Педагог - инноватор - субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-
әрекетін өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет
субьектісінің басты мінездемесі - саналы түрде әрекет ете білу (өз
инициативасының субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге
енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі.
Қазіргі жағдайда инновациялық үрдістер, жылдам басқару мәселесі
педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып
табылады. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру
мазмұнына көлемді тәжірибелік және теориялық материалды қосуды талап
етеді. Алайда, мектепте жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі
болғандықтан, заман талабынан шығатын маманды дайындауға жеткілікті
білімді саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде.
Инновациялық үрдістерді олардың дамуындағы тенденциялары мен
қайшылықтарды аша отырып талдау қажет. Инновациялық үрдістер - бүкіл
әлемнің
білім
беру
жүйесі
дамуының
негізгі
және
қажетті
тенденцияларының бірі болып табылады.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін
инновациялық үрдістер білім беруді және мектептегі оқу үрдісін жаңарта
алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық үрдістерді игеру, жасау,
қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр
түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.
Еуропалық білім кеңістігіне ену - қазіргі кезеңнің басты шындығы,
уақыт талабы. Жоғары білім беруде біз Болон үрдісіне ендік. Жалпы
еліміздегі білім жүйесі батыстық білім беру жүйесіне бағытталып отыр.
Мамандар, ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда үш деңгейлі
«бакалавр – магистр - доктор (философия докторы (Ph), бейінді доктор)»
білім беру жүйесіне көштік. Кредиттік оқыту жүйесі оң бағыт алды.
Қоғамдық даму динамикасы екпiндi дамып келеді. Адамдардан
меңгеру және жинақталған тәжірибені өз тiршiлiк әрекетiнің шартына
қолдану қабілеттілігі ғана талап етілмейді, сонымен қатар қалыпсыз
жағдайларда әрекет ету, қатерге дайын болу талап етіледі. «Бүгінгі күні
сәби болу және есею қиындап келеді, себебі әлеуметтендіру және өмір
сүру шарттары импульстi, тұрақсыз және шексiз болып келеді.».
Қазiргi бiлiмнiң бағыттарын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң
келесi негiзгi даму бағыттарын ерекшелеуге болады, олар:
- «Білім - үйрену» парадигмасының «білім - қалыптасу»
парадигмасына ауысуы.
- Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы.
- Үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы.
- Үйренудi бiртiндеп жекелендіру.
- Үйрену диверсификациясы. Диверсификация жаңа білім мекеме-
лерінің ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм беру
функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен
және жаңа пәндердің енгізілуімен байланысты. Білім алушыларды
Достарыңызбен бөлісу: |