Матамен жұмыс істеу
Матамен жұмыста тігілетін тігіс, түзу болып шығу үшін инені дұрыс ұстау қажет. Оқушы белгінің бойымен инені әрлі-берлі шаншып тігуге үйренген соң, матаның екі қиығын беттестіріп тігуге үйретеді. Дұрыс тігіп үйрету үшін ең әуелі тігілетін матаны беттестіріп, көктеп алады.
Көктеу деп- отырғанымыз матаны сирек тігіспен тігу.
Түйме қадау- оқушылар енді өз киімдерінің түймелерін қадай білуді үйретеді. Ең әуелі олар тегіс түймені қадауды үйренеді. Бұдан кейін әр түрлі формадағы түймелерді де қадап үйренуге жаттығады. Киімнің түрлеріне қарай қадайтын түйменің түрі, түсі, формасы да әр түрлі болады. Сырт киімдерге қадалатын түймелер мықты болу үшін киімнің екінші жағына кішкене түймелер, не мата қиындыларын салып қадайды.
Ілгішек қадау- оқушы пальтосының не костюмінің ілгешегі үзілген жағдайда, оны басқа біреудің көмегін күтпей, өзі қадап алуы керек. Үзілген түймесінің не пальтосының ілгешегі уақытында қадап, тігіп алу жинақылықтың, ұқыптылықтың белгісі. Егерде оқушының ілгешегі тозып, үзіліп қалса оны қалай дайындау керек. Ол үшін 2 не 4 см ұзындығы 8 см мата кесіндісін алып, оны төрт қабаттап бүктеп, инемен ызып тігеді.
Кестелеуді үйрету- кестелеу бойынша жұмыстың негізгі міндеті, балаларды әдемілеп тігістерді орындай білуге, кесте тігу үшін керек әшекейлерді, оны орындау үшін түсті жіптер мен маталарды лайықтап таңдап ала білуге үйрету. Алғашқы жеңіл жұмыстардың бірі көйлектердің және қол орамалдарының шеттеріне белгі жасау болып табылады. Алғашқы жеңіл жұмыстардың бірі көйлектердің және қол орамалдарының шеттеріне белгі жасау болып табылады.
Ілмек тоқудың негізі- бұрыштама тоқу. Ол бос ілініп алынған ілмектерден құралады. Тоқудың ең қарапайым тәсілі- тығыз ілмектер тоқу. Тоқудың бұл түрін қуыршаққа көрпешелер жасағанда қолдануға болады. Бұл тоқу былайша орындалады. Жұмысқа қажетті ұзындықта бұрымша тоқылып, екінші қатарды бастарда тоқылып жатқан затты аударып алып, тоқылған жұмыстың сыртқы шетін бүгіп алмау үшін, бір ілмек қосады. Қай қолда ұсталатындығына байланысты, шартты түрде бізді оң біз және сол біз деп атайды. Тоқудың бұл түрін қуыршаққа көрпешелер жасағанда қолдануға болады. Бұл тоқу былайша орындалады:
Жұмысқа қажетті ұзындықта бұрымша тоқылып, екінші қатарда бастарда жазылып жатқан затты аударып алып, тоқылған жұмыстың сыртқы шетін бүгіп алмау үшін, бір ілмек қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |