4-тақырып. Технология сабақтарында қолданылатын оқыту әдістері.
Технология сабағында қоданылатын әдіс дегеніміз, тиімді тәсілдермен сабақты ұйымдастырып оны сапалы жүргізу. Енді осы әдістердің түрлерін келтірейік.
Оқылатын материалды ауызша айтып түсіндіру.
Көрнекі көрсету.
Тәжірибелер.
Байқау.
Жаттығулар.
Практикалық жұмыстар.
Кітаппен жұмыс.
Техникалық құжаттармен жұмыс.
Экскурсия.
Оқылатын материалды ауызша айтып түсіндіру әдісі мыналардан тұрады: а) баяндау – анық, түсінікті сөзбен, ретімен мазмұнын айтып беру;
ә) түсіндіру – оқылатын, істелетін материалды баяндап түрлі ой – пікірлерді дәлелдеу. Бұл әдіс еңбектің барлық практикалық сабақтарында қолданылады;
б) әңгімелеу – мұғалімнің, оқушылармен сөйлесуі арқылы сұрақ және жауап берумен негізгі мақсат іске асырылады.
Егер баяндау мен түсіндіруді әңгімемен салыстырсақ, әңгіме оқушылардың өз еркімен жұмыс істеулеріне, ой - өрістерін, шығармашылық қабілеттілігін және сөз байлығын арттыруға бағыт береді.
Көрнекі көрсету – нақтылы заттың өз бейнесін, көрінісін толық көрсетуді айтады.
Көрнекі құралдар мынандай түрлерге бөлінген:
а) көрнекі құралдың табиғи түрі;
ә) көрнекі құралдың бейнеленген түрі;
б) көрнекі құралдың экрандық түрі;
Тәжірибе және бақылау жүргізу әдістері – мұғалім алдымен жүргізетін тәжірибе жұмыстарын белгілеп, оқушыларға берілетін сұрақтарды анықтап алғаннан кейін ғана жұмыс жүргізуге қажет.
Тәжірибе мен байқау жұмыстары бағдарлама бойынша жүргізіледі. Оқушылар иллюстрациялық және зерттеу тәсілдерімен жұмыс жүргізгенде түрлі жаңалықтарға қызығады, қабілеттілігі артып, байқағыштық, белсенділік, өз күшімен жұмыс істеу сияқты құнды адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Жаттығу жүргізу әдісі – саналы мақсат қойылған материалды бірнеше қайталап, зерттеп (үйреніп), білім алуды айтады.
Практикалық жұмыс жүргізу әдісі – оқушыларды шығармашылық жұмыстарға бағыттап, жоспармен істеуге дағдыландыру. Практикалық жұмыстар – кіріспе кезең, күнделікті кезең және қорытынды кезең арқылы түсіндіріледі.
а) кіріспе кезеңі – мынандай ретпен жоспарланады;
- алдағы жасалынатын жұмыспен таныстыру;
- бүгінгі жұмысқа қолданатын білімдерді қайталау;
- ретпен ,орындалатын жұмыспен таныстыру;
- жұмыс істеу әдістерін қайталау, тексеру;
- жұмыс кезіндегі кездесетін қателерді алдын ала ескерту;
Қауіпсіздік техникасы ережелері мен өз гигиенасына түсінік беру.
ә) күнделікті кезең - оқушылардың практикалық жұмыстарын байқау негіздеріне сүйеніп жүргізіледі, жұмыс кезіндегі жіберілген қателерді түзеу үшін мұғалім қосымша ретпен техникалық операцияларын көрсетіп, айтып түсіндіреді.
б) Қорытынды кезең – істелінген жұмыстың нәтижесі, қате және дұрыс бұйымдарға талдау жүргізіп , баға қойылады.
Кітап және техникалық құжаттармен жұмыс жүргізуді дер кезінде түсіндіріп, үйретеді.
Экскурсия – жоспарланып, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды түсіндіреді, белгілі мақсат қойылып, экскурсиядағы көрген – білгендерін баяндап, түрлі сұрақтарға жауап беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |