Карамель массасын салқындатуға және оны ауамен қанықтыруға арналған жабдық. Карамель массасын үздіксіз салқындату және оған рецептурамен көзделген қоспаларды механикаландырылған енгізу үшін карамель өндірісінің механикаландырылған ағынды желілерінде қолданылатын КОМ-2 салқындату машинасы арналған. Машина ирек вакуум-аппаратынан кейін орнатылады.Карамель массасын ауамен қанықтыру мерзімді және үздіксіз жұмыс істейтін тарту машиналарында жүзеге асырылады. КОМ-2 салқындату машинасы 5- суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |