Күшін жойған
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3267. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша) азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша қызметтерді сатып алу кезінде осы Ережені басшылыққа алсын.
3. Қаржы департаменті (Литвиненко Т.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.А.Амангелдиевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын қатынастарға қолданылады.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 17 қарашадағы
N 815 бұйрығымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілді
көлемін көрсету ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже ТМККК көрсетудің жоспарланған көлемін айқындауды, ТМККК шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді, сондай-ақ ТМККК көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды қамти отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қоспағанда, азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету (бұдан әрі - ТМККК) тәртібін айқындайды.
Ескерту: 1-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1 бұйрығымен .
2. ТМККК жоспарлы көлемін көрсетуді
айқындау тәртібі
2. Алдағы қаржы жылына ТМККК жоспарланатын көлемі халықтың мынадай медициналық көмек түрлері бойынша:
1) бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК), мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек және стационарды алмастыратын медициналық көмек, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортасына қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың;
2) жедел медициналық жәрдемге;
3) стационарлық көмек, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортасына қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың;
4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қабылданатын медициналық көмектің қосымша түрлеріне сұранысын талдау негізінде айқындалады.
3. ТМККК жоспарланатын көлемін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - жергілікті органдар):
бекітіліп берілген халықты есептегендегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек үшін;
диагностиканың арнайы әдістерін және күрделі медицина технологиясын пайдалануды қарастыратын медициналық көмектердің санын есепке алғандағы мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек үшін;
шақыру санын есепке алғандағы (санитарлық авиацияны қоса) жедел медициналық жәрдем үшін;
күндізгі стационарға және күндіз болатын палаталарда болу оқиғалары санын есепке алғандағы стационарды ауыстыратын көмек үшін айқындайды.
4. Жоспарланатын стационарлық көмектің көлемін (шекті көлемдерін) облыстар, Астана және Алматы қалалары үшін олардың орындалуын бақылауды іске асыратын жергілікті органдардың ұсынуы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайды. Жергілікті органдар белгіленген шекті көлемдерді өзгертуге объективті қажеттіліктер туындаған жағдайда уәкілетті органға тиісті негіздемелерді қарауға ұсынады.
5. Медициналық көмектің жоспарланатын көлемі келе жатқан күнтізбелік жылға мынадай негізде қалыптастырылады:
1) соңғы үш жылдың статистикалық деректерін талдау;
2) ТМККК шеңберінде медициналық қызметті орындайтын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15-ші қарашасына ұсынылатын, өткен жылдың 1 қарашасынан үстіміздегі жылдың 30 қазанына дейінгі кезеңдегі нақты көрсетілген медициналық көмектің көлемі және аурушаңдықты талдауды, құрылымды және жатқызудың ерекшеліктерін есепке ала отырып жоспарланатын көлемдер туралы ақпараттары бар медицина ұйымдарының өтінімі;
3) ТМККК көрсету үшін тиісті бюджеттен бөлінетін бюджеттік қаражаттар көлемдері;
4) жыл сайын 1-ші желтоқсанға ұсынылатын уәкілетті органға өңір халқының стационарлық көмекке негізделген сұранысы.
6. Белгіленген жоспарланатын көлемдер аурушаңдықтың маусымдық ауытқуы және өңірдің басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып, денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары ай-айға бөледі.
3. ТМККК шеңберінде дәрілік
қамтамасыз етудің тәртібі
7. ТМККК шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттар тізімі (бұдан әрі - Тізім) шегінде іске асырылады.
8. Амбулаторлық емдеу барысында дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету өкілетті орган бекіткен ауру түрлері мен азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі бойынша рецептермен дәрілік заттарды көтерме сауда объектілері арқылы сату жүзеге асырылады (бұдан әрі - амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету). Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттармен қамтамасыз ету есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттар айналымына байланысты қызметін жүзеге асыратын лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Тегін және жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәріхана, оның ішінде мемлекеттік дәріхана ұйымдарының санын арттыруға рұқсат етіледі. P090134
Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005.11.30 N 541 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз ) , өзгерту енгізілді - 2009.02.10 N 82 Бұйрығымен.
9. Стационарлық көмек, жедел медициналық жәрдем көрсету, күндізгі стационарларда, күндіз болу палаталарында көмек көрсететін ұйымдарда дәрілік қамтамасыз ету Тізім негізінде сол ұйымдардың басшылары бекіткен дәрілік формулярларға сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |