Театр и эстрадное творчество



жүктеу 429,09 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата21.06.2022
өлшемі429,09 Kb.
#38951
1   2   3   4
37-..-..-..-204-208

Кілт сөздер: 
Әдістеме, жетекшілік, орган, ұйым, мәдени, мемлекет, әлеуметтік, 
шығармашылық.
Кіріспе. 
Мәдениет мекемелерін әдістемелік басқару жүйесінің қалыптасуы мен даму 
тарихы ТМД елдеріндегі мәдени – ағарту жұмысының тарихымен тығыз байланысты. 
Ресей мен Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің есімдеріне қатысты әдістемелік 
орталықтардың қызықты және құнды тарихы бар. 1909 жылы Бурмакино ауылы шаруалар 
театрының жетекшісі Н. В. Скородумовтың бастамасымен Бүкілресейлік театр 
қайраткерлері одағының жанынан ауыл театры комиссиясы ұйымдастырылды. 1911 
жылдың басында комиссия Орыс техникалық қоғамының қарамағына өтіп, фабрикалық 
және ауылдық театрға көмек беру бөлімі болып атала бастады. Бөлімнің мүшелері мен 
қызметкерлері кәсіби әртістер, суретшілер, әдебиетшілермен қатар жұмысшылар, 
студенттер, ауылдық мұғалімдер, шаруалар болды
1
. Алдыңғы қатарлы шығармашылық 
интеллигенция тобының бастамасымен 1911 жылдың басында орыс техникалық 
қоғамының Москва бөлімінде «Ауыл және фабрикалық театрларға көмек беру бөлімі» 
құрылды. Ол үш комиссиядан тұрды: репертуарлық, режиссерлық және көркем – 
техникалық.
Комиссиялар әуесқой халық театрларын пьесалармен, нұсқаулық репертуарлық 
пікірлермен, режиссерлік талдамалармен қамтамасыз етті. Жалға беру пункті құрылып, 
декорациялар, костюмдер, бутафория, жарықтандыру құрылғыларымен қамтамасыз етті. 
Комиссия мүшелері халықтық әуесқой шығармашылыққа үлкен көмектер көрсетті, тіпті 
комиссия төрағасы, живопись академигі, белгілі орыс суретшісі В. Д. Поленовтың 
сызбаларымен көркемделген, Н. В. Скородумов құрастырған «Сахнаны құру және 
жабдықтауға басшылық» атты алғашқы әдістемелік құралды жарыққа шығарды. В.Д. 


Поленовтың айтуынша бұл бөлім « Ресей үшін театр зертханасы» болды.
1915 ж В. Д. Поленовтың жобасымен оның өзінің, сондай – ақ С. Т. Морозов пен 
Москва кіші және көркем театрының көптеген шеберлерінің қаржысына Поленов үйі атын 
иемденген арнаулы ғимарат тұрғызылды. Онда фабрика – заводтық және ауылдық 
жұмысшылар театры, ықшам декорациялар, сахна костюмдері мен фабрикалық – заводтық
және ауылдық театрларды безендіруге қажетті өзге де құралдар мұражайы, жалға беру 
қоймасы құрылды.[1] 
Қазан төңкерісінен кейін қоғамымызда болған түбірлі өзгеріс нәтижесінде мәдени – 
ағарту мекемелеріне әдістемелік басшылықты мемлекеттік деңгейде жүргізу үшін алғы 
шарттар мен жағдайлар туды. 
Өзгерген әлеуметтік – саяси жағдайлар, қоғамның рухани өміріндегі қалыптасқан 
жаңа тәртіп ұйымдастыру - әдістемелік жұмысты қалыптастыру мен дамытуға кең 
мүмкіндіктер тудырды.
«... бұқаралық шығармашылықтың жаппай дамуы мен оның «қанат жая» өсуіне, 
әлеуметтік функцияларды нәтижелі атқаруына қажетті жағдайлар, алғышарттар мен 
факторлар жасалды. Мұндай маңызды факторлар мен жағдайлар қатарына: көркем 
шығармашылыққа әдістемелік және мемлекеттік басшылық ету жүйесін қалыптастыру, 
әуесқойлық пен еңбекшілер бастамасының тірек базасы ретінде клуб мекемелері жүйесін 
жетілдіру, басшы мамандарды дайындау жүйесін қалыптастыру, үйірмелерді репертуармен 
қамтамасыз ету жатады».
1
Бұқаралық – саяси және мәдени – тынығу жұмысын жетілдіру үрдісінде тұтастай 
жалпы мемлекеттік әдістемелік басқару жүйесі қалыптасты. Жан – жақты қамқорлық пен 
жетекшіліктің арқасында бұл жүйе нақты әлеуметтік – мәдени және ұйымдастыру – 
әдістемелік арнаға бағытталды. 
Бұрынғы кеңестік мемлекет мәдени – ағарту мекемелерінің мәдени – тынығу 
қызметіне басшылық етудің ұйымдастыру - әдістемелік негізін жасады. Бұл жұмыс 
мәдени - ағарту жұмысы мен халық шаруашылығына әдістемелік басшылық жасау 
мақсатын жүзеге асыратын арнаулы басқару органдарын құруды қажет етті.
Мұндай әдістемелік жетекшілік ету органын ұйымдастыру мен құруда бұл жүйенің 
мақсаты мен міндеттерін, құрылымын, түрлері мен әдістерін, құралдарын, жүйеге қажетті 
атрибуттарды нақты анықтау қажет болды. Халық шығармашылығы мен мәдени - ағарту 
жұмысына мемлекеттік деңгейде әдістемелік басшылықтың тұтас жүйесін құру ғана емес, 
сондай – ақ бұл жүйенің негізгі жалпы идеологиялық, педагогикалық және арнайы қызмет 
ету принциптерін анықтау да маңызды болды. Бұл жүйесіз халық шығармашылығы мен 
мәдени - ағарту жұмысының жоспарлы, мақсатты және жүйелі дамуы, оның айқын 
идеялық - саяси және әлеуметтік - педагогикалық бағыттылығы мүмкін емес еді. 
Кеңестік биліктің алғашқы күнінен бастап – ақ Поленов үйі революцияшыл халық 
мәдениетін құруға қосылды, жаңа бөлімдері ұйымдастырылды (әдеби, музыкалық, мектеп 
театры, көркем техникалық). Ал, 1925 жылдан бастап басты бағыты ауылдық әуесқой 
көркем шығармашылықты дамыту болды.[2]
«Әдістемелік басқарудың ұйымдастыру құрылымы әдістемелік жұмыстың 
ерекшеліктерін, оның ішкі заңдылықтарын есепке алудан гөрі өзге салалардың 
ұқсастығына, үйреншікті схема мен интуицияға арқа сүйей отырып, бірте – бірте 
қалыптасты».

1929 жылдың шілде айында ауылдық саяси - ағарту жұмыстары бойынша 
Бүкілресейлік конференцияда Поленов үйін қаладағы және ауылдағы Н.К.Крупская 
атындағы әуесқой өнердің орталық үйі деп қайта атау жөнінде мәселе көтерілді; 1930 
жылдың 19 ақпанында Поленов үйі жаңа атау алды. Халық ағарту комиссариаты 
коллегиясының шешімімен аймақтық және облыстық өнер үйлерін құру жөніндегі жоба 
мақұлданды. 1931 жылы он тоғыз өнер үйі халық шығармашылығына әдістемелік 
жетекшілік 
ету 
жүйесінің 
негізі 
болды. 
Бұл 
әдістемелік 
орталықтардың 
ұйымдастырушылары Орталық үйдің үш жылдық шеберханаларының түлектері болды.


1936 жылы әуесқой өнердің орталық үйі КСРО халық ағарту комитеті жанындағы 
өнер мәселесі бойынша комитеттің Н.К. Крупская атындағы халық шығармашылығы үйі 
болып қайта құрылды. Бүкілодақтық халық шығармашылығы үйі 1958 жылға дейін 
(РСФСР мәдениет министрлігінің қарамағына көшіп, Орталық халық шығармашылығы 
үйі атанғанға дейін) еліміздегі көркемөнер шығармашылығына әдістемелік жетекшілік ету 
жүйесін басқарды.
1936 ж. елімізде мәдени - ағарту жұмысының орталық ғылыми әдістемелік кабинеті 
(ОҒӘК) құрылды. Бұл кабинеттің атсалысуымен клуб мекемелерінің жұмысын 
жақсартуға, әуесқой көркемөнер шығармашылығының дамуына ықпал еткен көптеген іс – 
шаралар жүргізілді. Мәселен, ауылдық мәдениет мекемелерінің күзгі – қысқы кезеңдегі 
жұмысқа дайындығын тексеру мақсатындағы І және ІІ Бүкілресейлік рейдтер: 
көрсетілімдердер, конкурстар және әуесқой шығармашылық фестивальдері (1932, 1949, 
1947, 1954, 1957, 1965, 1973, 1975 – 76 ж.ж.) өткізілді.[3] 
Одақ, республика, облыс деңгейіндегі Халық шығармашылығы Үйлері мен мәдени - 
ағарту жұмысы әдістемелік кабинеттері жемісті қызметтер атқарды. Олардың әдістемелік 
басшылығымен көптеген мәдениет мекемелерінде кеңестік өмір салтын насихаттау 
жұмысына барынша көңіл бөлінді, клуб мекемелерінің оқу- әдістемелік қоры байыды 
және түрленді, мәдени - ағарту жұмысы дамуында музыка, әдебиет, көрнекі үгіт, кино – 
фото өнері т.б. бейнелі құралдар жемісті пайдаланылды. 
Дегенмен, жетпісінші жылдардың аяғына қарай халық шығармашылығы Үйлері мен 
мәдени - ағарту жұмысы әдістемелік кабинеттерінің қызметі үнемі өсіп отырған уақыт 
талабына сай келмеді. Атқарылған жұмыстарда терең ғылыми негіз болмады, жүйелілік 
пен мақсаттылық қағидасы (принципі) сақталмады, жұмыстың неғұрлым келелі түрлерін, 
құралдары мен әдістерін қарастыру жеткілікті дәрежеде жүргізілмеді, жарық көрген 
басылымдар абстрактылы – суреттемелік сипатта болды, конструктивті шешімдер 
жетіспеді және т.б. Әдістемелік жетекшілік теория мен практика арасындағы 
байланыстырушы буын қызметін атқармады. Ғылыми - зерттеу жетістіктері, тәжірибелік-
экспериментальдық жұмыс нәтижелері және өзге де эмпирикалық мәліметтердің клуб 
мекемелері тәжірибесіне енгізілуі төмен деңгейде болды. Мемлекеттік, сондай-ақ 
кәсіподақтық жүйедегі және өзге де ведомостволардағы әдістемелік қызмет жұмысындағы 
параллелизм өте үлкен кемшілік болды. 
Осындай мәселелердің салмақтылығы мен көптігін есепке ала отырып, қолда бар 
ғылыми - зерттеу потенциалын кешенді және тиімді пайдалану, мәдени - тынығу жұмысы 
саласындағы ұйымдастыру - әдістемелік жұмысын үйлестіру мақсатында елімізде мәдени 
- ағарту жұмысы мен халық шығармашылығының ғылыми - әдістемелік орталықтарын 
құру жұмыстары басталды.
Ұзақ жылдар бойы елімізде халық шығармашылығы Үйлері мен мәдени - ағарту 
жұмысы әдістемелік кабинеттерін ғылыми - ағарту жұмыстарына, ғылыми - әдістемелік 
орталықтарға біріктіру бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізілді (Армян КСР-нда, 
Бурят АКСР-нда, Ресей Федерациясының Брянск, Пермь облыстарында). Эксперимент 
жұмыстарының қорытындысы оң нәтижелер беріп, осы іс-әрекеттер негізінде жаңа 
орталықтардың айқын ұйымдастыру құрылымы анықталды.
Олардың құрылуына сондай-ақ, бұрынғы КСРО мәдениет министрлігі, Бүкілодақтық 
халық шығармашылығы үйлері тарапынан жүргізілген үлкен ұжымдық және 
шығармашылық жұмыстар да ықпалын тигізді.
Мәдени - ағарту мекемелерін ғылыми - әдістемелік басқаруды жетілдіру мәселесі 
1978 ж Краснодарда өткен Бүкілодақтық кеңесте қаралды. Бұл мәселелер сондай - ақ, 
мәдениет қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесінде (қаңтар 1979 жыл, Мәскеу қаласы) де 
күн тәртібіне енгізілді. Мұнда ауылдық жерлердің әлеуметтік - экономикалық мәселелерін 
шешудегі мәдени - ағарту мекемелерінің рөлін көтеру, ондағы тұрғындарға қызмет 
көрсетуді жақсарту мәселелері қаралды. 1979 жылдың тамыз айында Мәскеуде мәдени - 
ағарту мекемелері жүйесіне ғылыми әдістемелік басшылық ету мәселесіне арналған 


бүкілодақтық семинар - кеңес өткізілді. 
Жиынға бұрынғы СОКП орталық комитеті, БЛКЖО Орталық комитеті, мәдениет 
министрлігі мен ведомстволар, шығармашылық одақтар, мемлекеттік телерадио және 
баспасөздің жауапты қызметкерлері, сондай – ақ, Одақтас Республикалардың, аймақтар 
мен облыстардың жетекші және жауапты қызметкерлері, қалалық және аудандық мәдениет 
бөлімдерінің меңгерушілері, аудандық және ауылдық мәдениет үйі директорлары қатысты. 
Бұрынғы СОКП Орталық комитетінің «Халық шығармашылығын одан әрі дамыту, 
көркемөнер шығармашылығы мен бұқаралық жұмыстарды жетілдіруге әдістемелік 
басшылық ету жағдайын талдау шаралары» қаулысына сәйкес бұрынғы КСРО мәдениет 
министрінің 28.05.1975 жылғы №413 бұйрығы негізінде сол жылы елімізде әдістемелік 
басшылық жүйесі қайта құрылды. Халық шығармашылығы Үйлері мен мәдени - ағарту 
жұмысы әдістемелік кабинеттерінің бірігуі негізінде халық шығармашылығы және мәдени 
- ағарту жұмысы орталықтары өзіндік мәні бар байланыстырушы буын, қажетті ғылыми - 
әдістемелік ақпаратты шоғырландырушы «ми орталығы» ретінде қызмет ете бастады.
Қоғамымыздың бүгінгі даму кезеңінде де ғылыми - әдістемелік орталықтар 
құрылымдық, сондай - ақ мазмұндық және ұйымдастыру аспектілерінде қайта құруды 
қажет етеді.

жүктеу 429,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау