Мектепте ата-аналарға арналып өткізілетін конференция тақы-
рыптары эр түрлі болуы мүмкін.
Сынып ата-аналарының жинапыстары -
ата-аналармен жүргі-
зілетін дәстүрлі жұмыстың бір түрі. Жиналыс накгы мәселені шешуге
бағытталуы тиіс. Мысалы, «Бала алдындағы киындыктарды жою не-
месе оны шешу баланы тәрбиелеуге көмектесе ме? Қарапатын мәселе
ата-аналардың қызығушылығын арттырып, оларға ой тастауы керек.
Жеке ата-аналармен жұмыс жүргізу:
отбасымен танысу, олар-
ға педагогикалык тапсырмалар беру. Ата-аналарға бала тәрбиесіне
байланысты педагогикалык консультация жүргізу. Консультация ба-
рысында мынаны ескеру керек: ата-аналардын бала тәрбиесіне ынталы
болуын колдау, отбасына педагогикалық көмек көрсетуге даяр болу,
нақты сүрақтарға ұсыныстар беру.
Сынып жетекшісі ата-аналардың педагогикалык эдептілікті мек-
теп окушыларының бойына сіңіруде педагогикалық оқуды дұрыс және
ғылыми түрде жүйелі үйымдастырудың маңызы зор. Осымен байла-
нысты жоғары сынып оқушыларына ата-апалык міндет пен кұкықты
арнайы курс ретінде оқыту арқылы олардың педагогикалық сауатты-
лығын арттыруға, сөйтіп оқушылардың бойына мейірімділік, кайы-
рымдылық, ізеттілік, келешек ата-аналық жауапкершілік сезімдерін
күн ілгері ұялатуға тура келеді.
Сынып жетекшісі отбасымен педагогикалық жэне психология-
лык тұрғыдан байланыс орнатуы тиіс.
Біргнші ереже.
Мектеп пен сынып жетекшісінің ата-анамен
байланыс орнатудағы басты кадамы ата-ананың беделін көтеретін іс-
шараларды белгілеу. Ешкашан сынып жетекшісі ата-анаға сын ескерт-
пе жасап, өзін онан жоғары ұстауына жол бермеуі керек. Сынып
жетекшісі мен ата-ана арасындағы түсіністік байланыс қана біріне-бі-
рінің арасындағы сенімін, кұрметін арттырып, өзара тэжірибе алмасуға
мүмкіндік береді. Ең бастысы сынып жетекшісі мен ата-ананың
түсіністік карым-катынасы окушыны жауапкершілікке, койылған
талапты орындауға, азаматтық борышын өтеуге дайындайды.
Екінші ереже.
Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндігіне сенім арту,
педагогикалык мэдениетін көтеруге жэне тәрбие ісіне белсенді арала-
суына қолдау көрсету. Ата-ана психологиялық тұрғыдан бала тәрбие-
леу талаптарына үнемі дайын болуын есте ұстауы қажет.
Үшінші ереже.
Отбасының ішкі өміріне араласпау. Сынып же-
текшісі ресми адам болғандықтан, отбасының ішкі дүниесінен хабар-
дар болуы мүмкін. Кәсіби білікті сынып жетекшісі үнемі от басында
пайда болған мәселені шешуге көмекке келуі тиіс. Оның мейірімділігі
мен жақсылығы жүректен шығуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: