Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет159/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

4.3.
 
Тәрбиенің түрлері.
Қазақстан Республикасының Білім жә-не 
ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бе-кітілген 
«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» анықталған мақ-саттар мен 
міндеттерге қол жеткізу үшін тәрбие жұмысының басым сегіз 
бағытын 
ұсынады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеу-ші ретінде 
критерийлер ұсынылды. 
Бірінші бағыт
– 
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, 
құқықтық тәрбие. 
Бұл бағыттың мақсаты: жаңа демократия-лық қоғамда 
өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасты-руға, тұлғаның саяси 
мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық 
мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік 
пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. 
Екінші бағыт – 
рухани-адамгершілік тәрбие. 
Бұл бағыттың мақ-саты: 
Қазақстандық 
қоғам 
өмірінің 
нормалары 
және 
дәстүрлерімен, 
жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адам-
гершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін жә-не
көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт – 
ұлттық тәрбие.
Бұл бағыттың мақсаты: тұлға-ны 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік 
тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасын-дағы этностар мен 
этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәр-биелеу кеңістігін 
қалыптастыру.
Төртінші бағыт - отбасы тәрбиесі.
Бұл бағыттың мақсаты:бала 
тұлғасын қалыптастыруда ата-аналарды оқыту, олардың рөлін кө-теру және 
психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және экологиялық тәр-бие.
Бұл 
бағыттың мақсаты: тұлғаның еңбек дағдыларын, экономика-лық пікірі мен 
кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. 
Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа 
аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; 
балалар мен жастарда экологиялық сауат-тылықтың «экологиялық 
санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қо-ғамның экоэволюциясын 
қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы 
үшін жағдай туғызу.
Алтыншы бағыт -көпмәдениетті және көркем-эстетикалық 
тәрбие.
Бұл бағыттың мақсаты: білім беру ұйымдарының білім беру 
кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде 
құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыла-рын 
қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық ны-сандарды 
қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет 
тәрбиесі. 
Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкінді-гін, 
көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамта-масыз 


194 
ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлға-лық 
ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функцио-налдық 
дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық норма-лары мен 
құндылықты мақсаттарын қалыптастыру.
Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Бұл 
бағыттың мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психоло-гиялық 
денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, ден-саулыққа зиян 
келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңіс-тік орнату.
Тұжырымдамада көрсетілген тәрбие бағыттары бойынша ғылы-ми - 
зерттеу жұмыстары ҚР, алыс және жақын шетел ғалымдары, еліміздегі
зерттеулер, ғылыми еңбектерінде тәрбиенің негізгі бағытттарын, тәрбие 
үдерісінің өзіндік ұстанымдары мен тәрбиенің қоғамда атқара-тын қызметіне 
қарай, өзіндік ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Көптеген ғалымдардың 
еңбектерінде тәрбиені мәдениет тұрғысынан да қарастырылады.

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау