128
көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттел-ген мәселелер
аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.
Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек
экспериментті
қол-данады.
Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құрал-дары, әдістері
және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдас-тырылады.
Педагогикалық эксперименттің мақсаты - заңдылықтарды орнату,
фактілерді табу.
Педагогикалық эксперимент жүргізу күрделі және біршама
еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден
күрделі рәсім.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұ-рақ–
жауап (сұхбат, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз
эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады.
Педа-гогикалық
консилиум әдісі.
Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағ-дарлама арқылы
және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау,
қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулары себептерін табу
немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге
талқылауды қамтиды.
Диагности-калық бақылау жұмыстары әдісі.
Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы
мүмкін.
Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері.
Тестілеу – бұл
жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданыла-тын
стандартты әдіс. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кә-сіби
психологтар мен педагогтар жасайды. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа
бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған
тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға
көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты
құрастырылып, компьпютердің көмегі-мен тестілеудің нәтижесі шығарылды.
Үлгерім тестісі, қарапайым бі-ліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін
диагностикалау тестісі қолданы-лады. Қазіргі уақытта психометриялық
тесттердің ішінен
жобалау тестері
кеңінен таралған. Олар адамның
әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы
шарттарға не-гізделген. Бұл тесттер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру,
өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі
бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін бе-руді
ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.
Достарыңызбен бөлісу: