Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет103/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Нақтылау деңгейі. 
Бұл деңгейде инновация 
білім алу тәрбиеге байланысты жеке теориялық немесе 
тәжірибелік қағидаларды нақтылайды. Педагогика 
ғылымында 
бұл 
деңгейді 
жаңашылдықтың 
модификациялық 
тұрпаты 
деп 
атайды 
(М.М. 
Поташник). Оның мазмұнына ұқсас нәрсені тиімді ету, 
түр өзгерту (бағдарлама, әдістеме, құрамы) жатады. 
Өзгертуді белгілі әдістемені жаңа пәнді оқытуға 
көшіру деп те түсінеді. Оған мысал, П.М. Эрдниевтің 
математикалық 
материал 
негізінде 
жасаған 
дидиктикалық бірліктерді ірілендіру әдісін тарих және 
басқа да оқу пәндеріне көшіру мысал бола алады. 


105 
 Толықтыру деңгейі.
Инновация білім алуда 
және тәрбиеде белгілі теориялық және тәжірибелік 
жағдайды кеңейтеді. Бұрын әйгілі болмаған білімнің 
жаңа қырларын ашады. Оны толық өзгертпей, жаңа 
толықтырулар енгізеді. Оған мысал ретінде, Мәскеу 
қаласының №109 орта мектебінің бастауыш сыныптар 
мұғалімі 
Е.Н. 
Потапованың 
алты-жеті 
жасар 
балаларды 
жазуға 
үйрету 
әдістемесін 
жасау 
тәжірибесін келтіруге болады (Қараңыз: Потапова Е.Н. 
Радость познания.-М.,1990). 
 Қайта құрылу деңгейі.
Ол бұрын теорияда 
болмаған білім беру және тәрбие саласында жаңа 
идеямен, ыңғаймен сипатталады.. Бұған дидактикада 
оқытуды тұтас қарастыру тәсілі жатады. 
И.П. Волков, Г.И. Гончарова, И.П. Иванов, Е.А. 
Ямбург және тағы басқа атақты педагогтардың 
жаңашылдық және зерттеу тәжірибесінде Ресей 
мектептерінің 
жаңартылған 
үлгілерін 
көрсетті. 
Олардың педагогикалық жаңалықтарымен, нәтижелері 
бүкіл ел мұғалімінің игілігіне айналды. 
Педагогикалық инновациялардың ілгерілеу 
өлшемдері әр түрлі нәтижелерде көрінуі мүмкін. 
Мысалы, белгілі бір мәселені толық немесе жартылай 
шешетін 
әдістемелердің 
жаңа 
баламалары 
жасалынады. 
Жаңа 
тұжырымдамалар, 
идеялар, 
жіктемелер, тәрбие мен оқыту саласындағы түрлі 
құбылыстар мен фактілерді түсіндіреді. Болашақ 
тәрбие 
жүйелерін 
жасауға 
мүмкіндік 
беретін 
болжамдар жасау және нақтылаудың әлеуеті зор. Жаңа 
идеялар мен технологиялар келешек ізденістердің 
жолдары мен бағыттарын ашады. Тиімді ұсыныстар 


106 
даярлайды, 
өзекті 
зерттеу 
жобалары 
мен 
бағдарламаларын 
жасауға 
мүмкіндік 
береді. 
Ұсынылған 
жаңалықтар 
теориялық 
немесе 
эмпирикалық деңгейде негіделуі керек. Оларды 
бағалау өлшемдеріне жататындар: 
-күтілген нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен 
оқушылардың күшін оңтайлы жұмсау; 
-мұғалімдер әрекетіндегі нәтижелердің тұрақтылығын 
көрсететін табыстылық; 
-жаппай 
тәжірибеде 
инновацияларды 
шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі. 
Аталған 
өлшемдер 
педагогикалық 
шығармашылықтың негізін құрайды. 
Адамзат дамуының жаңа кезеңіне инновациялық 
білім беру жүйесі, оқыту жүйесі, білім беру 
философиясы жәнебілім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін 
білім беру үлгісінің мүмкін болатын даму бағыттары 
жөніндегі білім керек.
Соңғыжылдарыдемократиялықөзгерістерпедагог
икалықшығармашылыққа, 
шығармашылыққұндылыққаерікберіп, 
педагогикалықинноватикаөздәрежесіндееркіндами 
бастады. Инновация теориясымен, әдіснамасымен 
ТМД елдерінде, Қазақстан көлемінде айналысып 
жүрген ғалымдардың еңбектері инновациялық үдерісті 
зерттеу жұмыстарын тереңдетуге мүмкіндік туғызып 
отыр. Өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші 
жартысында 
мұғалімнің 
қызметін 
жаңаша 
ұйымдастыру 
мәселесін 
дамытуға 
бағытталған, 
педагогикалық 
инновация 
мен 
педагогикалық 
қызметтің жаңа қырын зерттейтін шығармашылық 


107 
үдеріс ретінде пайда болған зерттеулер Ф.Н. 
Гоноболин, В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, Н.В. 
Кузьмина, Н.Д. Никандров, Я.А. Пономарев, В.А. 
Сластенин, Г.С. Сухобская, Л.М. Фридман, және 
басқалардың еңбектерінде көрініс тапты. Бұл жаңа 
зерттеулерде мұғалімнің шығармашылық қызметі мен 
педагогикалық жаңалыққа ұмтылысы, қатынасы, 
жаңаны бағалау өлшемі, жаңа жүйенің өзіндік 
ерекшеліктері т.б. қарастырылады. 
Ғалымдардың 
(Н.Р.Юсуфбекова 
және 
т.б.) 
еңбегіне сүйеніп, инновациялық-әдістемелік қызмет 
тәсілдерін 
былайша 
жүзеге 
асыруға 
болады: 
әдістемелік 
ізденіс→әдістемелік 
жаңалық→дидактикалық жаңалық. 
Инновациялық білім беруге үйрету жоғары оқу 
орнында қалыптасатындықтан елімізде жоғары білім 
беру ісін жаңартудың сапасын арттырудың маңызы 
ерекше.Ғалым 
Я.С. 
Турбовскойдың 
пікірінше, 
жаңашылдық - озат педагогикалық тәжірибені 
пайдалану барысында оқу-тәрбие үлерісінің сапалы 
жаңа өзгерісі болып табылады. 
Дәстүрлі 
оқу 
үдерісін 
өзгертетін, 
оның 
зерттеушілік сипатын қамтамасыз ететін, зерттеушілік 
оқу-танымдық әрекеттерге бағытталған инновация. 
Оқытуға 
деген 
ізденіс 
тәсілі, 
ең 
алдымен, 
оқушылардың 
жаңа 
білімді 
өзіндік 
меңгеру 
тәжірибесін қалыптастыруға, оларды шығармашылық 
қызмет тәжірибесіне барабар құндылықтармен 
ұштастырып, байытуға бағытталған тәсіл. 
Елімізде соңғы жылдар ішінде инновациялық 
үдерістер 
мәселесі 
арнайы 
зерттеле 
бастады. 


108 
Педагогикалық 
білімнің 
жаңа 
бір 
саласы 
педагогикалық инноватика білім берудің жаңа 
практикасын ұйымдастырумен байланысты білім беру 
ұйымдарының даму үдерісін зерттейді. Инновациялық 
үдерісті теория ретінде қалыптастыру - білім беру 
жүйесіндегі инновациялық үдеріске толық талдау 
жасауды талап етеді. Сонымен, педагогикалық 
инноватика-жаңалықтарды 
ашу, 
бағалау, 
педагогикалық 
қауымдастықтың 
меңгеруі 
және 
практика жүзіне пайдалана білуі жөніндегі ғылым. 
Инновациялық білім беруді енгізуде бірқатар маңызды 
мәселелерді тиянақтау керек: инновациялық бағытты 
дұрыс таңдай білу; инновациялық іс-әрекеттің 
тұжырымдамасы 
мен 
бағдарламасын 
жасау; 
инновациялық жобаны жүзеге асырудың тиімді 
жолдарын анықтапу; инновациялық іс-әрекетті дұрыс 
жүргізу үшін қажетті құжаттарды кәсіби сауатты 
дайындап алу. 

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау