|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕТұтас педагогикалық үрдіс теориясы - педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі
|
бет | 210/226 | Дата | 19.06.2023 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #43014 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е14.3. Тұтас педагогикалық үрдіс теориясы - педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі.Педагогикалық кәсіпте мұғалімдерге білім беру міндетімен қатар тәрбиелеушілік міндеті те жүктелген. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші бол-ғанымен, кез келген педагог бұл міндеттерді кез келген жағдайда толық атқара алады деп айту қиын, себебі педагогикалық үрдістің құрамдас жүйе-лерінің көптігі, олардың қызметтерінің әртүрлі факторлардың әсерінен әртүрлі бағытта өзгеру ықтималдығы осы үрдістің теориясының және жүзеге асыру технологиясының ерекшеліктерімен таныс болуды қажет етеді.
Педагогикалық үрдістің тұтастығын ажыратпай біртұтас құбылыс ретінде қарастыруды талап еткен ғалымдар педагогика тарихында аз емес. Оқыту мен тәрбиенің бірлігінде тәрбиенің маңыздырақ екенін атап көрсеткен әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген сөздері тәрбиенің адам өмірінің рухани негізі мен оның бүкіл тағдырына әсер ететінін фактор екенін көрсетеді.
Сол сияқты XIX ғ. педагогтары да ғылыми тұрғыда оқыту мен тәрбиенің бірлестігінің ұтымдылығын дәлелдеуге тырысқан. Ғылыми педагогиканың негізін қалаушылардың бірі, неміс педагогы И.Ф. Гербарт алғашқылардың бірі болып «тәрбиелейтін оқыту үрдісі» деген ұғымды ғылыми айналымға енгізеді. Оның «Мен тәрбиені оқыту үрді-сінсіз көз алдыма елестете алмаймын, және керісінше, тәрбиелік ық-палы жоқ оқытуды да оқыту деп мойындамаймын» - деп айтқан сөз-дерінің астарында адамның әр іс-әрекетінің адамгершілік қағидала-рына негізделу қажеттілігі өзектендіріледі.
Оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың ара қатынасының ерекшелігін зерттеуде Ресей ғалымдары К.Д.Ушинскийдің, П.Ф. Каптеревтің, С.Т.Шацкийдің, П.П.Блонскийдің, М.М. Рубинштейннің, А.С. Макаренконың үлестері зор болды.
Белгілі педагог П.Ф.Каптерев («Педагогикалық үрдіс», 1905ж.) педагогикалық үрдісті тұлғаны жетілдіру үрдісі ретінде сипаттай келе оның шығармашылық мәніне баса назар аударуды талап етеді. Осы идеяға негізделе отырып, ғалым педагогты оқушының өзін-өзі дамыту үрдісінде көмек көрсететін қызметшісі болуы керек деп тұжырым-дайды. Осыдан педагогикалық үрдісте оқушының өзіндік дамуына, оның санасының табиғи еркін жетілуіне кедергі келтірмей, қысым жа-самай, тек дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп отыратындай ізгілік қатынас-тың орнатылуының маңызы түсіндіреді.
1970 жылдардан бастап Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов, В.С.Ильин, В.М.Коротов, В.В.Краевский, Б.Т.Лихачев сынды ғалымдар педагогикалық үдерістің тұтастығын қамтамасыз ететін білім беру тетіктерін іздестіру, оның құрамдас бөліктерінің өзара үйлесімді қызметтерін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізді. 1980ж. Ю.К.Бабанский жоғары оқу орындарын-да оқытылатын оқулықтар мазмұнына осы тұтас педагогикалық үдерістің ұғымын енгізеді. Ал кеңес одағынан кейінгі кезеңде осы мәселенің зерттелуі В.А.Сластениннің ғылым мектебінде жалғасын тапты.
Қазақстандық педагог Н.Д.Хмель тұтас педагогикалық үрдістің заңдарын, заңдылықтарын, принциптерін жүйелей келе, үдерістіңоның құрамдас компоненттерінің өзара байланыстылығын мұғалім мен оқушының қарым-қатынас жүйесі арқылы модельдейді.
Мұғалiмдердiң педагогикалық технологияны тиiмдi қолдана алуы олардың кәсiби iс-әрекет объектiсi болып табылатын тұтас педагогикалық үдерістің заңдары мен заңдылықтарын, қозғаушы күшi мен тетіктерін терең бiлу және меңгеру деңгейлеріне тiкелей байланысты.
Педагогикалық үдерістегі«педагогтар-оқушылар», «оқушылар-оқушылар»,«пән мұғалiмi – оқушылар» және т.б. ішкі жүйелердің тығыз өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың өзін-өздері таныта алулары және басқаларды тани алулары жүзеге асырылмақ.
Мұғалiм тұтас педагогикалық үдерістің теориясын жүзеге асыру технологиясын меңгеру арқылы оқушылардың ғана емес, сонымен қатар бүкіл сыныптың iс-әрекет пен қарым-қатынастарын, өзара әре-кеттестiктерін ұйымдастыра алатын болады. Ал басқа педагогикалық технологиялардың мұғалiмдер осы негізгі технология арқы-лы тиімді құрастыра алатыны анық, өйткені тұтас педагогикалық үдерістіңкомпоненттерін, олардың арасындағы кездесетін қарама-қай-шылықтар жүйесін, қосымша жүйелерінің өзара тәуелділігін жақсылап меңгеріп алу арқылы басқа оқыту технологияларын қолдану жеңілірек болады.
Сонымен, тұтас педагогикалық үдерістіңтеориясын жүзеге асы-ру технологиясы мегатехнология санатында қарастырылуы керек. Н.Д.Хмель бұл технологияның мәнін төмендегідей логикалық тізбек-теме арқылы негіздейді:
Тұтас педагогикалықүдерісініңтеориясын білу (мұғалім іс-әрекетінің объектісінің идеалды моделін);
Нақты оқу-тәрбие ұйымдарындағы педагогикалық үдерістің нақты жағдайын диагностикалау әдістемесін меңгеру;
Педагогикалық үрдістің нақты жағдайын өзгертуді модель-деу, (болжау) үшін тұтас педагогикалық үдерістеориясын қолдану;
Кәсіби міндеттерді шешу үшін педагогтар мен оқушылардың іс-әрекеттерінің ретін, алгоритмін анықтау.
Осы талаптардың барлығы оқушының білімді меңгерудегі өз бетінше оқу әрекетімен айналысып, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|