|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕПедагогикалық үдеріс - әлеуметтік жүйе
|
бет | 104/226 | Дата | 19.06.2023 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #43014 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е1.2.Педагогикалық үдеріс - әлеуметтік жүйе.И.П.Подласыйдың пікірінше, педагогикалық үдеріс - әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байла-нысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әре-кетінің объектісі ретінде қарастырылады. Оның барлық құрамала-рының бір мақсатқа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.
Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері.Ға-лымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін былайша сипаттайды:
1) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қыз-мет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;
2) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық үдерістегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының шарттарын бейнелейді;
3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі бары-сындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
4) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әр-түрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйе-лердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъек-тілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен сипатталады.
1.3.Білім беру парадигмасы және субъект-субъектілі қаты-нас.Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы әлемдік білім кеңістігіне енудегі өркениетті дамудың маңызды жақтарының бірі бо-лып табылады. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметі бүгінгі күні бі-лім беру парадигмасына сай ұйымдастырылуды талап етеді. Сондық-тан білім беру парадигмасының нақты мәнін зерделеу қажет. Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар береді.
Білім беру және педагогика сөздігінде «парадигма (бейне, үлгі, мысал деген грек сөзінен шыққан) - сол кезеңдегі ғылым дамуының, ғылыми зерттеу стандартының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған тео-риялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема». Парадиг-маны ғылыми термин ретінде енгізген Т. Кун, оның ғылымды тану тұжырымдамасында «парадигма танымал болған ғылыми жетістік-тер» деп түсіндіріледі, яғни берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер жүйесі); қоғамдағы ғылыми қауымдастықта басым болатын зерттеу әдістерінің, мәселені қою мен оларды шешудің бастапқы тұжырым-дамалық сызбасы, моделі.
Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, философтар пара-дигманы ғылымның нақты саласының белгілі бір даму кезеңіндегі тео-риясының қолдану тәсілдері ретінде қарастырады.Логикада парадигма ғылымның дамуындағы белгілі бір кезеңдегі ғылыми зерттеуге қажет үлгі, модель, стандарт, ғылыми таным үдерісінде туындаған мәселе-лерді болжау және шешуге арналған түсіндіру, бағалау және ғылыми мәліметтерді жүйелеу ретінде пайдаланылатын ғылыми қоғамдастықта қабылданған теориялық және әдіснамалық ережелердің жиынтығы ретінде айтылады. Психологияда парадигма белгілі бір тарихи кезең-дегі берілген білім аймағындағы (пәндік) ғалымдардың зерттеушілік тәжірибесінің үлгісінде ұйымдастырылған негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі ретінде зерделенеді.
Әлемдік педагогика ғылымы үшін білімнің өркениет дамуын-дағы жалпы жағдайымен және жүріп жатқан үдерістермен байланыс-тылығы мен сәйкестігі кең өріс алуда.
Ғалым педагогтар педагогикалық үдерістегі үш парадигмалық кеңістікті атап өтеді. Ең байырғы генетикалық парадигманы олар «дәстүрлер парадигмасы» деп атайды. Бұл парадигма әртүрлі тарихи және мәдени жағдайларда дәстүрлілікті сақтауды қолдайды.
Бұдан кейін келген ғылыми–техникалық парадигма материал-дық құндылықтар, ғылым мен техниканы дамыту, соған сәйкес нақты ғылымдардың үстемдігі негізінде құрылған. Технократтық логика ұс-танымдарына сәйкес бұл оқыту парадигмасына көшірілді. Осы ғылыми-техникалық прогресте жетістікке жеткізгенімен онда физиология, пси-хология мен адамгершіліктің астарларына, оқушының жан дүниесін-дегі құбылыстарға бойлауға орын берілмегені белгілі болды.
Уақыт өте келе парадигма категориясының талаптары ғылым-нан білім беру үдерісіне көшірілді. Демек, білім беру үдерісінің негізі-не ғылыми жетістіктерді енгізу ғалымдарды парадигманы тек ғылымда емес, білім беру тәжірибеснде пайдалануды негіздеді. Сол себепті адамның әлеуметтік мәдениетте дамуы барысында білім берудің гума-нитарлық парадигмасы қалыптасты. Бұл парадигма аясында кәсіби педагогиканың құндылық негізі – нақты адам, оның ішкі әлемі, та-нымының ерекшелігі болып табылады. Мұндағы басты басымдылық – оқушыны адам, жеке тұлға деп қабылдау, оның көзқарасымен, пікірі-мен санасу, адами қарым–қатынас жасау. Гуманитарлық парадигма-ның ерекшеліктерінің бірі – мұғалім мен оқушы арасындағы мәнді құндылықтардың теңдігі.
Педагогикалық үдерісті жаңа парадигмаға сәйкес нәтижеге қа-рай бағыттау өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
– белсенділік пен қатынастың бірлігі, үдеріске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс-әре-кеттері;
– әр түрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;
– субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|