Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқушының жағымды тәжірибесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері



жүктеу 0,96 Mb.
бет137/226
Дата19.06.2023
өлшемі0,96 Mb.
#43014
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

5.3. Оқушының жағымды тәжірибесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері.Адам еңбек, таным, қарым-қатынас субьек-тісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Оқушыға субьект ре-тінде шындықтың ғылыми негізін меңгертіп, қызығушылығы мен сезі-мін арттырып, жаңа қажеттіліктер қалыптастырып, ерік пен күш-қуа-тын белсендіретін жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытып жетілдіру көзделеді. Қоғамдық қатынастар мен қоғамдық тәртіпті оқушылар іс-әрекет арқылы меңгереді. Кез келген қызмет операция мен іс-әре-кеттен тұрады. Операциялар - іс-әрекет арқылы жүретін үдерістер. Іс-әрекеттер – қызмет мотивімен анықталатын үдерістер. Тәрбие үде-рісінде педагог басқару операцияларынан іс-әрекетті басқаруға, онан кейін қызметті басқаруға көшеді.
Педагогикада іс-әрекет пен қоғамдық-мәдени тәжірибені бас-қарудың заңдылықтары бар:
-қоғамдық мақсаты бар әрекеттің бәрі оқушыны дамытатын және тәрбиелейтін мүмкіндіктерге ие. Сондай кез келген әрекеттің тек өзіне тән білім, біліктері бар. Бір әрекет түрімен бүкіл дүниені мең-герту мүмкін емес, сондықтан да тәрбиеде кешенді әрекеттер жүйесі қолданылады;
- оқушының «жеке басы үшін маңызды емес» кез келген қоғам-дық әрекет түрі (А.Н.Леонтьев) оның дамуына ықпал жасамайды. Ол үшін қоғамдық қатынас жеке бастық қатынасқа айналса ғана өзінің мәнін ашады;
-оқушыларға педагогикалық ықпал жасау, мақсат пен әрекет түрін таңдауды қалыптастырады. Мақсат үнемі нәтижені алдын ала белгілеп отырады (П.К.Анохин). Адамның көздеген мақсаты оның әрекет тәсілі мен сипатын анықтайтын күш болып саналады;
- оқушы тұлғасын қалыптастыруға таңдалып алынған іс-әрекет нәтижелі болуы үшін, педагогикалық құралдарды қолдану тәсілдері анықталуы шарт. Педагогикалық құралдарда қоғамдық мәдени тәжі-рибені қалыптастыратын үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылуы тиіс.
Үйрету балаларды дамыту үшін жас кезінен бастау керек. Бұл әдісті қолдану үшін педагогикалық талаптаррды орындау қажет. Үйре-тілетін нәрсе нақты болуы тиіс. Кез келген әрекетті үйрету үшін оны қысқа және нақты түрде көрсеткен жөн. Әр уақыт кезеңінде белгілі әрекет түрі үйретілуіне оқушының іс-әрекет формаларын қалыптас-тыруға болады. Тәжірибелі педагогтар іс-әрекет түрлерінің үлгілерін көрсетіп, соған байланысты көңіл-күйді тудырады. Үйрету барысында әдет қалыптасады, оны қарқындатудың пайдасы жоқ. Бастапқыда қа-жетті әдеттер қалыптастырғаннан соң оны жылдам орындауға дағды-ландыруға болады. Үйрету әдісі үнемі тәрбиешіден бақылауды және оқушыдан өзін-өзі бақылауды қажет етеді. Үйрету әдісі оқушының жа-сына, өскен ортасына және тәрбиесіне байланысты. Қоғамдық қылық-тар формасы қалыптасқан оқушылар кез келген жағдайда өзін ұстай біледі.
Жаттықтыру әдісі үйретумен тығыз байланысты. Мектеп өмі-рінде оқушы бойында қалыптасқан қоғамдық қатынастарының берік-тігі көрініс береді. Педагог кез келген жағдаяттан шығудың тиімді жолдарын қолдана біледі. Жағдаяттағы қайшылықты тез тауып, оның себептерін айқындап, шешім қабылдауына болады. Бірақ та ойлы педа-гог өз тарапынан оқушыға ықпал етіп, шешім қабылдау жағдаяттарын ұсынуы да мүмкін. Оны тәрбиелік жағдаяттар, ситуациялар деп атауға болады.
Тәрбиелік жағдаяттар да өз мәнінде жаттықтыруға жатады. Бұл жағдайда оқушы түрлі варианттардан өзі таңдауы бойынша шешім қа-былдауы тиіс: өзіне берілген мүмкіндікті пайдалануы басқаға өз орнын беруі, пікірін айтпауы, шындығын айтуы немесе «білмеймін» деп жауап беруі. Мұғалім ұсынған жағдаят, яғни ситуацияда оқушы өз ойында түрлі варианттардың шешімін ойластырып, сол жағдайға бай-ланысты өз шешімін айтуға мәжбүр болады. Мұғалім ұсынған ситуа-ция оқушылардың адамгершілік қылықтарын тек ақылмен ғана емес, жүрек, сезім тарапынан да шешім қабылдауын талап етеді.
Педагогикалық талап қою әдісі. Оқушыны дамытудағы мұғалім тарапынан қойылатын талап біртіндеп оқушының өзіне-өзі талап қою жауапкершілігіне айналуы тиіс. Талап қою педагогикалық үдерістің ішкі қайшылықтарын, оқушылар тәртібін, қарым-қатынасын ашып көрсетіп, оны жетілдіруге ықпал етеді. Талап қою әдісі тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Ұжымдық пікір ұжымдық талаптан пайда болады. Тәжірибелі педагог ұжымның бағасын, талқысын, ұжымның талабын, қоғамдық пікірін белсенді тәрбиелік күш ретінде қолдана алады. Талап қою мек-тептің ішкі ережесімен, білім, білік, дағды өлшемдеріне сәйкесуі абзал.



жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау