4.10. Кәсіптік бағдар жұмысының ерекшеліктері.Қазақстан Республикасы Конституциясында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар», - деп атап көрсеткендей, болашақ маманның кәсіби құзіретті болып шығуы қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру дегеніміз-мектеп директоры, мектептің оқу және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасар-лары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, психо-лог, қосымша білім беру қызметкерлерімен бірлесе отырып оқушы-лардың бойындағы темперамент, мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүние-сінің сұранысын негізге ала отырып, болашақ мамандық таңдауға ық-пал ету, көмектесу.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастау алады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру теориясы мен әдісте-месі А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенков, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова т.б. еңбектерінде жан - жақты зерттелген.
Кәсіптік бағдар беру оқушыларға болашақ мамандығын анық-тауға көмек көрсететін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-пе-дагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді түсіндіру негізгі орын алады. Дұрыс таңдалған маман-дықтың оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, бола-шақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қа-рай қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керек.
Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесінің құрылымы. Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесі мынадайқұрылымнан тұрады: кәсіби ағартушылық, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби таңдау, кәсіби бейімділік.
Кәсіби ағартушылық жұмыс оқушыларға қоғамда қалыптасқан мамандықтар жүйесімен таныстыра отырып, олардың әлеуметтік-эко-номикалық ерекшеліктері туралы талаптармен таныстырылуы тиіс. Мектеп пен ата-аналар бірлесе келе, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына белсенді түрде түрткі тудырып, мамандық таңдауға жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Кәсіби диагностикалық жұмыс арнайы мамандардың олардың мінез құлқын зерделей отырып, жастардың таңдаған кәсібіне жарам-дылығын белгілі әдістер арқылы тексеруі көзделеді. Жоғары жүйке жүйесінің ерекшеліктері, денсаулығы, қызығушылығы, мотиві, құн-дылық бағдары, мамандық таңдаудағы басты ұстанымы ескеріледі.
Кәсіби кеңес арнайы мамандардың (психолог, педагог, дәрігер, сала мамандары) кеңес беруі, таңдаған кәсібіне қойылатын талаптар-мен, жеке басынан талап етілетін ерекшеліктермен таныстыру.
Кәсіби таңдау жеке тұлғаның еркімен өзіне қажетті маман-дықты таңдауы. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының оқуға түсушілерге қоятын талаптарына сай болуы.
Кәсіби бейімділік мектеп түлегінің кәсіби қызметке араласуына, өндіріс жүйесіне, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайына, мамандықтың ерекшеліктеріне бейімділігі. Адамның бейімділік сапасы мамандық-тың дұрыс таңдалғанын көрсетеді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты.Кәсіптік бағдар жұмысында тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы негізгі орын алады. Егер мектепте тұлғаның оқушылардың жас ерекшелік-теріне сай, кәсіби таңдауы дұрыс қалыптасса оның өмір жолын айқын-даудың негізі қалыптасты деп тұжырымдауға болады. Мектептің әр са-тысына қарай жүргізілетін кәсіби бағдар беру еліміздің түрлі сала-дағы жетістіктерінен оқушыларды хабардар етіп, өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі.
Бұлретте тәрбиенің ұстанымдары: теория мен практиканың, ғылым мен білімнің, адам мен табиғаттың бірлігі, еңбекке деген сүйіспеншілік, өзін -өзі дамыту, жетілдіру негізінде дамиды.
Мектептегі кәсіптік бағдар бойынша сынып жетекшілері мен педагогтардың негізгі қызметтері:
- оқушы қызығушылығын, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның мораль-дық сапасын және бағытын айқындау;
- кәсібилік туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке (мамандыққа) бағытын анықтау;
- оқушының кәсіптік қызығулары және икемділіктерін тексеру;
- кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтермен, мамандықтармен таныстыру;
- әрбір кәсіптің қажеттілігі туралы түсініктемелер жүргізу;
- республика мен аймақтағы еңбек сіңірген адамдарымен та-ныстыру;
- белгілі бір кәсіп және мамандық талап ететін білім, іскерлік, дағ-дыны сипаттау;
- жаңа техника мен технологияға байланысты кәсіптің сипаты-ның өзгерулерімен таныстыру.
Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, кәсіптік бағдар мектептің барлық оқу және тәрбие бағдарламасында мектептегі және мектептен тыс жұмыстарда басты орын алуы қажет. Бастауыш сыныптардан ба-ланы мектепте тәрбиелеу және дамытудан оқудың алғашқы жылдары-нан бастапжүргізу, оқу-тәрбие үдерісінде мамандық таңдау мотивте-рін қалыптастыруға және дамытуға аса көңіл бөлу қажет.
Кәсіптік бағдар беру - көп салалы әрі қиын үдеріс. Мектепті бі-тірген жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті бі-реуін таңдау міндеті түр. Оқушылардың мамандық әлемінде адаспауы үшін оларға бағыт-бағдар беру керек.
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің негізгі формалары: оқу дәрістері, саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кә-сіптік бағдар әдебиеттері, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік практикасы, конференциялар, олимпиадалар, тақырып-тық кештер, диспуттар, әр-түрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, кәсіптік бағдар кабинеті немесе кітапханаларда орналасқан кәсіп таңдау бұрышы.
Кәсіптік бағдар әдістері оқушыны зерттеу мақсатында педагоги-калық бақылауды, іс - әрекет қорытындысын оның анкеталық, интер-вью алу, әңгімелесу, социометрия, психоло-педагогикалық экспери-менттер, психологиялық тестілерді қолданылады.
Мектептегі оқу - тәрбие үдерісінде негізі кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу арқылы тұлғаның қандай мамандыққа бейім екенін айқындау үшін диагностика әдісін жүргізу ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Әр оқушыны бақылау әдісі арқылы оның бойындағы темпераментке, іс- әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттін, ішкі жан дүниесінің сұранысын нақтылау үшін және ар-найы мамандар арқылы медициналық диагностика әдісі жүргізіледі. Сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен, мектептің тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, әлеуметтік педагог, психологтар-мен бірлесе отырып сауалнамалар жүргізу арқылы, яғни қандай маман-дықтар сізді қызықтырады, болашақта қандай маман болар едіңіз, елі-міздің әлемдік білім көшіне еркін араласу үшін қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз, елімізді өркендету үшін қазіргі таңда қандай ма-мандықтарды жетілдіру қажет деп тұлғаның бейімділігін айқындай алады. Диагностикалық әдісті қолдану арқылы оқушының мамандық таңдауда қателіктерін алды ала болжау, болдырмауға мүмкіндік туады.
Мектептерде оқушыға кәсіптік бағдар беру жұмысында әдісте-мелік жүйе толығымен қамтылады. Бірінші, пән сабақтарының мүмкін-діктері, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, құзыреттілігі, екінші тәрбие және сынып сағаттары, мектептегі жүргізілетін оқу- тәрбие ша-ралары ерекше орын алады. Мектептерде кәсіптік бағдар беруге байла-нысты мектепшілік кәсіби бағдар беру жоспары, сыныпта кәсіби бағ-дар беру бағдарламасы, кітапханаларда кәсіби бағдар беруге байланыс-ты бұрыш, көрмелер ұйымдастырылады және білім беру мекемелермен тікелей байланыста жұмыс бағыттарын айқындайтын іс- шаралар жос-пары дайындалады.
Арнайы кәсіби білім беретін оқу орындарына бару, олардың келіп мектептердегі ашық есік күніне қатысуы, оқушылардың білім беру ме-кемелеріндегі ашық есік күндеріне қатысу іс - шаралары оқушының болашақ кәсіп таңдауына маңызы зор. Сынып жетекшісі, пән мұғалім-дерімен, білім беру ұйымдары қызметкерлерімен, оқу орындарымен көптеген өндіріс орындарымен кездесу, кәсіби кеңес алу, кәсіптік бағ-дар беру формалары арқылы әңгімелесу, диспуттар өткізу, дөнгелек үстелдерге қатысу оқушының болашақ мамандық таңдауына игі ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушының болашақ кәсібін таңдауда отбасында ата - ана, ата –әже, туыстарының, мамандық таңдауда әулеттің кәсіби династиялық жалғастығы да әсер етеді.
Жаһандану заманында оқушыға кәсіптік бағдар беруде ақпарат-тық жүйенің алар орны ерекше. Ақпараттық жүйедегі орта кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтер де болашақ кәсіп таң-дауға ықпалы зор. Интернет жүйесінде кез келген оқу орындары тура-лы мәліметтер оқу орнының тарихы, ондағы мамандықтар, сол маман-дықтарға білім беретін профессор - оқытушылар құрамы, мамандық-тардың керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі, тұлғаны әлеу-меттендіруге байланысты іс - шаралар, оқу орнының әлемдік білім ме-кемелерімен байланыс т.б. жан - жақты ақпараттандырылған. Мек-тептегі кәсіптік бағдар беру тұлғаның мінез - құлқындағы, іс әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып, болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу арқылы тәуелсіз елімізді құзіретті кәсіби маман-дармен қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі жұмыс болып табы-лады.
Достарыңызбен бөлісу: |