Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 0,69 Mb.
бет84/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#42018
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Ғылымдағы әдіснамалық негіздің түрлерін сипаттаңыз.

  2. Ғылыми-зерттеу практикасында зерттеушілердің “осы әдіснамалық негізді біз жасаймыз” деген тұжырымына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

  3. Зерттеудің әдінамалық негіздерін тиімді анықтау алгоритмін сызба түрінде көрсетіңіз.

  4. Зерттеудің теориялық негіздерінің құрамын сипаттаңыз.

Сонымен, әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педаго-гикалық мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тә-сілдер жиынтығы. Әдіснамалық ұстанымдар деп педагогикалық жүйе-лерді зерттей отырып, өзгерткенде негізге алынатын қағидаларды айтады. Ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдары – жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар, же-текші идея, түпкі қағида. Ғылыми әдебиеттерде жалпы ғылымилық ұстанымдар қатарына объективтілікті, ғылымилықты, жүйелілікті, та-рихилықты, сабақтастықты және т. б. жатқызады. Демек, тұғыр ұста-нымға қарағанда кең ұғым. Бұл тұғырлар мен ұстанымдар барлық ғы-лымға тән. Сондықтан, педагогикада аталмыш тұғырлар мен ұстаным-дарды зерттелетін нысандардың мәніне сай қолданып, ізденушілер өз зерттеулерін ұйымдастырады. Нақты тұғыр бірнеше ұстанымдар арқы-лы іске аспақ. Бұл ретте әдіснама негізінен ғылыми әрекеттің логика-сына қатысты түсіндіріледі. Әдіснама – педагогика ғылымының жаса-лу зертханасы, сол әдіснама арқылы зерттеудің қазіргі талапқа сай екендігі көрсетіледі және ғылыми қызметкерлердің кәсіби деңгейі бағаланады.


Әдіснамалық негізде автордың дүниетанымдық және зерттеушілік тұжырымдамасы сипатталады, зерттеу құбылыстарын талдауға объективті, ғылыми тұрғыдан келуді ойластыралы, сонымен қатар, білім беру теориясы мен тәжірибесіне қажетті одан шығатын қорытынды мен ұсыныстар, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы да маңызды болмақ. Зерттеушілер зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау барысында педагогика әдіснамасы қорына, педагогикалық ойларға, тұжырымдамалар мен теорияларға сүйенеді, олардың зерттеу болжамы негізінде ғылыми теория құру мен педагогикалық дәлелдерді ашу мен түсіндіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылады.
Қазіргі уақытта педагогикалық зерттеулерге, білім беру ұйымдарындағы тәжірибелік–эксперименттік жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеушіпедагогтің, педагогикалық ұжымның, эксперименттік алаңдардың ғылыми ізденісінің бағдарламалары мен әдістемелері жазылып даярлануда. Нақты мәселе бойынша зерттеу жұмысының тәжірибесі жинақталуда. Ғалымдардың іргелі еңбектерінде педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі кеңінен берілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін ғылыми-педагогикалық зерттеудің бағыттарын, тұжырымдамасын, әдістемесін анықтайтын ұғымдық-түсініктік-терминологиялық аппараты жеткілікті деңгейде жүйеленбеген Сондықтан да бүгінгі күні жас зерттеушілер де, тіпті тәжірибелі ғылыми қызметкерлер де зерттеудің ғылыми аппаратын тұтасымен, сондай-ақ, оның жеке бөліктерін құрастыруда қиналатыны байқалады. Әсіресе, зерттеудің әдіснамалық негіздерін анықтау мәселесіне келгенде ізденушілердің көпшілігі бұның құрамына не кіретінін іздестіріп, тек зерттеудің ғылыми аппаратын үлгілерден алып жазып қоюмен шектелетін жәйттер де кездеседі. Ғылыми-зерттеу практикасында зерттеушілер «осы әдіснамалық негізді біз жасаймыз» деген пікірде болады да, солай жазады да. Ал шын мәнінде, ізденуші зерттеудің әдіснамалық негізін тек анықтайды. Демек, әдіснамалық негізді әдебиеттен қарастырып, өз тақырыбының мәніне, мазмұнына сай таңдап алады. Әдіснамалық негіздің құрылымына, біздің пайымдауымызша, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізінің алғашқы құрамдас бөлігі болып табылатын өз зерттеу пәнінің – философиялық заңдар, категориялар, ұстанымдар мен әдістерге қатысын ойластыру кіреді. Әдіснамалық негіздің келесі бөліктеріне педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеудің тұжырымдамалық негізіне алынатын зерттеудің логикасы (зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің түсініктік аппараты, зерттеудің өлшемдік аппараты) енеді. Әрине, зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары зерттеудің ғылыми аппаратының құрамына да кіреді. Әдіснамалық тұғыр мен әдіснамалық ұстанымды бөліп көрсету себебіміз ізденушінің назарын ерекше аудару мақсатында болып отыр.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері бағытындағы ізденістерде зерттеудің логикасы, зерттеу әдістері, нәтижелері, зерттеу сапасын бағалау мәселелері қарастырылып жүр. Ал енді әдіснамалық тұғырлар туралы білімдер жиынтығы әдіснамашы ғалымдардың еңбектерінде, түрлі ғылыми басылымдар, ғылыми-практикалық конференциялар, әдіснамалық семинарлар, интернет-конференциялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар материалдарында көрініс тапқан.
Әдіснамалық тұғырлардың құрылымы мен мазмұны «Педагогика әдіснамасы» (2013 ж.) атты оқу құралында ашып көрсетілген. Зерттеудің әдіснамалық негізін сызба түрінде жобаласақ, төмендегідей үлгі шығады

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау