Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



жүктеу 4,89 Mb.
бет1/39
Дата05.02.2018
өлшемі4,89 Mb.
#8774
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
В.Н. Вдовин, А.Т.Қайназарова


ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУ

050901 – Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану

мамандығының студенттері үшін СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалар

Өскемен


2011

ӘОЖ 656. 025. 06
В.Н. Вдовин «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»: СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалар. / В.Н. Вдовин, А.Т.Қайназарова/ ШҚМТУ баспасы. - Өскемен, 2011.- 37 бет.

Тапсырмалар 050901 – Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығының күндізгі түрінде оқитын студенттеріне арналған.


ã «ШҚПК АРГО» ЖШС, 2011




МАЗМҰНЫ











1

Модуль №1: Темiр жол көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру
және қозғалысты басқару


2

1.1

№1-тапсырма. Аралық станцияда құрама поездарды өңдеу

2

1.2

№2-тапсырма. Поездар жүріс графигінің элементтерін есептеу

5

1.3

№3-тапсырма. Темір жол телімінің өткізгіштік қабілеті

11

1.4

№4. Темiр жол телiмдерiнiң тасымалдау қабiлетi

13

2

Модуль №2: Жол қозғалысын ұйымдастыру

14

2.1

№5-тапсырма. Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы

14

2.2

№6-тапсырма. Жолдың тасымалдау қабiлетiн анықтау

16

2.3

№7-тапсырма. Тиiмдiлiк коэффициентiн пайдалану арқылы шараларды бағалау

19

3

Модуль № 3: Автомобиль көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

20

3.1

№8-тапсырма. Автоколонналардың тасымалдау көлемін және жүкайналымын анықтау

20

3.2

№9-тапсырма. Жүрістің орташа қашықтығы мен тасымалданатын жолаушылардың жалпы мөлшерін анықтау

23

3.3

№10-тапсырма. Автомобильдің өнімділігін, жалпы жүрісі мен айналымын анықтау

26

4

Модуль № 4: Әуе көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

29

4.1

№11-тапсырма. Терминдер мен анықтамалар

29

4.2

№12-тапсырма. Авиарейстердегі қосалқы құжаттарды рәсімдеу

31

5

Модуль № 5 Су көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

33

5.1

№13-тапсырма. Коносамент түрлері

33

5.2

№14-тапсырма. Ішкі су жолдарының классификациясы

34




Қолданылған әдебиет тізімі

37

Жеке тапсырмаларды орындау үшін студент оқу шифрын пайдаланады, яғни сынақ кітапшасының нөмірінің үш соңғы саны алынады. Мысалы үш соңғы саны «379» болса, онда «9» саны – бірінші разряд, «7» саны – екінші разряд, «3» саны - үшінші разряд.



Модуль №1: Темiр жол көлiгiнде тасымалдауды ұйымдастыру
және қозғалысты басқару




№1-тапсырма. Аралық станцияда құрама поездарды өңдеу


Жұп бағытынан келетін құрама поездбен атқарылатын маневр жұмысының жоспарын құрастырып, оның аралық станцияда тұруының технологиялық уақытын анықтау керек (1.1-сурет).

Берілген шарттар: поездың басында орналасқан 5 вагонды ағытып, 6-шы тиеп-түсіру жолына беру керек. Бұл жолда поездың басына тіркелетін 7 вагон бар. Маневрлерді поезд локомотиві орындайды.

Уақыт, мин.: маневрден кейін тежеуіштерді тексеру – 10; бас кондуктордың 100 м. аралықты жүріп өтуі – 1; бір вагонды тексеру – 0,16; шеткі крандарды жабу – 0,12; тежегіш жеңдерін ажыратып, ілу – 0,12; вагондарды ағыту – 0,06.



Вагонның орташа ұзындығы – 15 м., локомотивтің орташа ұзындығы – 35 м. 17-ші және 19-шы бағыттама бұрмаларының орталықтарының арақашықтығы 50 м. деп қабылдаймыз; шектік қададан бұрма орталығына дейін – 40 м., бұрма орталығынан рамалық рельстің түйіспесіне дейін – 15м.


Жұп бағыты

1.1- сурет. Аралық станцияның схемасы


Шешуі: Жұп бағытынан келетін құрама поезд 4-ші жолға қабылданады. Поезд локомотиві ағытылған вагон тобымен, (құрамның басында орналасқан) 7-ші тартым жолын қолдана отырып, маневр жұмыстарын орындайды. Маневрлерді орындаудың жалпы уақыты, жеке жарты рейстерді орындау уақыттарының қосындысынан құралады.

Вагонды жолдан жолға орын ауыстырудың бір жарты рейісінің уақыты:



tжр = а+bmқұр, мин (1.1)

мұндағы а және b – уақыт мөлшерлері, мин (а – локомотив қозғалысына кететін уақыт, b – маневр құрамыныдағы бір вагонның қозғалысына кететін уақыт), 1.1-кесте келтірілген;



mқұр – маневр құрамындағы вагондар саны.

Әрбір жарты рейстің ұзындығы берілген қашықтықтардың және маневр құрамындағы вагондар санының негізінде анықталады.



1-ші жарты рейстің ұзындығы. Құрама поезд станцияға келген кезде, шектік бағаншаға (кем дегенде) 30 м. жетпей тоқтауы керек, себебі 5 вагон ағытылып, 7 вагон тіркеледі. Локомотив пен 5 вагонның ұзындығы . Шектік бағаншадан 17-ші бағыттаманың рамалық рельсіне дейінгі қашықтық .

жүктеу 4,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау