Таңсық Жұрынқызы
Лирикадағы туған
жермен тұтастық
Көкшетау - 2004
ББК 83.3 қаз
Ж82
Таңсық Жұрынкызы: Лирикадағы туған жермен тұтастық.
Көкшетау, 2004 ж., 130 бет.
Пікір жазғандар:
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Есмағұлов Аманжол Ыдырысұлы.
Педагогика ғылымдарының кандидаты - Молдахметова
Зұлқия Нұрышқызы.
ББК 83.3 қаз
«Лирикадағы туған жермен тұтастық» атты кітап — автордың ұзақ, жылғы оқыту, зерттеу жұмысының негізінде жазылған еңбек.
Бұл оқу әдістемелік құралы жас ұстаздарға, филология факультетінің студенттеріне арналған.
Ж 4603020102
00(05)-04
ISBN 9965-9168-9-6
©Таңсық Жұрынқызы, 2004.
МАЗМҰНЫ
1 Кіріспе
2 Тағылымы – темірқазығымыз
3 Абай - ой данасы, қазағымның панасы
4 С. Мұқановтың «Ботагөз» романындағы тарихи деректер, көркемдік
шешім
5 «Көкшетау» поэмасы бойынша саяхат-сабақ
6 Ж. Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасындағы тарихи
тағылымдық шежіре
7 Лирикадағы туған жермен тұтастық (Қ. Аманжоловтың
«Туған жер» өлеңінің негізінде)
КІРІСПЕ
Орта мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік өмірлік нәрі бар. Дегенмен де, орта мектепте оқытылатын пәндер жуйесінде әдебиет пәнінің алар орнын, оның танымдық маңызын ешқандай өлшеммен өлшеуге болмайды.
Әдебиет - адамтану ғылымы, ондағы санқилы адам тағдырлары арқылы өмірді танытуды көздейтін өміртану ғылымы. Адамгершілікке, әсемділікке баулиды, қоғамдық әлеуметтік ортадағы жағдайларға орай адам тағдырын суреттеу арқылы өмірді танытып, адами асыл мұраларға жетелейді.
Әдебиеттің адам баласының болашағына, тыныс-тіршілігіне тигізер ықпалын тілмен жеткізу мүмкін емес, оны тек оқып, сезініп, тұшынып барып қабылдау қажет.
Еліміздің білім беру ісінде де түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Оны іске асыратын - мұғалім. «Мектептің жаны - мұғалім», - деп А.Байтұрсынов айтқандай, жан— жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру, заман талабына сай рухы өр, діні таза азамат тәрбиелеу ұстаздан үздіксіз ізденуді қажет етеді.
Мектеп бағдарламасы бойынша өтілетін әрбір көркем туындының жазылу тарихын зерттеп, жазушы лабораториясына тереңірек бойлап, әдеби зерттеудің әр саласынан деректі мағлұматтар беріп, ондағы халықтың әдет-ғүрып,
4
салт-санасының көрінісіне тоқталып, имандылық пен ізгілікті терең пайымдату мақсатында жеке тұлғаны калыптастыру көзделеді.
Қазақ әдебиетінің қасиетті қоржынында өлең-жырдың, көлемді туындыларының құдіретті өкілдері мен ғұмырлы адамдары бар. Олардың ғұмыры уақытпен, замана екпінімен өлшенбейді. Олар әр ұрпақпен, әр кезеңмен бірге жасайды. Әр кезеңнің ұрпағы сол ғұмырлылар қалдырып кеткен жүрек үні игі істеріне үңіледі, сырласады. Сондай ғұмырлылар жайында қазақ әдебиетінің жеке тақырьштары бойынша әдістемелік еңбектің қажеттілігі әріптестеріммен ой бөліскенде сұраныстарынан туған еді.
Білім мен тәрбие - егіз ұғым. Білім-парасаттылықка, тәрбие адамгершілікке уағыздайды. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы» деген ұлы ғұлама әл-Фарабидің даналық сөзінің тереңіне де ой бойлатайық...
Әдістемелік көмекші құралдағы:
«Тағылымы – темір қазығымыз» атты мақалада ұлы Абайдың ақындық міндетінің мақсаты, «қалың елі, қазағын» түзу жолға салып, тәрбиелеу еді ғой.... Тереңіне бойладық па?! - сол мәселе төңірегінде ой қозғалады.
Абай тағылымының дәнін теріп, білімдік қуатын тиянақтау мақсатында ұйымдастырылған
5
«Абай - ой данасы, қазағымның панасы» атты әдеби тағылымдык кештің сценарийі ұсынылды.
С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы тарихи дерек, көркемдік шешім бөлімінде әдебиет сабағын тарихилық принцип тәсілімен оқытудың тиімді жолдары көрсетіледі.
Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасындағы тарихи тағылымдық шежіреде оқушылардың күнделікті оқу жұмысына саналы зейінмен қарауы, ынталы көзқарасының болуы, материалды тұрақты табандылықпен меңгеруге сенімді болудың амал-тәсілдері ескеріледі.
Қ.Мырзалиевтің: «Мен - қазақпын» датасыз тарих, төсқақпайы жок мақтаныш, музыкасы жазылмаған халық гимні" деген пікірін нысанада ұстадық.
«Көкшетау» поэмасы бойынша саяхат-сабақ тарауында С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасына байланысты жер-су аттарына орай көріністерді нақты көрсету мақсатында Бурабайға саяхат жасалған сабақ және М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасымен салыстыра өтудің тәсілі берілді.
«Лирикадағы туған жермен тұтастықты» Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңіндегі ақын сезімін әр оқушы өз сезімімен қалай қабылдағандығының сценарийі ұсынылды.
Ғұмырлылардың тағылымы - темірқазығымыз.
6
ТАҒЫЛЫМЫ - ТЕМІРҚАЗЫҒЫМЫЗ
«Абай өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындаймыз. Бірінші ақынымыз деп қабіріне халқы жиі- жиі зират етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар.Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ рухымыз сезер, қуанар»,- деген Міржақып Дулатов ой толғамы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді емес пе?
Халықаралық білім мен мәдениет мұраларын зерттеуші, жинақтап таратушы ЮНЕСКО ұйымы Атқару комитетінің 1993 жылғы, 7 - мамырдағы 141 - сессиясы Ұлы Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойын әлемдік дәрежеде тойлау туралы шешімі, жоғарыдағы М. Дулатовтың «халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар» деуі-рухының биіктігі, ұлылығының айғағы. Іле Абайтану төңірегінде игілікті істер жоспарланып, іске асып, Абай тағылымын ұрпағының рухани азығына айналдыруда тың бетбұрыс басталды.
Мұндай шаралар қазақ халқын дүние жүзіне танытып, ұлт пен ұлтты жақындатады, бауырластырады, әлемдік мәдениеттің алтын
Қорына қосылады. Ұлы ойшылдың ғибратқа толы 8 мыңнан аса өлең жолы мен 45-тен артық
7
қарасөзінен даналық ой толғамдарын дүние жүзі халықтары ана тілдерінде төл туындысындай оқиды. Бітім- болмысымызбен танысып, рухани жан байлықтарын толықтырады. Жүрегінің түбінде жатқан ойды қиянатшыл дәуірдің шері толқытып, сыртка тепкендігін ұғынады. Халықтың елдік сипаты, тұрмыс - тіршілігі, әдет-ғұрпы, бітім-болмысы Абай туындысында ой даналығы, сөз маржанымен ерекше дараланатындығына көздері жетеді. Бүкіл адамзат баласына ортақ өзекті мәселелерді қозғап, тереңіне бойлағандығына тұшынып, «Абайы бар ел қандай бақытты!» деп қызыға қарайтын болар.
Әлемдік мәдениеттің алтын қорынан орын алып, «қалың елі қазағын» дүние жүзіне танытқан ойшылдың ғибратқа толы ой толғамдарын тереңіне бойлап өзіміз ұқтық па? Байыбына барып, тұңғиық сырына бойладық па?
Абайтануға елеулі үлес қосқан ғалымдарымыздың бірі М. Мырзахметов, зерттеуші-ғалым Қүлмат Өміралиев және басқалардың деректеріне сүйенсек, 50-жылдардан бері Абайтануға байланысты зерттеушілердің саны мыңнан асып, 30-дай монография, 3 докторлық, 16 кандидаттық диссертация, қаншама диплом жұмыстары, ірілі-ұсакты 4 мыңнан аса мақала мен зерттеулер жарық көріпті... Оның бер жағында 1993 жылдан бергі игілікті істер қаншама! Мысалы, Ақжан Машановтың «әл-
8
Фараби және Абай», Ғарифолла Есімовтың «Хакім Абай», Жұмағали Ысмағүловтың «Абайдың ақындық тағылымы» т. б. кітаптарында даналық дүниетанымдары басқа қырынан кеңінен талданады.
Абайды окыдық, жазылған дүниелерді оқыдык, бірақ тоқыдық па? Абай армандаған, ұрпақ бойынан көргісі келген тамаша қасиеттерді
шәкірт жүрегіне ұялатып жүрміз бе?
Абайдың ой толғамдарында жастарға білім беру, ғылым үйрету мәселесі терең толғанылады.
Мысалы:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол...-
деген ғибратын бәріміз де білеміз. Жаттап та алдық, бірақ рухымызда ұстадық па?! Адамдықтың негізгі принциптерін саралайтын, адамгершіліктің кодексіндей бес парызды түсінбегендіктен, ақиқатты айналып өтетін, топталып тор құратын қаскүнемдерден опық жеп, ақ ниетіңің қараланып, кең дүниең тарылғанда да Абаймен сырласатындығымыз неліктен?!
9
Абай кешкен өмір, Абай өткерген азап, Абай ішкен у неге бүкіл халықтың пешенесіне жазылды екен?! Сонда, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиевтермен үнсіз тілдесесің.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен,
Өз аулымның иттері үріп қапқаны,-
деп Ахмет Байтұрсынов өтті.
Ақында азаматтан дос болмайды,
Тек қана мұңын шағар қаламына,- деп Мағжан Жұмабаев азаматтан дос таппай, қаламымен сырласып, өмірдің азабын тартты. Ал, Қадыр Мырзалиевтің:
Біреу менің бақытымды ұрлап кеткен сияқты,
Біреу бітеу жарам аузын тырнап кеткен сияқты.
Біреу мені тұңғиыққа лақтырған сияқты,
Өз молама өзім келіп, жылап тұрғам сияқты.
Сәт болады, кез болады кейде менің басымда, -
деуінен, қиянатшыл залымдардың қай дәуірде болса да аяққа оралғы болып жаныңды жаралап, қаныңды қарайтатындығына налисың.
¥лы Абайдың ақындық міндетінің максаты «қалың елі қазағын» түзу жолға салып, тәрбиелеу еді ғой.
«Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос» - деп болашаққа қалдырған аманатын орындадық па?
10
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда, - деп тарыққан Абайдың налыған көңіл, уланған жүрек зарынан арыла алмайтын кездеріміз көп- ау.
Желімдей жабысып, айықпас дертке айналған, қазақтың бағын байлап, аяғына тұсау салған, бірінің - біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілемейтұғының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өздерінің жалқау болатындығының негізін Абай үшінші қарасөзінде талдады...
Қазекем алтыбақан алауыздықтан арылар емес. Оза шауып дараланған тұлғаны өсекке таңып, қаралап, орға жығады. «Құйрығы - шаян, беті - адам, жылмыңы - сыртта, іші арамдар» әр дәуірде де қоғамға, жұмыс орындарында кері әсерін тигізіп келеді. Осыған кім кінәлі?! Меніңше: қоғам, орта, жанұя, мектеп.
Қадірлі басым,
Қайратты жасым.
Айғаймен өтті амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір, -
деген өлең жолдарын көздің жасы, жүректің қанымен жазғандығы көрініп-ақ тұр. Иә, ұлы ойшылдың философиялық ой тереңдігін кім қалай
10
қабылдайды, адамдардың адамдык дәрежесінің өлшеміне байланысты.
Дегенмен де, балауса бүлдіршіндерге көркем сөздің қуатын, идеялық мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұқтырудың, есте сақтатудың жолын таппай қиналғанда Абайға жүгінейік:
«Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар. Әуелі көкірегі байлаулы, берік болуы керек, екіншіден - сол нәрсені естігенде не көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшіншіден - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайталап ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ойға кеселді нәрселерден қашпақ болу керек» деген Абай сөзі, философиялық тұжырымдары мүғалімге рухани қуат, ұстаздық нұсқау, озық іс-тәжірибенің үлгісі емес пе?...
Білім - ұлттық сана, салт - дәстүрімізде. Ол рухани мүгедектікке тап болды. Адам баласының тәу етер пайғамбары - ұстаз еңбегі бағаланбай, күңгірт көлеңкеде жатыр. Күн көрісі қиындап, нарық қыспағында қалды.
¥стаз Абай тағылымын меңгерген, парасатты адам болуы керек. Іс-тәжірибесін практикалық іске, оның нәтижесіне қарап баға беретін уақыт жетті. Ол өкімет тарапынан қолдаусыз іске аспайды.
«Бір күн қарны ашқаннан 40 күн ақыл сұрама» дегеннің тереңіне бойлап, өкімет
12
тарапынан ұстаздарға қамқорлық қажет. Білімге салғырттық айықпас дертпен тең.
Абайтанудың бағдарламасын балабақшадан бастайық. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық» деген сөздерді жазып қойып, балауса бүлдіршіндердің жадында сақтату;
- Оқулықтарымыз (балалар әдебиеті) оқушылардың ой-санасына, бітім-болмысына, заман талабына жауап беререліктей ме?
- «Оқулықтардың қандай болғанын қалайсыз?» тақырыбында ғылыми конференциялар өткізілсе;
- Мұғалімнің еңбегі оқушылардың білім сапасымен бағаланса, соңғы нәтижесі пән мұғалімінің жолын қуған шәкірт саны ескеріліп барып марапатталса;
- Ар ойламай, пайда ойлап, өзіне-өзі жарнама жасайтын «жандайшаптарға» жол берілмесе екен.
Абай тағылымының дәнін теріп, білімдік қуатын тиянақтау мақсатында ұйымдастырылған «Абай - ой данасы, қазағымның панасы» атты әдеби тағылымдық кештің сценарийін ұсынамыз.
Абай -ой данасы, қазағымның панасы
«Абай қазақтың бүкіл болмыс тіршілігінің, танымдық тарихының, жан дүниесінің, рухани өмірінің энциклопедиясы» деп, Тұрсын Жұртбаев
13
орынды тұжырымдағандай, қазағының кадір- қасиеті арқылы бүкіл адамзат баласына ортақ өзекті мәселелерді қозғаған Абайдың даналық ой
иірімдерінен әдеби тағылымдық кеш ұйымдастыру - студенттердің шығармашылық ойын, өзіндік дербес жұмыс істей білу қабілетін арттырады, санамызды жаңғыртып, ойымызды ұштайды деген ниетпен «Абай - ой данасы, қазағымның панасы» атты тағылымдық кештің бағдарламасын ұсынып отырмыз. Бағдарлама жеті
бөлімнен тұрады.
Кешті екі студент жүргізеді.
І-бөлім. Ұлы ойшылды қарсы алу.
Екі жүргізуші сахнаның екі жағынан шығып, кештің мақсатын
хабарлайды және арнау айтылады.
2-бөлім. Әке — балаға сыншы.
а) Әке мен бала арасындағы сұхбат.
ә) Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
3-бөлім. Абай тағылымынан білім сайысы.
«Мұрагер», «Парасат» тобы жалпы Абайтанудан, Абайдың даналық
дүниетанымынан білім сайысына түседі.
4-бөлім. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
(Абай әндері орындалып, өлеңдері мақамдап оқылады).
5-бөлім. Ақыл, кайрат, білімді қатар ұста.
1. Абай монологі.
14
2. Ақындар өлеңдерін оқиды.
6-бөлім. Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ.
1. Екі жұп ақындар айтысы.
7-бөлім. Өлді деуге сыяма ойлацдаршы...
1. Болашаққа өсиет.
2. «Айттым сәлем, Қаламқас» әні орындалады.
І-бөлім. Ұлы ойшылды қарсы алу.
(Сахна Абай үйінің ішкі бейнесінде безендірілген).
1-жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
2-жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
Сахнаға Абай шығып, болашаққа өсиет айтады:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.
15
Келісті киінген инабатты үш студент үш табақ шашу алып сахнаға шығады. Баспалдақпен төмен түсіп, той құрметіне шашу шашады. Абайдың екі жағында тұрған екі жүргізуші тізе бүгіп, тағзым етеді. Көрермендер ортасынан шыққан ақын жігіт арнау өлеңімен халықты дүр сілкіндіре сахнаға көтеріледі:
Абай дана,
Ғүламасы ғасырдың,
Жырларында жабырқау жоқ, жасын мұң,
Өлең болып бізге жетті өнегең,
Сәулесі боп,
Өнер деген асылдың,
Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқансам жанға құяр жылылық,
Абай деген жұмбақ әлем, биік шың,
Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып.
1-жүргізуші:
Қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанмен, Абайы біреу-ақ, Абайы бар елдің мерейі үстем.
2-жүргізуші:
Абай ата, өзіңіз үміт күткен шөберелеріңіз, Сіз туралы толғап, Сіз туралы сыр шертпек, қабыл алыңыз.
2-бөлім, Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
16
1-көрініс. Әке -балаға сыншы.
Тыныштық. Үстел басында майшамның жарығымен терең толғаныс үстінде өлең жазып отырған жас Абай. Әкесі Құнанбай кіреді.
- Кезі келгенде айтпақ болып жүрген үш түрлі сөзім бар еді, айтайын.
- Айтыңыз, әке.
- Ең әуелі, сен жұрттың бәрімен күліп сөйлесесің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды. Екінші, көрінгенмен жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді. Ел алатын қылық ол емес. Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың.
- Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «айт» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазір бұрынғы көрбалалықтан, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді.
17
Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылғак бақташы ғана баға алады. Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар кісі ғана бағады. Үшінші, орысты айттыңыз. Заман орыстікі, ол - жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білмесең, алысқа шығудан мағына жоқ. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі алуға керек.
Құнанбай (бұл жауабына қанағат қылып тоқтап):
- Ақыры не болса да бетіңнен жарылқасын, өзің білген бетіңмен жүріп көресің.
2-көрініс. Жас Абайды ертіп Құнанбай Қарқаралыға аттанайын деп жатады. Анасы Ұлжан Абайдың алғашқы сапарына сәттілік тілей тұрып, аналық жүрегімен ойлы тілегін білдіреді:
- Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін, «күндестің күлі де күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айрылма!
- Айтқаныңызды кұп алдым, ана!
1-жүргізуші:
18
Абай жүріп кетті, артына қарағанда анасы Ұлжан үйге кірмей, ұзақ қарап түр екен. Анасының соңғы сөзі Абайдың жүрегінен кетпеді.
2-жүргізуші:
«Әке - балаға сыншы», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демей ме, атам қазақ. Әкесінің аталы сөзі мен анасының аналык, мейірімінен нәр алған жас Абайдың үлкен жолы осылай басталған еді.
3-бөлім. Абай тағылымынан білім сайысы.
Қатысушылардың қойылған сұраққа өз ойын айкын, дәл айтуы, көзқарасын қорғауы, оның дұрыстығына нақты, тұжырымды дәлелдермен жауап беруі көзделеді.
Сахнаның оң жағынан 8 адамға және сол жағынан 8 адамға, жүргізушіге орын дайындалады.
Жүргізуші: Абай бабамыздай біртуар дарынның зерделі тағылымынан рухани азық алып, Абайтануды зерттеуші алғырларды білім сайысына шақырамыз.
1-топ- «Мұрагер»:
Өсиетін Абайдың мұра қылып алғанбыз.
Сол мұраны мәңгіге қуат етіп қойғанбыз.
2-топ - «Парасат»:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
19
Ізбасары біздерміз,
Сұлу Көкше жерінде.
Егер сөйлеуші тақырыптан ауытқып кетсе, сол топтан, не қарсыласынан, не басқарушы өз бағытына түсіреді. Дұрыс қорытындыға келуге көмектеседі. Сұрақ екі жаққа да кезектесіп қойылады. Мазмұны төмендегідей:
- Абайдың дәл туған жылы қай жыл, ол қай құжатта көрсетілген?
Жауап: Мәскеудің әскери-тарихи мұражайында сақталған Қ. Өскенбаевқа қатысты құжатта Абайдың туған күні 15 - маусым, 1846 жыл делінген.
Ә. Бөкейханов 1905 жылы «Семипала-тинский листок» газетінде «Он родился в год змеи (жылан) в 1845 г.» десе, А.Байтұрсынов «Абай 1845 жылы туған, жылы жылан екен» дегенінен жыл қайырып, 1846 жылдың жылан жылы екендігіне ешқандай дәлелдің қажеті жоқ. Олай болса, Абайдың да туған жылы 1846 жыл.
- Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қашан, қайда, кімдердің басшылығымен басылды?
Жауап: «Қазақ ақыны Абай Қүнанбайұлының өлеңдері». 1909 жылы Петербург қаласында араб әрпімен басылды, бастырушы Кәкітай және Тұрағүл Абайұлы. 1922 жылы Б.Күлеев Қазанда араб әрпімен бастырды.
20
1933 жылы М. Әуезов латын әрпімен Қызылордада бастырды.
- Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?
Жауап: Әлихан Бөкейханов 1903 жылы Петербургте басылып шыққан кітаптың «Население» деп аталған бөлімінде Абайға ерекше
тоқталды.
- ¥лы ойшылдың есімі Европаға қашан, қалай танылды?
Жауап: 1884 жылы Семейде болған Америка саяхатшысы, журналист Джордж Кеннанның «Сибирь и ссылка» деген кітабы арқылы 1891 жылы Абайдың даңқы, білімі Европаға мәлім болды.
- Шыңғыс болысында болған саяси қылмыскерлер кімдер, олар туралы қандай деректер білесіздер?
Жауап: Северин Гросс-Петербург университетін бітірген, құқық ғылымының кандидаты, Польшаның дербес мемлекет болуы үшін күрескеннің бірі. Семей қаласына 1883 жылы әкелінді. 1884 жылы 6 - маусымда Шыңғыс болысында болған.
Н.И. Долгополов Харьков университетінің медицина факультетін бітірген, студенттер арасында социалистік идея таратқаны үшін 1879 жылы жер аударылды. 1885 жылдан бастап Шыңғыс болысында болып, безгек, өкпе ауруын қымызбен емдеген, айлап Абай ауылында жатқан.
21
- Қазақ елінде, қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген құкықтық құжат? Ол қашан, қандай жағдайда қабылданды?
Жауап: 1885 жылы мамыр айында, Семей облысының Қарамола дейтін жерінде 5 дуан елінің съезінде қабылданды. 73 баптан тұратын «Ереже» деп аталатын заң нұсқасы, 1886 жылы Қазан университетінің баспаханасында араб әрпімен басылып шыққан.
- «Абай және оның заманы» атты әдеби сын мақалалар мен жаңа деректер кітабының авторы кім, ол кісі туралы не білесіздер?
Жауап: Мұздыбай Бейсенбаев - Семейдегі Абай атындағы республи-калық мұражайдың директоры. Ғылыми экспедициямен Омбы, Тобыл, Түмен, Қазан, Мәскеу, Ленинград архивіндегі бұрын-соңды белгісіз материалдарды жинақтады.
- Абай болыс болды ма? Болса, кашан, қайда?
Жауап: 1875-1878 жылдары Абай Қоңыр -- Көкше еліне болыс болып сайланады. Екінші рет Қоңыр-Көкшеге 1880-1893 жылы қайта сайланды. Болыстықтан әбден көңілі қалады. Әділетсіз заманда ел басқару оңай жұмыс емес екеніне көзі жетеді:
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,
Адалдық, арамдықты кім теңгермек.
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмак,
Иттей қор боп өзіне сөз келтірмек,—
22
деп, басқару ісінің азабынан туған ойын білдіреді.
- Абай өлеңдерінің қолжазбасын сақтаған кім?
Жауап: Мүрсейіт молда.
- Ел ішіндегі бітіспейтін дау, жер бөлісі, болыс сайлау, рулық жіктен жүрегі қырық жамау болған, өмірге деген наразылықтан туған даналық толғамдарынан дәйекті дәлелдеме келтіріңдерші.
Жауап: Көшбикедегі 1889 жылғы маусымның 17 - жұлдызындағы сайлау, Абайға жасалған қастық «алды - үміт, арты - өкініш,
өмірден түңілтті».
Бас - басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың , —
деп, көп шуылдақ, тоң мойын, ойсыздарға қайрыла келіп:
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып құрып барасың.
Одан да:
Малыңды жауға,
Басыңды дауға,
Қор қылма, қорға, татулас,
- деп, ынтымақ-бірлікке шақырады (әрі қарай жалғастыруға болады).
- Архив қорында Абайдың ел басқарғандығы жөнінде деректі материал бар ма?
Жауап: 20-21 жасында ел баскарған. Нақты құжаттарға қол қойған 3 қолтаңбасы бар көрінеді. Күшік - Тобықты елінде орысша рапорт жазып,
23
қол қойған. 1876 жылы орысша Қоңыр- Көкше елінің болыс управителі болған кезінде «Ибр. Қүнанбаев» деп қол қойған. 1876 жылы орыс әскеріне ат, көлік, үй, тамак, ақша бергенде арабша қол койған (мұражай материалы).
- Абай сыйлык алды ма? Алса кім, қандай жағдайда ұсынады?
Жауап: Батыс - Сібір генерал-губернаторы Барон -Таубе қазақ даласын аралау кезінде ел адамдарына бұйрық пен сыйлықтар берген.
Абайға №89 бұйрықпен 25.09. 1890 жылы «Шыңғыс болысының құрметті адамы» - деп, аңшы мылтығын берген.
Омбының мемлекеттік архивінен деректер: «Құнанбаев - Қоныр-Көкше тобыкты болысының управителі. Жылына қоғамнан 300 сом еңбекақы алады. 25 - қазан, 1876 жылы 3-разрядты шапанмен наградталды», - деп, генерал Казнаков қол қойып бекіткен.
- Абайды көзімен көріп, портретін тұңғыш салған кім?
Жауап: П.Д.Лобановский 1884 жылы Абайдың портретін салып, кім екендігі жөнінде мәлімет беріп, 1887 жылы Сібір-Орал ғылыми-өндірістік көрмесіне қояды.
- Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы қашан, кай жерде ашылды?
Жауап: Абайдың 95 жылдық тойы қарсаңында 1940 жылы 16-қазанда Семей
24
қаласындағы, 132-комиссар көшесіндегі үйде Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби- мемориалдық мұражай ашылған. Бұрын Абайдың қырқын берген үй екен.
- Абайдың сазгерлігі туралы не айтасыздар?
Жауап: 3 күй, 16 әні бар. «Тоғжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі» (күйлері).
Абайдың әндері: «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің карасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қор болдым жаным», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», «Сегіз аяқ», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», т.б..
- «Абай» журналын алғаш ұйымдастырған кімдер?
Жауап: 1918 жылы, ақпан айының 4 -жұлдызында Ж.Аймауытов пен М.Әуезов Семей қаласында араб графикасымен айына екі рет
шығарған.
- Абай атындағы сыйлық қай жылы тағайындалды? Алғашқы қарлығаштары кімдер?
Жауап: Әдебиет саласындағы озық шығармаларға Абай атындағы сыйлық 1965 жылы, 15-наурызда тағайындалды, сыйлықтың лауреаттары 1966 жылдан бастап белгілі болды. Олар: Х.Есенжанов „Ақ Жайық", С.Мұқанов
25
„Өмір мектебі", І.Есенберлин „Айқас", Ғ.Мүсірепов „Кездеспей кеткен бір бейне", т.б..
- Сахнада Абай спектаклін алғаш қойған режиссер, бейнесін сомдаган актер?
Жауап: Режиссер Асқар Тоқпанов 1940 жылы «Абай» трагедиясын қояды. Қ.Қуанышбаев Абай бейнесін ойнайды. 1944 жылы А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсын қояды. Абай бейнесінде Ы.Ноғайбаев ойнайды.
-«Абай» журналдарының 3, 4, 5, 6, 7-нөміріндегі ақын суреті туралы не айтасыз?
Жауап: Абайдың 1897 жылы Семейде түскен суреті.
- Абай Сенатқа қай жылы хат жазды?
Жауап: 1898 жылы Мұкыр сайлауы Көшбикеде өтетін болғандықтан Абай да келеді. Бұғылы болысының байы О.Аққұлов Абайға қастандық жасады.
Болды да партия, Япырмау, неңді алдым,
Ел іші жарылды. Сау қоймай арымды? -
деп налып, «Жүрегім менің қырық жамау, қиянатшыл дүниеден», «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма?!» - деп өзінің азаматтық құқығын қорғау, заңсыздықты әшкерелеу мақсатында Семейдегі облыстық сот мекемесі арқылы Петербургтегі Сенатқа 5 - ақпан, 1900 жылы арыз-хат жазады. Іс шешімін таппайды.
- Қай топ Абайдың даналық толғамдарының жалғасын тез табады?
26
1. Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам...(адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім).
2. Биік мансап-биік жартас... (ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады).
3. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан аулақ бол...(надандық, еріншектік, залымдык).
4. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артык, (сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық).
5. Абайдың адамдык бағдарламасының бес кағидасы... (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой).
6. Терін сатпай, телміріп, көзін сатып... (теп-тегіс, жұрттың бәрі болды аларман).
7. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:
а) көкірегі байлаулы берік болмақ;
ә) сол нәрсені естігенде, иә көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу;
б) сол нәрсені ішінен қайталап, ойлап, көңілге бекіту керек;
в) кеселді ойлардан қашпақ керек.
27
- Қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. Соны түсіндірейік.
Жауап: 23-қара сөзінен: «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар. Оның қуанышы: елде бір жаманды тауып, я бір адамның бойынан өзі қылмаған жаманшылықты тапса, осы да адаммын деп жүр ме? Оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе? - деп қуанады
Ал жұбанышы: Жалғыз мен бе? Елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той" дегенді жұбаныш қылады... Осыдан бір жарым ғасыр бұрын ұлы бабамыздың халқына айтқан осы міні, осы сыны, мына отырған біздер мен сіздерге де тән қасиет. Өзіміздің ғана емес, жалпы халықты оңдырмайтын керенаулық, бойкүйездік, тоғышарлық кеселін дұрыс ұғынайық. Келер ұрпақтың бойында болмаса екен деп тілек тілейік .
- Қазақтың бірінің-біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өздерінің жалқау болатұғының себебі не?
Жауап: ¥лы ойшыл 3-қара сөзінде ел басқару ісіндегі жүгенсіздікті көріп, арам пиғылдыкқа бастайтын әрекеттерге талдау жасайды. Ресейдің бодандығында күн кешкен халықты алаяқ болыс басқарды. Болыс болам деп ағайындар жанжалдасып, партияласып, халықтың құтын қашырады. Сайланған болыс халықты
28
ойламай, ұлықтарға тәуелді болды. Ел ішінде әділеттік орнамай, күнкөрістен мақұрым қалды. Бас-басына би болған, онсыз да тығырыққа тірелген елдің сиқын бұзған, көп наданның қорлығы алауыздыққа әкеліп соқты. Ащы да болса ақиқаты осы айтылғандардың бір ұшығы бүгінгі жайымызға да қатысты. Ол салт-санамыздың төмендігі, бойымыздағы немкеттілік, марғаулық. ¥лтымызға желімдей жабысып, айықпас дертке айналған күншілдік. Сондықтан осындай жаман қасиеттерден аулақ болу үшін әркім тәрбиені жеке өзінен бастаған жөн.
- Абай мінезіндегі ерекшелікті доктор Долгополовтың пікірімен дәлелдей аласыңдар ма.
Жауап: Абайдың баласы Тұрағұлдың естелігіне сүйенемін...1886 жылдары қонақ болып жатқан доктор Долгополовқа балаларын сынатып отырып, «өзім туралы не айтасың?» депті.
Сонда Долгополов: «...Басы алтын адамсың, бірақ үйренген әдет - салтың тым жаман. Таңертең төсегіңнен тұрғанда біреу келіп арқаңа шапан жабады. Есікті ашып, тысқа шығарады. Қайта келсең, есікті ашып енгізіп, алдына шылапшынды әкеліп, қолыңа суды күйып, жуындырады. Шай ішсең, шайыңды біреу құяды. Ет жесең, етіңді біреу жапырақтайды. Атқа мінбек болсаң, ерттеп, қолтығыңнан көтеріп салады. Кешке төсекке жатарыңда төсегіңді біреу салып, өзіңді шешіндіріп, үстіңе көрпе жауып, орамалыңды бір
29
жағыңа, шақшаңды бір жағыңа тығып қояды» деген екен.
- Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Жүректің қасиеттерін анықтап бере білейік.
Жауап: Жауабымызда Абайдың 14-қара сөзіне жүгінеміз. «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені батыр кісі дегені. Одан басқа жүректің қасиеттерін анықтап бере алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі. Асығыстық та жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады»,- деп, әрі қарай ақылдың сөзін ұғатын жүректе жігер, байлаулықтың жоқтығынан азатынын дәлелдейді. Алайда адам жүректің еркінен тыс қулық-сұмдық, залымдықтың соқпағына түсіп, айнадай жүрегін таза сақтай алмай ластайды. Қайратты жүрегін дәрменсіз етеді, жау жүрегі жағымпаз болып, ыстық жүрегі мұзға, ет жүрегі тасқа айналады. Жүрек сапасын жоғалтып, адам залым болып шығады. Әр істі бастар, аяқтар шағымызда тіл жүректің айтқанына көнсе, ақиқаттан аттамай, адамдықтың таразысын дөп басқан болар едік.
Достарыңызбен бөлісу: |