Сабақ құрылымы дегеніміз - сабақ кезеңдерінің жүйелі құрылып, бөлімдерінің үйлесуіп келуі.
Кейбір топтастыруда сабақты жүргізу әдісі (дөрістсабақ, пікірталас-сабақ, кино-сабақ, зертханалық сабақ); оқушылардың әрекеті (жинақтау сабағы, проблемалық); материал сипаты (жаңа деректі игеру) басшылыққа алынады. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратын сабақтарды ерекше типке жатқызуға болады.
Сабақтарды топтастыру. Көптеген дидактиктер мен әдіскерлер сабақтарды топтастырғанда оқыту процесінің болімдерін жонс сабақтағы басгы оқыту міндетін негізге шіады. СошІ сәйкес сабақ кіріспе, жаңа материалды оқыту, аралас, бақылау, білімді есепке алу және тексеру, жинақтау-қайталау сияқты түрлерге жіктеледі.
Мүғалім сабақ типін таңдағанда, оның тақырыпта алатын орны, оның мівдетгері, жаңа материал мазмүнындағы ерекшеліктер, педагогикалық ниет, оқушылардың жасы, дағдылар мен ептіліктерін ескеруі тиіс. Сабақ типі мектептегі оқу қүралдарын, мүғалімнің дайындығы жөне т.б. себепшартгар ескеріп тандалады.
Бір типтегі сабақтар оны жүргізу әдісіне қарай бірнеше түрге енуі мүмкін. Мысалы, кіріспе сабақты дәріс, саяхат, өңгіме түрінде өткізуге болады. Тақырып, бөлім бойынша сабақ жүйесін айқындауда жаңа материалды игеру, оған дейін игерілген білімге сүйенетіндігін, жаңаны оқып-үйренуде бүрын алған білім бекітілетіндігін есте үстаған жөн.
Кіріспе және жаңа материалды игеру сабағы
Сабақтың міндеттері. Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмүнында оқушылардың жаңа тақырьшты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны дүрыс. Қажет болған жағдайда мүғалім бүл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.
Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынадай түрлерін атауга болады: материалды мүғалімнің мазмүңцау сабағы; мектеп дәрісі; саяхат сабақ; киносабақ; оқушылардың хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа материалды игеру сабагында оқу әрекетінің бүл түрлері басым болып келеді және сабақтың едәуір бөлігін қамтиды. Ал бекіту, қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз көлем бөлінеді. Көбіне мүндай сабақтар алдыңгы сабақтармен байланысы жоқ тақырыптарды оқыи үйреыгенде немссе күрделі үғымдары мен түсініктсрі мол тақырыптарды түсіндіргенде колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |