Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органның функциялары - жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орган:
1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңдарын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарларын болдырмау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы арыздарын (өтiнiштерiн) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуынa;
9) межелiк белгiлердiң сақталуына;
10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi - жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзу салдарынан келтiрiлген шығынды өтеу туралы iстер бойынша, жер учаскелерiн алып қою және беруге байланысты заңсыз шешiмдердi жою мәселелерi бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан айыппұл өндiрiп алу туралы iстер бойынша сот органдарына жүгiнуге;
5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
8) мемлекеттiк органдардан белгiленген тәртiппен бекiтiлген, жер қорының жай-күйi туралы статистикалық есептi алуға;
9) жерге құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар.
Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1)Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
2) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi.
3. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (шешiмдерiне) және әрекеттiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа шағым берiледi.Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыруға кедергi жасайтын лауазымды және жеке тұлғалар, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қатысты күш жұмсау қаупін төндіретiн немесе күш жұмсау әрекеттерiн қолданатын лауазымды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
№15 тақырып: Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау мен шығынды өтеу тәртібі.
Мақсаты: тақырыптағы сұрақтардың мазмұнын толық ашу.
Жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау
Меншік иелеріне немес жер пйдаланушыларға келтірілген шығынды өтеудің негіздері
Шығынды өтеу тәртібі
Жер даулары
Қысқаша мазмұны: Меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығын:
1) жер мемлекеттiк қажеттерге меншiк немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатындай етiп алып қойылған (сатып алынған);
2) жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк немесе жер пайдалану құқығы шектелген;
3) меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтары бұзылған;
4) топырақ құнарлылығының бүлiнуiне әкеп соғатын, су режимiн нашарлататын, ауыл шаруашылығы дақылдары мен екпелерiне зиянды заттар бөлiп шығаратын объектiлердi салу мен пайдалану нәтижесiнде жер сапасы нашарлаған;Меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығын оны келтiрушiнiң есебiнен өтеледi. Мемлекеттiк билiк органының, өзге мемлекеттiк органның заңдарға сәйкес емес акт шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгі) салдарынан меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығынды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк өтеуге тиiс.Өтемақы мөлшерiн айқындау кезiнде оған:
1)жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының нарықтық құны;
2)жемiс ағаштары мен көпжылдық екпелердi қоса алғанда, учаскедегi жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны;
3)жер учаскесiн игеруге, оны пайдалануға, қорғау iс-шараларын жүргiзуге, топырақ құнарлылығын арттыруға байланысты шығындардың инфляциясы есепке алынған құны;
4)меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға үшiншi тұлғалар алдындағы өз мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуына байланысты келтiрiлген шығынды қоса алғанда, олардан жер учаскесiн алып қоюмен байланысты келтiрiлген барлық шығын;
5) алынбай қалған пайда енгiзiледi.
Жер учаскесiн алып қою кезiнде меншiк иелерiне нeмece жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығынды, сондай-ақ олардың өтемақы мөлшерiн айқындау тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.Жер учаскелерiн алып қою немесе оларға уақытша орналасу нәтижесiнде суару, құрғату, табиғат қорғау, эрозияға және селге қарсы объектiлер мен құрылыстардың (жүйелердiң) жұмысы жартылай немесе толығымен бұзылатын жағдайда шығындар, жобалау-зерттеу жұмыстарының құнын қоса алғанда, объектiлер мен ғимараттарды (жүйелердi) жаңадан салу немесе жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңғырту үшiн жасалатын жұмыстың құнына негiзделiп айқындалуы мүмкiн.Жердi пайдалану кезiндегi қолайсыздықтардан (су қоймаларын толтыру кезiнде аралдардың пайда болуы, көлiк байланыстарының бұзылуы, аумақты коммуникациялармен бөлiп тастау және басқалары) туындаған шығындар (шығыстар) жобалау-зерттеу жұмыстарына, бөгеттер, көпiрлер, жолдар, кiрме жолдар, басқа да құрылыстар салуға, су қоймаларының түбiн тазартуға, сондай-ақ қайықтар, катерлер, паромдар мен өзге де көлiк құралдарын сатып алуға кеткен бiржолғы шығыстардың сомасымен айқындалуы мүмкiн.Жердiң нашарлаған сапасын қалпына келтiру үшiн қажеттi шығындарды (шығыстарды) айқындау кезiнде топырақты зерттеу, агрохимиялық және басқа арнайы тексерулер мен зерттеулердi, сондай-ақ жердiң сапасын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүргiзуге шыққан шығыстар енгiзiлуi мүмкiн.
6.CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Семинар сабақтарының кестесі
№
|
Тақырып
|
Семинар сабақтарының сұрақтары
|
Апта
|
Әдебиеттер
|
1.
|
Жер қатынастарын құқықтық реттеудің даму тарихы.
|
Жер заңдарының даму сатыларына жеке сипаттама
Жер қатынастарының даму тенденциялары
Қазақстанның Ресей құрамына кіргенге дейінгі жер қатынастары
Ресей құрамында болған кезеңдегі жер қатынастары.
Кеңестік кезеңдегі жер қатынастары.
|
1
|
5,6,7,8
|
2.
|
Жер құқық қатынастары
|
Жер құқық қатынастарының түсінігі мен түрлері.
Жер қатынастарының субъектілері мен объектілері
Жер қатынастарының басталу, өзгерту және жойылу негіздері
|
2
|
2,3,4
|
3.
|
Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар.
|
Жерге меншік құқығының субъектілері
Меншік иелерінің және жер учаскесіне басқа да құқығының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Жеке меншік құқығын іске асыру механизмі.
|
3
|
9,10,11
|
4.
|
Жер пайдалану құқығын жүзеге асырудың тәртібі мен ерекшеліктері.
|
Жер пайдалану құқығының субъектілері
Жер пайдалану құқығының туындауы, оны табыстау және беру
Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері
Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
Тұрақты жер пайдалану құқығы
Уақытша жер пайдалану құқығы
|
4
|
4,5,19,20
|
5.
|
Жер учаскесіне құқықты табыстау тәртібі.
|
Жер учаскелесіне құқық және онда орналасқан үйге құқық
Жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану
Ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдалану дағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану тәртібі
Ортақ бірлескен меншіктегі жер учаскесін бөлісу
|
5
|
21,22,28
|
6.
|
ҚР мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреттеріне сипаттама.
|
Жергілікіті өкілді органдар мен жергілікіті өзін өзі басқару органдарының құзыреті
Облыстық атқарушы органның құзыреті
Аудандық атқарушы органның құзыреті
Қалалық атқарушы органның құзыреті
|
6
|
2,7,8
|
7.
|
Жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингісінің құқықтық ерекшеліктері.
|
Жерге орналастрыуды жүргізу тәртібі
Жерге орналастру процесін жүзеге асыру тәртібі
ҚР аумағын кадастрлық бөлудің реттері
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі
Жер мониторингінің түсінігі мен міндеттері
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Жер кадастры құжаттамасы
Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды қаржыландыру
|
7
|
19,22,28
|
8.
|
Жер санаттары және оның түрлеріне құқықтық сипаттама.
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер түсінігі,құрамы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді басқару
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі, суарылатын жерлердің құқықтық тәртібінің ерекшелігі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетел заңды тұлғалары мен азаматтарына берудің ерекшеліктері
|
8.
|
5,6,19,20
|
9.
|
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.
|
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібінің түсінігі мен ерекшеліктері.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді пайдалану ерекшеліктері.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерін басқа мақсаттарға (кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық т.б. пайдалану) уақытша пайдалану тәртібі.
|
9
|
13,15,18
|
10.
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер.
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет және қорғау аймақтарының жерілеріне түсінік
Сауықтыру мақсатындағы жерлерге түсінік және олардың ерекшеліктері
|
10
|
7,9,12
|
11
|
Босалқы жерлер мен орман және су қорының жерлерінің құқықтық ерекшеліктері.
|
Босалқы жер құрамы түсінігі, түрлері, құрамы
Босалқы жерлерді беру тәртібі
Орман қорының жерін жердің басқа санаттарына ауыстырудағы шектеулер
Су айдындары жағалауынан су қорғау аймақтары мен белдеулеріне жер бөліп шығару
Су қоры жерінің құрамынан жер учаскелерін беру
|
11
|
11,14,18
|
12.
|
Сервитут туындауының негіздері мен құқықтық реттелу жолдары.
|
Сервитуттың тоқтатылуы негіздері
Сервитутты тіркеудің ерекшеліктері мен жолдары
Уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдары
Жер учаскесіне құқық ауысқан кезде сервитуттың сақталуы
|
12
|
5,7,10
|
13.
|
Жер салығын есептеу мен төлеу мерзімдері.
|
1. Жер салығы және оны төлеушілер
2.Автотұрактар, автомобильге май кұю станциялары және базарлар орналаскан жер учаскелеріне салынатын салык ставкалары
3. Елді мекендердің жерлеріне салынатын салык ставкалары
4.Ерекше корғалатын табиғи аумактардың, орман коры мен су корының жерлеріне салынатын салык ставкалары
|
13
|
13,16,17
|
14.
|
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тәртібі мен ерекшелігі.
|
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тәртібі мен ерекшелігі
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның функциялары
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
|
14
|
19,20,21
|
15
|
Жерге меншік құқығын қорғау және жер пайдалану құқығын кепілге қою.
|
Үйлер бар жер учаскесін немесе сондай жер учаскесіне жер пайдалану құқығын кепілге салу
Жер учаскелерін және жер пайдалану құқығын кепілге салудың тәртібі мен нысаны
Меншік иелеріне немес жер пйдаланушыларға келтірілген шығынды өтеудің негіздері
Шығынды өтеу тәртібі
Жер даулары
|
15
|
10,20,28
|
7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық
Теориялық материалдарды оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық
Практикалық және лабораториялық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулық
А) практикалық (семинар) сабақтары
Ұйымдастырушылық аспектіде қарастырылады:
- студенттердің семинарға дайындығы;
- студенттердің сабаққа қатысуы;
- студенттердің тәртібі.
Семинар сабақтарындағы жұмыс: студенттің семинар сабақтарына қатысуы міндетті,сабаққа қатысқандығы 0,2 балл деп бағаланады, жұмысына бір семинар сабағы қарастырылған. Әрбір студент семестр барысында 2-3 семинарға жауап беру тиіс, жауаптар тақырып бойынша епеп беру ретінде қараралады, 1 балл деп бағаланады («Білімді бағалау кестесі» қараңыз). Студент сабаққа жауап бермеседе семинарға белсенді қатысып отыруы жеткілікті. Семинарға қатысу семинарға даындығын, қоысмша сұрақтарға жауап беру, жауап беруші студенттерге сұрақ қою, тақырып бойынша қызықты фактілерді ұсыну дегенді білдіреді.
№1-семинар.
Тақырыбы: Жер қатынастарын құқықтық реттеудің даму тарихы
Жер заңдарының даму сатыларына жеке сипаттама
Жер қатынастарының даму тенденциялары
Қазақстанның Ресей құрамына кіргенге дейінгі жер қатынастары
Ресей құрамында болған кезеңдегі жер қатынастары.
Кеңестік кезеңдегі жер қатынастары.
Кең түрде әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
№2 семинар
Тақырыбы: Жер құқық қатынастары
Жер құқық қатынастарының түсінігі мен түрлері.
Жер қатынастарының субъектілері мен объектілері
Жер қатынастарының басталу, өзгерту және жойылу негіздері.
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде семинар сабағының барлык сұрактары бойынша конспект кұрастыруы кажет және сабак барысында кыскаша баяндама жасауы тиіс
№3 семинар
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар.
Жерге меншік құқығының субъектілері
Меншік иелерінің және жер учаскесіне басқа да құқығының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Жеке меншік құқығын іске асыру механизмі.
Әдістемелік нұсқау:
семинар – диспут. Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.
№4 семинар
Тақырыбы: Жер пайдалану құқығын жүзеге асырудың тәртібі мен ерекшеліктері.
Жер пайдалану құқығының субъектілері
Жер пайдалану құқығының туындауы, оны табыстау және беру
Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері
Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
Тұрақты жер пайдалану құқығы
Уақытша жер пайдалану құқығы
Әдістемелік нұсқау:
Жазбаша бақылау жұмысы. Жаппай жазбаша сұрау дәріс материалдарына, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.
№5 семинар
Тақырыбы: Жер учаскесіне құқықты табыстау тәртібі.
Жер учаскелесіне құқық және онда орналасқан үйге құқық
Жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану
Ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдалану дағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану тәртібі
Кең түрде әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
№6 семинар.
Тақырыбы: ҚР мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреттеріне сипаттама.
Жергілікіті өкілді органдар мен жергілікіті өзін өзі басқару органдарының құзыреті
Облыстық атқарушы органның құзыреті
Аудандық атқарушы органның құзыреті
Қалалық атқарушы органның құзыреті
Әдістемелік нұсқаулық:
Тереңдетілген сұрақ: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
№7 семинар
Тақырыбы: Жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингісінің құқықтық ерекшеліктері.
Жерге орналастрыуды жүргізу тәртібі
Жерге орналастру процесін жүзеге асыру тәртібі
ҚР аумағын кадастрлық бөлудің реттері
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі
Жер мониторингінің түсінігі мен міндеттері
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Жер кадастры құжаттамасы
Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды қаржыландыру
Әдістемелік нұсқаулық:
Өрбіген әңгіме: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану
№8 семинар
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен елді мекен жерлерінің түсінігі, құрамы.
Өзіндік қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелері түсінігі мен түрлері.
Елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту
Қала маңындағы аймақ
Жекешелендірілген мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының жер учаскесін бөлісу
Әдістемелік нұсқау:
Семинар баяндамаларының жүйесі. Сабақтың құрылу жолы студенттердің баяндамасын тыңдатыру және баяндамашыға топ стденттерінің сұрақ қоюы, баяндама мазмұнына талдау.
№9 семинар
Тақырыбы: Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібінің түсінігі мен ерекшеліктері.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді пайдалану ерекшеліктері.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерін басқа мақсаттарға (кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық т.б. пайдалану) уақытша пайдалану тәртібі.
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде семинар сабағының барлык сұрактары бойынша конспект кұрастыруы кажет және сабак барысында кыскаша баяндама жасауы тиіс
№10 семинар.
Тақырыбы: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет және қорғау аймақтарының жерілеріне түсінік
Сауықтыру мақсатындағы жерлерге түсінік және олардың ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде семинар сабағының барлык сұрактары бойынша конспект кұрастыруы кажет және сабак барысында кыскаша баяндама жасауы тиіс
№11 семинар.
Тақырыбы: Босалқы жерлер мен орман және су қорының жерлерінің құқықтық ерекшеліктері.
Босалқы жер құрамы түсінігі, түрлері, құрамы
Босалқы жерлерді беру тәртібі
Орман қорының жерін жердің басқа санаттарына ауыстырудағы шектеулер
Су айдындары жағалауынан су қорғау аймақтары мен белдеулеріне жер бөліп шығару
Су қоры жерінің құрамынан жер учаскелерін беру
Әдістемелік нұсқаулар:
Кең түрде әңгімелесу. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
№12 семинар.
Тақырыбы: Сервитут туындауының негіздері мен құқықтық реттелу жолдары.
Сервитуттың тоқтатылуы негіздері
Сервитутты тіркеудің ерекшеліктері мен жолдары
Уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдары
Жер учаскесіне құқық ауысқан кезде сервитуттың сақталуы
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде семинар сабағының барлык сұрактары бойынша конспект кұрастыруы кажет және сабак барысында кыскаша баяндама жасауы тиіс
№13 семинар.
Тақырыбы: Жер салығын есептеу мен төлеу мерзімдері.
1. Жер салығы және оны төлеушілер
2.Автотұрактар, автомобильге май кұю станциялары және базарлар орналаскан жер учаскелеріне салынатын салык ставкалары
3. Елді мекендердің жерлеріне салынатын салык ставкалары
4.Ерекше корғалатын табиғи аумактардың, орман коры мен су корының жерлеріне салынатын салык ставкалары
Әдістемелік нұсқаулар:
Кең түрде әңгімелесу. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
№14 семинар.
Тақырыбы: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тәртібі мен ерекшелігі.
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тәртібі мен ерекшелігі
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның функциялары
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде семинар сабағының барлык сұрактары бойынша конспект кұрастыруы кажет және сабак барысында кыскаша баяндама жасауы тиіс
№15 семинар
Тақырыбы: Жерге меншік құқығын қорғау және жер пайдалану құқығын кепілге қою.
Үйлер бар жер учаскесін немесе сондай жер учаскесіне жер пайдалану құқығын кепілге салу
Жер учаскелерін және жер пайдалану құқығын кепілге салудың тәртібі мен нысаны
Меншік иелеріне немес жер пйдаланушыларға келтірілген шығынды өтеудің негіздері
Шығынды өтеу тәртібі
Жер даулары
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде семинар сабағының барлык сұрактары бойынша конспект кұрастыруы кажет және сабак барысында кыскаша баяндама жасауы тиіс
С) студентердің өзіндік жұмысы оқытушының басшылығымен (СӨОЖ)
Осы курс бойынша аптасына 2 СӨОЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңестік және бақылау функцияларын атқарады. СҚОЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барсында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағдайда, СӨОЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша епеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруын пайдаланылады.
СӨОЖ:
Сабақ 2 бөлімнен тұрады: СӨЖ-ді орындау бойынша кеңес және өзіндік жұмысты орындау бойынша епеп беруден тұрады.
Тақырып 1: Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.
Материалды жүйелеу, таблица және кестелерді құрастыруда қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
1. Кесте бойынша сұрақты құрастыру: «Жер қатынастарының даму тарихы, жер нормаларының классификациясы»
Конспект жазу:
1. Жер құқығы қағидалары
2. Жер құқығы қағидаарының жүйесі
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде ожсөж сабағының барлык сұрактары бойынша баяндама дайындауы тиіс
Тақырып 2: Жер құқығының қайнар көздері
1. Жер қатынастарының субъектілері мен объектілеріне кесте құру.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамысының мақсаттары, міндеттері
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.
Материалды жүйелеу, таблица және кестелерді құрастыруда қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
Әдістемелік нұсқаулар:
Кесте құру және кесте бойынша қойылған сұрақтардың байланысын көрсету
Тақырып 3: Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.
Материалды жүйелеу, таблица және кестелерді құрастыруда қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп, талқылау
Тапсырмалар және сұрақтар:
Жерге заттық құқықтар түсінігі
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншігі
Қазақстан Республикасындағы жерге меншік құқығын қорғау (баяндама)
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде ожсөж сабағының барлык сұрактары бойынша баяндама дайындауы тиіс
Тақырып 4: Жер пайдалану құқығын жүзеге асыру.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Тұрақты жер пайдалану құқығы
Уақытша жер пайдалану құқығы
Сервитут түсінігі мен пайда болу негіздері.
Әдістемелік нұсқаулар:
Кесте құру және кесте бойынша қойылған сұрақтардың байланысын көрсету
Тақырып 5: Жер учаскесі – меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде. Жерге ақы төлеу.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдалану дағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану тәртібі
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін мемлекеттік жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қою
Төтенше жағдайлар кезінде жер учаскелерін уақытша алып қою
ҚР заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесі мен жер
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде ожсөж сабағының барлық сұрактары бойынша баяндама дайындауы тиіс
Тақырып 6: Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Аудандық атқарушы органның құзыреті
Қалалық атқарушы органның құзыреті
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл округтер әкімдерінің құзыреті
Әдістемелік нұсқаулар:
Кесте құру және кесте бойынша қойылған сұрақтардың байланысын көрсету
Тақырып 7: Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингінің құқықтық ерекшеліктері.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Жер кадастры құжаттамасы
Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды қаржыландыру
Жер учаскесін тіркеу мақсаты үшін есепке алу
Жерге орналастру процесі
Жерге орналастыруды жүргізу тәртібі
Әдістемелік нұсқаулар:
Кесте құру және кесте бойынша қойылған сұрақтардың байланысын көрсету
Тақырып 8: Жер санаттары және оның түрлеріне құқықтық сипаттама.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер қорлары
Жекешелендірілген мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының жер учаскесін бөлісу
Елді мекен жерлерін пайдалану.
Елді мекен жер учаскелерін беру мен алудың құқықтық тәртібінің ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде ожсөж сабағының барлық сұрактары бойынша баяндама дайындауы тиіс
Тақырып 9: Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Құбыр тасымалы көлігінің жері
Әуе көлігінің жерлері түсінігі
Автомобиль көлiгiнiң жерi
Байланыс және энергетика жері
Қорғаныс қажеттерiне арналған жер
Теңiз және iшкi су көлiгiнiң жерi
Әдістемелік нұсқаулар:
Кесте құру және кесте бойынша қойылған сұрақтардың байланысын көрсету
Тақырып 10: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер түсініг,құрамы, мақсаты, және оларды қорғау мен мемлекеттік бақылаудың ерекшеліктері
Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу және оны резервте қалдыру
Мемлекеттік табиғи қорықтар
Мемлекеттік ұлттық парктер
Мемлекеттік тарихи ескерткіштер
Сауықтыру мақсатындағы жерлер
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде ожсөж сабағының барлық сұрактары бойынша баяндама дайындауы тиіс
Тақырып 11 : Орман және су қорының жерлері түсінігі мен құқықтық ерекшеліктері
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Орман қорының жерін жердің басқа санаттарына ауыстырудағы шектеулер
Су айдындары жағалауынан су қорғау аймақтары мен белдеулеріне жер бөліп шығару
Су қоры жерінің құрамынан жер учаскелерін беру
Орман шаруашылық өндірісіне келген шығынды өтеу тәртібі мен негіздері.
Су қорғау аймақтарының және су белдеулерінің құқықтық жағдайы.
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде ожсөж сабағының барлық сұрактары бойынша баяндама дайындауы тиіс
Тақырып 12: Сервитуттар түсінігі мен мақсаты.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдары
Жер учаскесіне құқық ауысқан кезде сервитуттың сақталуы
ҚР басқа да сервитуттардың түрлерін анықтап, оған кесте құру
Жеке тұлғаның бөтен жер учаскелерінде болу және солар арқылы өту құқығы
Көрші немесе өзге де жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығы
Әдістемелік нұсқаулар:
Кесте құру және кесте бойынша қойылған сұрақтардың байланысын көрсету
Тақырып 13 : Жер салығы.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Елді мекендердің жерлеріне салынатын салык ставкалары
Ерекше корғалатын табиғи аумактардың, орман коры мен су корының жерлеріне салынатын салык ставкалары
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде ожсөж сабағының барлық сұрактары бойынша баяндама дайындауы тиіс
Тақырып14 : Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау тәртібі.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мен жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның функцияларына кестен құру
Әдістемелік нұсқаулар:
Студент ұсынылған әдебиеттер негізінде ожсөж сабағының барлық сұрактары бойынша баяндама дайындауы тиіс
Тақырып 15: Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау мен шығынды өтеу тәртібі.
СӨОЖ мақсаты:
Өткен материалды тереңірек зерделеу (зерттеу) және нығайту;
Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, сұлбалар мен кестелерді құруға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру;
Студенттерді тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ жүргізу нысаны: СӨЖ бойынша кеңес және есеп
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге салуды шектеу.
Әдістемелік нұсқаулар:
Кесте құру және кесте бойынша қойылған сұрақтардың байланысын көрсету
8.КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.
9.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:
пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
кеңес түрлері
бақылау түрлері
бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),
жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),
ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),
виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),
жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),
электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),
лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.
СОӨЖ тақырыптары,мақсаты дәріс,семинар тақырыптарыеа сәйкес келеді.
9.1 Курс бойынша реферат тақырыптары:
Мемлекетік жер кадастрын жүргізуші мемлекеттік органдардың қызметі және осы саладағы заңдарды жетілдіру мәселелері.
жер кадастрының қалыптасу кезеңі
Жер қорын мемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекеттік жер кадастрының алатын орны және рөлі.
Жерге ақы төлеудiң жекелеген түрлерi
Жердi жеке меншiкке немесе пайдалану құқығына беру (сату) үшiн ақы төлеудi құқықтық реттеу мәселелерi
Жер салығының және жер ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң құқықтық мәселелерi
Жердi жалдау ақысын құқықтық реттеу мәселелерi
Бүгінгі таңдағы жер сату мәселелері
Қазақстан Республикасында жерге ақы төлеуді құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді құқықтық реттеу
Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың құқықтық жағдайлары
Жерге меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар
Жерге мемлекеттік меншік құқығының түсінігі
Жерге жеке меншік құқығының түсінігі және оның объектілері мен субъектілері
Мемлекеттік табиғи қорықтар
Мемлекеттік ұлттық парктер
Мемлекеттік тарихи ескерткіштер
Сауықтыру мақсатындағы жерлер
Қазақстанның Ресей құрамына кіргенге дейінгі жер қатынастары
Жер қатынастарын реттеуде сот тәжірибесінің рөлі.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаны және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді пайдалану ерекшеліктері.
Босалқы жерлерді беру тәртібі
Сервитуттар түсінігі
Жер дауларын шешу жолдары
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
10.Оқу, өндірістік сарамандар мен дипломдық жұмыстардың есеб құжаттмасын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.
(бұл пән бойынша практика қарстырылмаған)
11. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау бойынша материалдар
Пән бойынша білімді бағалау кестесі
|
«Қазақстан Республикасының Жер құқығы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
№
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
апта
|
Бағалау түрі
|
апта
|
Жұмысы үшін%
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Жұмысы үшін %
|
барлығы%
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Тақырып бойынша есебі (сем)
|
100%
|
100%
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100%
|
100%
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
СӨЖ
|
100%
|
100%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100%
|
100%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
СОӨЖ
|
100%
|
100%
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100%
|
100%
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
Р1
|
|
100%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Р2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
емтихан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100%
|
|
|
|
|
|
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 100% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 100%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлык
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану кажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинакталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толык орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру кажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оку-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толык көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бакылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бакылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1.ҚР жер құқығының түсінігі.
2.Жер учаскелерін обьектілер құрылысы үшін беру.
3.Жер учаскелеріне жеке меншік құқығының тоқтатылуы.
4.Жер құқығының принципі.
5. Оралмандарға жер учаскелерін беру.
6..Жер пайдалану құқығын тоқтату негіздері.
7.Жер заңдары міндеттері мен мақсаттары.
8.Жерге меншік құқығынын немесе жер пайдалану құқығынын бас тарту.
9.Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
10.ҚР жер қоры 11.Мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелерін сауда саттықта алу. 12.Жер учаскелерін мемлекет қажеттіліктері үшін алып қою. 13.Жерді аймақтарға бөлу. 14.Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін төлеу мерзімін ұзартып сату кезіндегі оларға құқықтар алу. 15.Жер учаскелерін алып қою жолдары. 16.Жер үшін төленетін төлемдер. 17.Жер учаскелерін сатып алу. 18.Жер учаскелерін беру нормалары. 19. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны.
20. Тұрақты жер пайдалану құқығы.
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
21. Сатып алынатын жер учаскесінің бағасы.
22.Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті.
23.Уақытша жер пайдалану құқығы.
24.Жер учаскесін сот шешімі бойынша сатып алу.
25.ҚР Үкіметінің жер қатынастары саласындағы құзыреті.
26.Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы. 27.Төтенше жағдайлар кезінде жер учаскесін уақытша алып қою. 28.ҚР Жер ресурстары жөніндегі орталық уәкілетті органның және оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыреті. 29. ҚР заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін иесінен алып қою. 30. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы. 31.Жерге меншік құқығының түсінігі. 32.Ортақ меншіктегі жер учаскесін пайдалану құқығы. 33.Жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау. 34.Жерге меншік құқығының түрлері. 35.Кейінгі жер пайдалану құқығы. 36.Тарихи мәдени мақсаттағы жерлер түсінігі 37.Жерге меншік құқығының туындауы.
38.жер учаскелеріне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану.
39.Жер даулары.
40.жерге меншік құқығының түрлері қандай. 41.Ортақ меншіктегі жер учаскесін пайдалану құқығы. 42.Жер даулары. 43.Жерге мемлекеттік меншік құқығы.
44.Сервитут түсінігі.
45.Жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық.
46.Жер пайдалану құқығының түснігі, режимі.
47.Жер учаскелеріне ерлі зайыптылардың ортақ меншігі. 48.Жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау. 49.Жер пайдалану құқығының түрлері.
50.Сервитуттың туындау негіздері.
51.Меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығынды өтеудің негіздері.
Тестілік материалдар
1. Жер учаскесіне ,тұрақты немесе уақытша жер пйдалану құқығын жоғалтқан су пайдаланушылар кооперативінің мүшесі.
А) басқа кооперативке ауысады
Б) мүшелік жарнасын төлеген жағдайда осы кооперативке қалады
В) су пайдалануды жүзеге асырған жағдайда осы кооперативке қалады.
Г) осы кооперативтегі мүшелігін тоқтатады
2. Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі мүшесінің жер учаскесіне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығывн жоғалтуына байланысты су пйдаланушылар кооперативіндегі мүшеліктің тоқтатылуы рәсімделеді.
А) рәсімделуге жатқызылмайды.
Б) кооперативтің мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен
В) жергілікті тақарушы органның шешімімен
Г) су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі атқарушы органның шешімімен
3 . Жер учаскесіне, тұрақты немесе уақытша жер пайдаланушылар құқығын жоғалтуына байланысты мүшелігін тоқтатқан су пайдаланушылар кооперативінің мүшесі
А) су пайдаланушылар кооперативінің мүлкіндегі оның барабар су ресурстарын қорғаудың қатысуының өлшеміне сәйкес бөлініп беріледі.
Б) су пайдаланушылар кооперативінің мүлкіндегі оның мүліктік жарнасына барабар үлес бөлініп берілмейді
В) су пайдаланушылар кооперативінің мүлкіндегі оның бұрынғы жер учаскесін барабар өлшеміне бөлініп беріледі
Г) су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативінің мүлкіндегі оның мүліктік жарнасына барабар үлес бөлініп беріледі.
4 .Су пайдалану учаскесін құру туралы шешім қабылданады
А)су пайдаланушылардың белсенді тобымен
Б) жергілікті өкілді органмен
В)уәкілетті мемлекеттік органмен
Г)су пйдаланушылардың селолық тұтыну кооперативінің жалпы жиналысында қабылданады.
5. Бір гидрометрлік құрылыспен немесе жабдықпен суландырылатын, суарылатын және құрғатылатын ауылшаруашылығы мақсатындағы жер
А)құнарлы жер
Б)суару жерлері
В)пайдалануға қолайлы жер
Г)жүктелген аумақ
6. Су пайдаланушылар селолық тұтыну кооперативі қызметінің негізі болып
А) суды қорғау және тазалау
Қалдық суларды тастауды жүзеге асыру
Жерді суаруды жүзеге асыру
Гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықьарды оларды игеруді басқару.
7. Шаруа қожалығының субъектілері
А) кез келген тұлғалар
Б) кез келген заңды тұлғалар
В) жеке және заңды тұлғалар
Г) заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тек жеке тұлғалар.
8. Шаруа қожалығының мүшелері болып табылмайды.
А) ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін пайшылар
Б) ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін ата аналар
В) ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін басқа да жақын туыстар
Г) ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін өзге де жақын туыстары
12. ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫН ПРОГРАММАЛЫҚ, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЖҮРГІЗУ
Осы пән бойынша мультимедиялық құралдар жоқ.
13. Мамандандырылған кабинеттер мен лабораториялар тізімі қарастырылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |